Таразда Көптарапты меморандумға қол қойылды

Үстіміздегі жылдың  28 қыркүйегінде Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі қарсаңында Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық  мемлекеттік мекемесінде, аталмыш мекеменің ұйымдастыруымен облыстық  ҚХА «Жаңғыру жолы» республикалық жастар  қозғалысының өңірлік штабы мен жастар басқармасы  және  жастары ұйымдарымен  бірлік пен келісімді дамыту мақсатында өзара ынтымақтастық туралы МЕМОРАНДУМҒА қол қойылды.

Іс-шараның мақсаты – қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға бағытталған  жұмыстарды бірлесе іске асыру және жастардың ынтымақтастығын дамыту, нығайту.

Көптарапты меморандумға Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы  «Jas Otan»  ЖҚ, Жамбыл облысы «Жас ұлан» республикалық балалар-жасөспірімдер ұйымы қоғамдық бірлестігі басшылары, Жамбыл облыстық ҚХА «Жаңғыру Жолы»  жастар қозғалысы  өңірлік штабының және аймақтық ассмаблея жастары, еріктілері, колледж, орта оқу орындары білімгерлері, облыстық БАҚ өкілдері атсалысты. Сонымен бірге, аталмыш шараға тараптардан  – М.Х. Дулати атындағы  Тараз өңірлік университетінің проректоры, экономика      ғылымдарының  докторы –  Ержан Әмірбекұлы, Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы  – Берікқожа Серікбол Қайратұлы, Нұр Отан партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Жас Отан ЖҚ-ның төрағасы – Уәли Болатбек Уәлиұлы,  Жамбыл облысы «Жас ұлан» республикалық балалар-жасөспірімдер  ұйымы қоғамдық бірлестігінің төрайымы – Алебаева Айжан Ортайқызы, сондай-ақ, облыс әкімдігінің ішкі саясат басқарамасының  «Қоғамдық келісім» КММ  басшысы – Мамедова Парида Иманжановна қатысты.

Парида Иманжанқызы өз кезегінде: – Жамбыл өңірі жастарының өзара ынтымақтастығының бірлескен тиімді жұмысын қамтамасыз ету және этносаралық қатынастар арасындағы байланысты орнату ниетіндегі    бірнеше тараптық ынтымақтастық меморандумы  сіздер мен біздер үшін  үлкен бастама. Өңіріміздегі бірлік пен татулықты, қоғамдық пен келісімді нығайтуға бағытталған түрлі іс-шараларды бірлесе атқарайық, – деп,  көпжақты байланысты нығайтып, идеяларды молайтып, бірлесе жұмыс жасауға дайын  екендігін назарға салса, ал, қол қоюшы тараптар да алдағы жоспарланған игілікті шаралар өз нәтижесін беретіндігіне: – Бұл ынтымақтастықтың аясында түрлі шараларды өткізіп, өзіміздің жинаған тәжірибелерімізді алмасып тұрамыз. Біз бірлескен зерттеу, талдау, ғылыми жұмыстарды жүргізе аламыз!- деп сенім білдірді.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығының

 баспасөз хатшысы Бибігүл Шахзада

Жұмыс кездесуі өтті

Үстіміздегі жылдың  қыркүйек айында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Латиф Айдаровтың Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлерімен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында Жамбыл облысы ҚХА жастарын кәсіпкерлік қызметке тарту мәселелері талқыланды және жуық арада осыған орай, жұмыс жоспары белгіленетіндігі сөз болды.

Аталмыш жиынның нәтижесінде кездесу «Бизнестің жол картасы-2025» жобасы аясында өз кәсібін ашқысы келетін облыстық ассамблея жастары және «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының өкілдерімен жалғасты.  Жиында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Латиф Айдаров  облысымыздың болашақ жас кәсіпкерлеріне бизнестің қыр-сырлары туралы керекті мағлұматтар берді.

Жастар бизнесті бастау, туындайтын қиыншылдықтарға төтеп беру, маркетинг, мемлекеттік грант ұтып алу, бизнес жобаны жасау, әрі қорғап шығу деген сауалдарына құнды жауаптар алды.

 Жамбыл облысы әкімдігінің

ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Бейбітшілік пен тұрақтылық – тәуелсіздігіміздің негізі

Ұлтаралық татулық пен келісімді сақтау және нығайту бағыты мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып қала береді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап қоғамда бейбітшілік пен келісімді сақтау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Біздің еліміз үшін әр түрлі тарихи оқиғаларға байланысты қалыптасқан халықтың бұл этникалық құрамын ескере отырып, бірнеше ондаған түрлі діндерді ұстанатын жас республиканың аумағында 140-тан астам ұлт өкілдерінің бейбітшілігі мен  тұрақтылығын сақтап отыру объективті қажеттілік болды. Осыған қатысты үстіміздегі жылдың 23 қыркүйегінде  Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай, Тараз қаласындағы №30-мектеп-гимназиясының 4 «Е» сынып оқушылары «Бейбітшілік пен тұрақтылық – тәуелсіздігіміздің  негізі» тақырыбында Достық үйіне  танымдық саяхат жасады.

Экскурсияның мақсаты – болашақ жас ұрпақтың өз еліне деген мақтанышы арқылы қазақстандық патриотизмге, белсенді өмірлік ұстанымына тәрбиелеу, оқушылардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, оларды  ортақ Отанымызда тұратын түрлі ұлттарға құрмет көрсетуге, қоғамда достық қарым-қатынас пен келісімді сақтауға баулу.

Осыған сәйкес алыстан мен мұндалап тұратын достық пен бірліктің символы – «Достық үйі» мен татулық пен тыныштықтың нышаны – бірегей «Ассамблея» тақырыбына терең қызығушылық танытқан №30-мектеп-гимназиясының жеткіншектері күмбезді ғимаратқа зор қуанышпен қадам жасады. Оларды Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Қоғамдық келісім» КММ, әрі Достық үйінің басшысы Парида Мамедованың өзі және көрме залының меңгерушісі Вера Майкович, сондай-ақ, Баспасөз қызметінің баспасөз хатшысы Бибігүл Шахзада қарсы алды. Кішкентай қонақтарды Достық үйінің үшінші қабатында орналасқан дөңгелек үстелге жайғастыру барысында Парида Иманжанқызы осы жердегі әрбір орындықтың өзіндік тарихы бар екенін атап өтті: -«Сендер отырған осы орындықтарда Елбасымыз — Нұрсұлтан Назарбаев, дипломат, елші — Мұрат Әуезов т.б. елімізге танымал көптеген ірі тұлғалар отырған. Сендердің де сол ағаларымыз секілді мықты қайраткерлер, өз елінің жанашыр азаматтары болуларыңа зор тілектеспін. Сендер соған сай сабақтарыңды жақсы оқып, еліміздің көркем мінезді дұрыс азаматтары боп өсіңдер!» –ыстық ықыласын білдіре келе, аталмыш мектеп-гимназиясына облыстық ассамблея жөніндегі жаңа шығарылым мен балаларға түрлі ұлттардың тілінде жазылған ертегілер жинағын сыйға тартты. Осыған қоса, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасымыздың әділетті саясаты мен жобалары арқылы Қазақстанның  ірі жетістіктерге жеткендігіне де біраз шолу жасалды.

Бұдан соң, Вера Андреевна жас жеткіншектерге қоғамдық келісім қызметінің қыр-сыры мен облысымызда тұратын түрлі этнос өкілдері туралы айтып берді, оқушыларды олардың салт-дәстүрлерімен, әдет-ғұрпымен таныстырды.   Сонымен қатар, оқушылар үшін  Қазақстан Республикасы рәміздері мен ел тәуелсіздігі жөнінде  танымдық сағат ұйымдастырылып, оқушылар ҚР тәуелсіздігінің 30-жылдығы мерекесі қарсаңында Қадыр Мырзалиев, Олжас Сүлейменов, Мұқағали Мақатаев сынды танымал ақын-жазушылардың өлеңдерін  патриоттық сезіммен мәнерлеп оқып шықты.

Сондай-ақ, В.Майкович оқушыларды көрме залымен, ондағы әр этностың ұлттық құндылықтарымен, этномәдени бірлестіктердің кеңселері, олардың қызметімен таныстырды. Осыған байланысты қонақтар Достық үйінде орналасқан Махмұд Қашқари атындағы облыстық Ұйғыр этномәдени орталығында болды. Оларға ұйғыр халқының ұлттық киімдері мен аспаптары, жетістіктері мен марапаттары таныстырылды. Сонымен қатар, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының төрайымы – Хамида Тұрдыева облыстық ассамблеяның жастар қанатының іс-қимылдары жөнінен де шараға қатысушыларды хабардар етті. Бұған қоса, мектеп оқушыларына елімізге еңбек сіңірген этномәдени бірлестіктер өкілдерінің облыстық ассамблеяның арнайы Құрмет тақтасына орналастырылған фотосуреттері көрсетіліп, айналысатын жұмыстары туралы мағлұмат берілді.

Бұдан соң баспасөз хатшысы Б.Шахзаданың ұйымдастыруымен ассамблея дегеніміз не, оның атқаратын міндеті қандай, ассамблеяға кімдер мүше бола алады, этнос, депортация, этномәдени бірлестік дегеніміз не деген сауалдар төңірегінде оқушылар арасында өз деңгейлеріне қарай кішігірім викторина өткізілді. Онда әртүрлі этникалық топтардың  арасындағы татулық, достық қарым-қатынас мәселелері қозғалып, олардың басты идеясы – адамдарды терісінің түсі немесе көзінің қиығы бойынша нәсілге, ұлтқа  бөлудің дұрыс еместігі сөз болды. Тағдырдың жазуымен қазақ жеріне келген адамдар туралы әңгімелерге үлкен қызығушылық танытқан олар Қазақстан этностарының дәстүрлері мен мәдениеті туралы білімдерімен де бөлісті. Балалар ассамблея жөнінде осы күнгі алған мәліметтері негізінде пысықтау ретінде қойылған әрбір сұраққа зор ынтамен жауап беріп, пікір алмасты. Іс-шара барысында ең белсенді оқушыларға Достық үйінің атынан кішігірім сыйлықтар табыс етілді. Викторинаның барлық қатысушыларына естелікке ҚХА логотипі бар төс белгішелер таратылды.

– «Бүгінде Қазақстандағы 140 этностың өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүруде. Мұның бәрі тәуелсіз елдегі барлық ұлттардың мүдделерін қолдай отырып, бірегей бірлестік – Қазақстан халқы Ассамблеясын құрған ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың арқасында деп санаймын. Достық үйінің қызметкерлері бізді өте жылы қарсы алды. Біздің оқушылар облыстық ассамблеяның қызметі мен құрылымы, өткізілетін мерекелері жөнінде көптеген қызықты және пайдалы ақпарат алды. Жылы қабылдағандарыңызға үлкен рахмет!» – деп Достық үйінің басшылығы мен мамандарына қонақжайлылығы мен қызықты бағдарламасы үшін алғыс білдірді бастауыш сынып мұғалімі Әлия Таңжарықызы.

Қызықтырған сұрақтарына  толыққанды жауап алып, өздеріне бір тың дүние ашып, «ассамблея», «достық үйі» ұғымдарынан хабардар боп шыққан балақайлар қуаныштан жүздері бал-бұл жанып, «Достық» ордасынан әсерлі көңіл-күймен шықты.

Танымдық экскурсияның соңы фотосесиямен аяқталды.

Жамбыл облысы әкімдігінің

ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

 

«Мың бала»

Жамбыл облысы Талас ауданының Қасқабұлақ орта мектебінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобаны өткізудің тұжырымдамасы бойынша, үстіміздегі жылдың 20-22 қыркүйек күндері аралығында  аудандық Күрді этносы өкілдері (оқушылар) арасында мемлекеттік тілді меңгеру, қазақ халқының ұлттық рухани құндылықтарына баулу, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті дамыту мақсатында «Тәуелсіздік – тірегім» тақырыбында эссе жазу конкурсын ұйымдастырылды.

Өзі тұрып жатқан мемлекеттің ұлттық құндылықтарының бірі – қазақ тілін ерекше ынта-ықыласпен оқып, еркін меңгеріп жүрген күрді балақайларына тіл үйрену ешқандай  қиындық туғызбады. Мемлекеттік тілді меңгерем деуші өзге ұлт өкілдерінің қатары көбейе берсін!

Жамбыл облысы әкімдігінің

ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз орталығы

Жұмыс кездесуі өтті

Бүгін, үстіміздегі жылдың 22 қыркүйегінде облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Латиф Айдаровтың Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ бөлім басшыларымен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында Жамбыл облысы ҚХА жастарын кәсіпкерлік қызметке тарту мәселелері талқыланды және жуық арада осыған орай, жұмыс жоспары белгіленетіндігі сөз болды.

 Жамбыл облысы әкімдігінің

ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Тараз қаласында «Этносаяси сауаттылық және этномедиация негіздері» атты республикалық семинар-тренинг өтті

Үстіміздегі жылдың 16-17 қыркүйегінде Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Этносаяси сауаттылық және этномедиация негіздері» тақырыбында республикалық семинар-тренинг өтті.

Семинардың ұйымдастырушысы  Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты» болып табылады.

Іс-шараға аудандық прокурорлар мен олардың орынбасарлары, АПБ басшыларының  орынбасарлары, сондай-ақ Жамбыл, Алматы және Түркістан облыстарының аудандық ішкі саясат бөлімдерінің басшылары және Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы және «Қоғамдық келісім» КММ  басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ,  республикалық, облыстық, аудандық БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – этносаяси сауаттылықты арттыру,  этносаралық оқиғаларды қате түсіндіру салдарын түсіндіру.

Семинар-тренингтің ашылу салтанатында этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Айбек Жақсыбаев этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитеттің қызметі және өңірлермен өзара іс-қимыл тәртібі туралы айтып берді.  Сондай – ақ, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары –  Дәулет Жамаубайұлы Кәрібек,  «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының» директоры – Талғат Бегімұлы Қалиев, Жамбыл облысының прокуроры – Нұрғалым Мәжитұлы Әбдіров, Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы – Жанат Қуанышұлы Сүлейменовтер де құттықтау сөз сөйлеп, семинар өткізушілер мен қатысушыларға  біліктілікті жоғарылатуда сәттілік тіледі. Бұған қоса, Жамбыл облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров та аталған іс-шараның қатысушыларға  этносаралық қарым-қатынас саласында жаңа мүмкіндіктер мен технологияларды тиімді пайдалануды үйренуге, тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Іс-шара бағдарламасына нақты кейстерді талдау және себеп-салдар байланыстарын көрсету жөніндегі біршама дәрістер топтамасы кірді.     Бағдарлама аясындағы өзекті мәселелер бойынша «Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің қызметі және өңірлермен өзара байланысы туралы», «Конфликтология мен этномедиацияның базалық негіздері», «Көпшілік алдында сөйлеу дағдылары», оның ішінде    «Жария риторика дағдылары», «Ақпараттық және медиалық сауаттылық», «Ақпараттық кеңістіктегі этносаралық қатынастар», «Қазақстан этностық топтары өзара қарым-қатынасының әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері және басқалар» тақырыптарында «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының» директоры Талғат Қалиев, этносаралық талдау Департаментінің жетекші менеджері Күдеринов Әлемхан тарапынан спикерлер ретінде дәрістер  оқылды. Ал «Этносаралық қатынастар саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету бойынша прокуратура органдарының қадағалау қызметінің нәтижелері туралы» спикер, облыс прокурорының көмекшісі, қоғамдық-саяси жағдайды қамтамасыз ету және терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы топтың  жетекшісі Асқар Дастан – сөз сөйледі.

Сонымен бірге, қатысушылардың семинар-тренингте  алған білімдері мен дағдыларын бекіту негізінде жоспарланған «Ақпараттық және медиа сауаттылық. Ақпараттық кеңістіктегі этносаралық қатынастар»,  «Қазақстанның этностық топтары арасындағы өзара қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері», «Жанжалдың ақпараттық компоненті. Дұшпандық тілі», т.б. дәрістері бойынша аталмыш институттың бас менеджері Узарова Луиза және әдістемелік департаментінің  менеджері  Трегубова Виктория тренерлер ретінде  бірқатар практикалық сабақтар өткізді.

Екі күндік семинар соңында «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының» директоры Талғат Қалиев және «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Парида Мамедова семинар қатысушыларына ұсынылған тақырыпқа белсенді қатысқаны үшін, сондай-ақ, пікірлері мен ұсыныстары үшін алғыстарын білдірді.

 Жамбыл облысы әкімдігінің

ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығының

баспасөз хатшысы Бибігүл Шахзада

 

Түрлі этнос өкілдері арасында «Поэзия минуттары» ұйымдастырылды

Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы өңірдегі интеркультурализм қағидаттарын ілгерілету, оның  ұстанымдарын насихаттау мақсатында және Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, түрлі этнос өкілдерінің жастары арасында ұлы ақын Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Абай – дана, Абай – дара қазақта» Поэзия минуттарын өткізді.

Поэзия минуттарын өткізудегі мақсат – танымал ақындардың өмірінен мағлұмат беру, өлеңдерін мәнерлеп оқу, ақындар поэзиясының халыққа кең таралауына және оның шығармаларының сыры неде екенін таныту, ақындар өлеңдерін оқи отырып, адамгершілікке, шындықты айта білуге, адалдыққа, өлеңнен жақсы әсер ала білуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу,  оқырмандардың шығармашылық қабілеттерін дамыта түсу.

Ерекше форматта өткен поэзия кешіне орыс, өзбек, түрік, түрікмен, әзірбайжан, ұйғыр этномәдени бірлестік өкілдерінің жастары қатысып, ұлы ақынның шығармаларын өз ана тілдерінде жатқа оқыды.

Іс-шараға қатысушы облыстық «Jambyl tv» телеарнасының қызметкері,      Өскеменде өткен Абайдың 175  жылдық  мерейтойына орай ұйымдастырылған этнос жастары арасындағы «Абай оқулары» республикалық байқауының 1-орын иегері, облыстық Ұйғыр этномәдени бірлестігінің өкілі  Мухаббат Алеханова поэзия кешіне:  «Жастардың ұлттық поэзияны құрметтеуі, оның ішінде Абай шығармашылығына деген қызығушылықтары мен өлеңдерін өз ана тілдерінде мәнерлеп оқуы мені қатты таңырқатып отыр. Өзге тілдерде ақын шығармаларын тыңдау  сондайлық қызық болды. Мемлекеттік тілді тез меңгерген маған, өзімнен кіші жастардың қазақ тілін білуге деген құштарлығымен қоса, өз ана тілдеріне деген құрметі мені өздеріне тәнті етпей қоймады. Таразда осындай жастардың өсіп-өркендеп келе жатқанына іштей риза болып, кеудемді қуаныш кернеді»,- деп өзінің ыстық ықыласын білдірді.

Айта кету керек, поэзия минутына көптеген байқауда бақ сынап, мемлекеттік тілдің мәртебесін биіктетіп жүрген жастар қатысты.

Әсерлі поэзиялық кеш соңы фотосессиямен аяқталды.

Жамбыл облысы әкімдігінің

ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

«ANTIKOR ORTALYGY» этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесу өткізді

Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында қалалық «Antikor» қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы  Достық үйінде этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесу өтті.

Атап айтқанда, «Парасат жолы» республикалық жобасының негізінде және  парасаттылық құндылықтарын насихаттау мақсатында, сонымен бірге бекітілген кешенді жоспар аясында өткен жиынға  облысымыздың қырғыз, татар, тәжік, грек, күрді этномәдени бірлестік жетекшілері мен мүшелері  қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – парасаттылық құндылықтарын ел ішінде кең көлемде насихаттау арқылы ел азаматтарының бойына адалдық қасиеттерін дәріптеу және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу.
Қатысушыларға парасаттылық – ашық, әрі адал қоғамды қалыптастыруға негіз болатын құнды қасиет екені жеткізіліп, атадан қалған асыл құндылықтарды дәріптеу арқылы әлеуметтік кесел «парақорлықтың» алдын алу–бүгінгі күннің басты талабы екені де аталып өтті.
Кездесуде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл орталығы департаментінің «Алдын алу және парасаттылық» басқармасының бас маманы Айбек Итқараұлы Әжібаев сыбайлас жемқорлықпен күресте бірқатар халықаралық тәжірибемен бөлісіп, нақты мысалдармен, мазмұнды баяндама жасады.

Сондай-ақ, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Парида Иманжанқызы Мамедова да      қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар беруге өз үлесін қосты. Жемқорлыққа қарсы ұйымдастырылып жатқан барлық республикалық акциялардың  маңыздылығын тілге дәйек етіп, аталмыш іс-шараның жастар үшін маңыздылығын атап өтті.

Жиын барысында қоғамда адалдық, әділдік, парасаттылық құндылықтарын қалыптастырудың маңыздылығы туралы айтылуымен қоса, «Antikor» орталығы тарапынан бейнеролик көрсетілімі ұйымдастырылды.

Сұрақ-жауаппен өткен кездесу соңында бірқатар белсенді этномәдени бірлестік өкілері мен жастары «жемқорлық» атты қоғамдық індетке қарсы тұруда өте сауатты ұсыныстарымен, тың идеяларымен бөлісті.

Жамбыл облысы әкімдігінің

ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Біз соғыссыз әлемді қолдаймыз!

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың АҚШ-тың Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV саммитте жариялаған «Әлем. XXI ғасыр» манифесін ілгерілетуді қамтамасыз ету негізінде ең алғаш Қазақстан халқы Ассамблеясы осы «Ақ oрамал» республикалық акциясын өткізуге бастама жасаған болатын. Осылайша, қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрін жаңғырту  және бейбітшілікті қолдау мақсатында «Ақ орамал» акциясы пайда болды.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың қоғамның барлық мүшесінің және әрбір азаматының бейбітшілік пен тұрақтылықтың сақталуына бірдей жауапкершілігін сезінуі,  жаппай қырып-жоятын ядролық және басқа да қару-жарақ түрлерінен бас тарту, баянды бейбітшілік әлемін қалыптастыру, өмірлік іс-әрекет  әдісі ретінде соғыс атаулыны түбірімен жою сияқты  ұсыныстарын іске асыруға  бағытталып, қайта жаңғырып жатқан бұл іс-шараға негізгі қатысушылар Ассамблея жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері, этномәдени бірлестік өкілдері, жас аналар мен жас жұбайлардан тұрады. 

    Акция неге «ақ орамал» деп аталады? Себебі,  ақ орамалдың қазақ тарихында философиялық мағынасы тереңде жатыр. Мәселен, әйел ана басындағы орамалын шешіп, жауласушылардың ортасына тастау арқылы жанжалды тоқтата алған.  «Қазақфильм» студиясы түсірген «Қыз Жібек» фильмі естеріңізде ме?! Өзінің ғашығы Төлеген мен жоңғарға қарсы күресте батыр атанған Бекежанның арасындағы жанжалды тарқату үшін араша боп Жібек-қыз ақ орамалын найзаға байлап, екі батырды бір мәмлеге шақырған болатын.

    Акцияның нақты басты мақсаты – елдің барша азаматтарын «Ақ орамал» акциясына қатыстыру арқылы олардың этносына, әлеуметтік, діни және басқа да ерекшеліктеріне қарамай, бейбітшілік идеясы аясына шоғырландыру. Сондай-ақ, халқымыздың ежелгі дәстүрі – татуластыру салтын жаңғырту.

Осыған орай, ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап, күні бүгінге дейін «Біз соғыссыз әлемді қолдаймыз!» деген тақырыппен облысымыздың Жамбыл, Қордай, Шу, Талас, Мойынқұм, Жуалы аудандарында және олардың ауылдық округтерінде аталмыш іс-шара ойдағыдай өткізілді. Жас жұбайларға, жастарға үлгілі тәлім-тәрбие беру мен келер ұрпаққа ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу мақсатында жарияланған акция аудандарда жоғары дәрежеде өтті. Әр аудандағы, тіпті шалғай жатқан ауылдарындағы жас отбасылары мен батыр аналарға ақ ормалдар тарту етіліп, бейбітшілік пен тұрақтылық әспеттелді. Қай ауданды алып қарасақ та, бейбіт бастамаларды қолдап, әйелдер қауымы ақ ниеттің символы ретінде ақ орамалды ерекше қастерлеуді өсиет етіп, өскелең ұрпаққа әлем тыныштығы жайлы ойлары мен тәлім-тәрбиелерін ортаға салды.

Сонымен бірге, акция аясында отбасылы жұптар мен перзентханада жатқан аналарға ақ орамал тағылды. Акцияға қатысушы қала және аудан аналары «21 ғасыр  – бейбітшілік ғасыры. Өміріміз тек қана бейбітшілікпен үндесуі қажет, соғысқа, лаңкестікке қарсымыз, біз балаларымыздың болашағына жауаптымыз, сондықтан оларды соғыс туралы ештеңе білмейтіндей етіп, тәрбиелейміз!» деген ұранды ұстанды.

Мәселен, осы акцияға қатысты Қордай ауданында жалпыадамзаттық құндылықтарды, ортақ тарихи сананы нығайтуға және Қазақстандағы барлық этностардың тарихи-мәдени мұрасын сақтау мен дамытуға бағытталған іс-шара ұйымдастырылса, Жамбыл ауданында  «Ақ орамал» акциясына арқау болған «Жер – бейбітшілік планетасы», «ядролық, химиялық, биологиялық немесе кез-келген басқа да қарусыз әлем үшін», «біз лаңкестікке қарсымыз», «адамзаттың санасында соғыс жойылсын», «соғыстар мен қақтығыстар вирусы жойылсын!», «болашақ ұрпақтың жүрегінде тек ізгілік болсын!» тәрізді тақырыптардың рухани және терең философиялық мәні түсіндірілді. Сондай-ақ, Шу ауданында жалпықазақстандық бірегейлікті нығайтудың маңыздылығы әспеттелсе,  Талас ауданында соғыс батырларына, қуғын-сүргін және ашаршылықтан зардап шеккендерге, лаңкестік құрбандарына қойылған ескерткіштерге тағзым ету дәріптелді. Бұған қоса, Жуалы, Мойынқұм аудандарында  отбасылық мерекелер (некені тіркеу, отбасылық алтын және күміс тойлар, сәбиді перзентханадан шығару және т.б.) кезінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл тұрғыда елімізге танымал және облысымыздың беткеұстар аналары, Ұлы Отан соғысының батыры Бауыржан Момышұлының келіні – Зейнеп Ахметова, қазақ тілінің жанашыры Асылы Османқызы, облыс ақыны Үміт Битенова, сондай-ақ, Аналар кеңесінің белсенді мүшелерінің ізгі істері паш етіліп,  жалпыұлттық дүниетанымдық құндылықтар мен жалпықазақстандық бірегейлікті нығайтудың маңыздылығы да сөз болды.

Облыстық ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Мухаббат Миражапованың айтуынша, ақ түс – пәктіктің белгісі, адамның ойы мен жан-дүниесінің кіршіксіз тазалығын білдіреді. Абыройдың, ізгіліктің, аманатқа адалдықтың белгісі. – Біз балаларымыз бен немерелеріміздің болашағы туралы ойлауға тиіспіз. Өткен ғасырлардың қасіретті қателіктерін қайталауға жол бермей, әлемді соғыс қатерінен түпкілікті арылту үшін бүкіл әлем үкіметтерінің, саясаткерлерінің, ғалымдарының, бизнесмендерінің, өнер қайраткерлерінің және миллиондаған адамдарының күш-жігерін жұмылдыру қажет. Іс-әрекетсіз отыру немесе бітімгершілік қызметпен айналысқан кейіп көрсету әлемдік апатпен барабар. Адамзатты ажал сепкен соғыс қатерінен мүлде арылту үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Біз үшін қазір және таяу болашақта бұдан көкейкесті міндет жоқ,– деп кеңес басшысы өз ойын білдірді.

Жамбыл облысы әкімдігінің

ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Сарыкемерде Ел Президенті Жолдауы талқыланды

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Жамбыл облысы Сарыкемер ауылындағы Қоғамдық келісім орталығы ғимаратында Байзақ аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Серік Ермековтің ұйымдастыруымен Мемлекет басшысының 2021 жылғы 01 қыркүйектегі Жолдауын түсіндіру бойынша этномәдени орталық жетекшілері және аудандық Ардагерлер кеңесінің мүшелерімен кездесу өтті.

Кездесу барысында Ел Президенті Жолдауын талқылауға өзге этнос өкілдері де қатысып өз ойларын ортаға салды.  Мәселен, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің жетекшісі Мехия Раджамов өз ойымен былай деп бөлісті: – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар-ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын теледидардан көріп, мұқият тыңдадық.

Жолдауда тәуелсіз еліміздің қол жеткізген жетістіктері мен алда тұрған басты міндеттер нақтыланып, ең бастысы – ел бірлігін сақтау, бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштықты нығайтуға үлес қосудың маңызына екпін салынған. Сонымен қатар елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын іске асыру, халықтың әл-ауқатын жақсартудың тетіктері айтылған. Елдің бірлігі бәрінен маңызды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Мықты мемлекет болу үшін ұлттың ұйыса білуі айрықша маңызды. Шын мәнінде, Ұйымдасқан ұтады. «Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді»,- деп халқымыз бекер айтпаған.Біздің күш-қуатымыз – берекелі бірлікте!- деп сөзін түйіндеді.

Жиын соңында Ардагерлер кеңесі мүшелері мен этномәдени бірлестіктер өкілдері халықтың табысын арттырып, әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған Жолдауда көрсетілген міндеттерді біртұтас қоғам болып, бірге орындалатындығын талқылап, алдағы уақытта Жолдауға сай бірігіп жасалатын жұмыстарды жоспарлап,  бірауыздан ортақ тілекпен тарқасты.

Жамбыл облысы әкімдігінің

ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз орталығы

Page 1 of 4
1 2 3 4