ZOOM ПЛАТФОРМАСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында қоғам дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген белсенді жастар қатарының артқандығын алға тартқан болатын.

Осы орайда, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйықты болуымен «Zoom» платформасында «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі мен өңірлік «Қоғамдық келісім» мекемелерінің жұмысы турасында онлайн кездесу өткізілді.

Жиынды республикалық «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің директоры Элина Масагутова жүргізді. Аталған кездесуге облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері және «Ассамблея жастары» РҚБ төраға орынбасары, бірлестіктің өңірдегі жетекшісі Хамида Турдыева да қатысты.

Онлайн режимде өткен басқосуда «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев жастарды қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту жөніндегі қызметке тарту жайы, ҚХА бастамалары мен жастар жобаларын қолдау тапсырмасын іске асыру мәселелері барысында ой қозғады.