«Мың бала» республикалық мәдени – ағарту жобасының облыстық кезеңі өткізілді

Ағымдағы жылдың қараша айында Тараз қаласының Достық үйінде Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ және облыс әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен «Мың бала» республикалық мәдени – ағарту жобасының облыстық кезеңі өткізілді.

Жобаның басты мақсаты мемлекеттік тілді үйрету арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту және қазақ әліпбиінің латын графикасын дамыту.

Іс-шараға әр номинация бойынша барлығы 14 үміткер қатысты. «Мың бала» жобасы «Тіл мектебі», «Асыл сөз» мектебі, «Тиімді тілдік орта» ойын алаңы, Әлеуметтік желілерде «Abaıdyń 175 jyldyǵy» сынды 4 бағдарлама бойынша ұйымдастырылды.

Байқаудың қорытындысы бойынша «Тіл мектебі» қазақ тілін оқытудың авторлық бағдарламалары номинациясы бойынша Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – Аманбаева Айжан Шакировна І – орын, Қордай ауданы, №1 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – Макашева Айсулу Қасембайқызы мен Тараз қаласы, №24 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі- Абильдаева Бекзат Нуркеримовна ІІ – орын, Жамбыл ауданы, Шайқорық орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – Сапарбаева Нұршакүл Cерғазықызы ІІІ – орын иеленді.

«Асыл сөз» мектебі шешендік өнерге баулу номинациясы бойынша Сарысу ауданы, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы – Фахрутдинова Алсу Данировна І – орын, Тараз қаласы, № 34 орта мектебінің 6 сынып оқушысы – Даутова Сафия Сайфутдиновна ІІ-орын алса, Тараз қаласы,Үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептің 11 сынып оқушысы – Идрисова Анеля алғысхатпен марапатталды.

«Тиімді тілдік орта» ойын алаңы номинациясы бойынша Меркі ауданы №44 ЖББМ 7 сынып оқушысы – Забитов Хаджи Сайрапович және Тараз қаласы, №39 орта мектептің 7 сынып оқушысы – Тешаева Хушафруз алғысхатпен марапатталды.

Әлеуметтік желілерде «Abaıdyń 175 jyldyǵy» номинациясы бойынша Жамбыл ауданы, Шайқорық орта мектебінің оқушысы – Мамедова Даяна І – орын, Қордай ауданы, №4 Б.Бөлтіріков атындағы мектеп-лицейдің оқушысы – Сурина Мария ІІ-орын, Жамбыл ауданы, Шайқорық орта мектебінің оқушысы – Ибрагимова Севиля ІІІ – орын иеленді.

Ал, Байзақ ауданы, Ғани Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы – Шахмамедов Эмран, Тараз қаласы, №1 Әлихан Бөкейханов атындағы гимназияның 6 сынып оқушысы – Назарова Мафтуна алғысхатпен марапатталды.

Байқаудың жеңімпаздары мен қатысушыларына Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесі тарапынан бағалы сыйлықтар тапсырылды. Биылғы жылы облысымызда «Тіл мектебі» қазақ тілін оқытудың авторлық бағдарламалары бойынша жалпы 442 білім беру мекемелерінде жұмыстар жүргізілді. Оған әртүрлі этнос топтарынан 5782 бала қамтылды.

Жамбыл облысы әкімдігі

ішкі саясат басқармасының

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз орталығы




Тараз қаласының Достық үйінде неміс этносының мәдениет күні өтті.

Ағымдағы жылдың қараша айында Тараз қаласының Достық үйінде неміс этносының мәдениет күні өтті.

Іс-шараның мақсаты – этностардың мәдениетін, тілін, тарихын және дәстүрлерін насихаттау. Іс-шара этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарламамен өтті.

Дәстүрлі түрде өтетін этнос күні «Singende Herzen» вокалдық тобының 10 жылдық мерейтойлық концертімен тұспа-тұс келді. Айта кетейік, вокалдық топ жетістіктері үшін бірнеше рет көптеген хаттармен, дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталған. Этнос күнінде ансамбль: «Zu tirol gehört das jodeln», «Mein schatz» «Das rote Pferd», «Schön ist die Jugend» сияқты халық әндерін орындады.

«Жамбыл облысы немістер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Александр Гибнердің айтуынша, бірлестіктің барлық мүшелері дәстүрлерді сақтауға, тіл үйренуге және ұлттық мерекелерді бірге атап өтуге белсенділік танытады.

Александр Гибнер, «Жамбыл облысы немістер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті:

«Біз барлық мемлекеттік мерекелерді бірге тойлаймыз. Біздің ансамбль мемлекеттік және ұлттық мерекелер кезінде қала сахналарында өнер көрсетеді. Барлығымызды музыкаға және неміс мәдениетіне деген сүйіспеншілік біріктіреді ».

Жамбыл облысы әкімдігі

ішкі саясат басқармасының

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз орталығы





Абдурахман Зайнутдинов, Тараз қалалық «Өзбек орталығы» ҚБ төрағасы:

Абдурахман Зайнутдинов, Тараз қалалық «Өзбек орталығы» ҚБ төрағасы:

– Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін, 1991 жылы 15 одақтас республика өзінің даму жолына түсті. Көптеген елдерден айырмашылығы, Қазақстан әрқашан өз бағытынан тайған жоқ. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарын дағдарыс кезеңі деп атауға болады. Түрлі экономикалық қиындықтар болды, адамдар айлап жалақы алмады, көптеген кәсіпорындар өз жұмысын тоқтатты. Осы кезеңде Қазақстанға елдің ахуалын түзетіп, дұрыс экономикалық жол таба алатын тұлға қажет болды. Ол – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев еді. Сол тұста Мемлекет басшысы «алдымен – экономика, содан кейін – саясат» қағидасы бойынша әрекет ете бастады. Қазақстанның инвесторларды тарту арқылы экономикалық батпақтан шыға бастаған жылдары жақсы есімде. Бірақ экономикалық мәселеден де басқа бірқатар түйткілдер күн тәртібінен түскен жоқ. Саяси жүйені де жетілдіру қажет болды. 90-шы жылдардың басында қазақстандықтардың шет мемлекеттерге көшіп кету деректері көбейгенін көзімізбен көрдік. Осыған байланысты Мемлекет басшысы этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары арасында өзара тиімді іс-қимыл жасап, халықтың бірлігін нығайту мақсатында жұмыс істейтін институт құру қажеттілігі туралы шешім қабылдады. Осылайша, 1995 жылы наурызда Мемлекет басшысының Жарлығымен жаңа қоғамдық ұйым – Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Жуырда өзге де дамыған мемлекеттер біздің елдің осындай ұйымдарды құру тәжірибесін енгізе бастады. 25 жыл ішінде Қазақстан халықтарының Ассамблеясы ел үшін үлкен рөл атқарды. Расында, біздің жағдайымыз шат-шадыман, көрші елдермен қақтығыстарға бармаймыз. Тұрақсыздықтың көптеген мысалдары бар. Көрші Қырғызстанда, Украинада, Белоруссияда, Арменияда және Әзірбайжанда болған оқиғаларға көз жүгіртуге болады. Біз бейбіт елде өмір сүріп жатырмыз, бұл ретте біздің Тұңғыш Президентіміздің атқарған істері орасан. Ол тұрақтылықты сақтап қана қоймай, сонымен қатар азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартты. Халықаралық аренада Қазақстан өзге мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттеу процестерінде маңызды рөл атқарады. Бізде көптеген ұлтаралық және конфессияаралық форумдар өткізіліп тұрады. Бұл біздің елдің толеранттылық деңгейін көрсетеді. Бүгінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын жалғастыруда. Ол бейбітшілік пен экономикалық тұрақтылықты сақтау бағытында нәтижелі еңбек етуде. Мен барша қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтағым келеді. Бұл – ел үшін маңызды дата. Нұрсұлтан Әбішұлы тілге тиек еткендей, елімізде бейбітшілік пен тыныштық салтанат құрып, басымызда көк аспан орнасын!

Ұлт көшбасшысы, сарабдал саясаткер

1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні. 1991 жылы егемен ел ретінде бірінші рет өткізілген жалпы халықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш Президент болып сайланды. Ол жұрттың 98,78% дауысын жинады. Сондықтан, халқымыздың ұзақ жылдар бойы армандаған азат күні, Тәуелсіз Қазақ елінің қалыптасуы, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекеттік ұлттық рәміздердің қабылдануы, қазіргізаманға қатысты тағы басқа да игіліктердің бәрінің бастау бұлағы осы шақтардан басталады.

Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы Президенттің қызметімен тікелей байланысты. Яғни Ұлт Көшбасшысының ғылыми, саяси ізденістерімен байланысты десек – қателеспейміз. Бұл – ақиқат. Оны ешкім жоққа шығара алмайды.

Елбасы ортақ Отанымыз – Қазақстанды дамыту жолында елдегі тұрақтылық пен бейбітшілікті басшылыққа алды. Тәуелсіздікке жиырма жыл толмай жатып-ақ елімізді Еуропа төріне шығарып берген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі ерен. Бүгінде Қазақстан Еуразия кеңістігінде стратегиялық қуаты күшті, маңызы үлкен мемлекеттер ретінде мойындалып отыр.

Бүгінде бүкіл елдің қолдауымен сеніміне ие болып, елді сындарлы жолмен болашаққа бастаған Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне тойланатын — Тұңғыш Президент күні біз үшін де өте қадірлі мереке. Ендеше мерекелеріңіз құтты болсын, қазақ елі!

Айгүл Кабиева

«ӘУЛИЕ АТА» қазақ мәдени

орталығы төрағасының орынбасары,

Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі

Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға

Дәл осыдан 29 жыл бұрын, яғни,1991 жылдың 1 желтоқсанында ұлттық сайлау нәтижесі бойынша – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақ КСР-нің Президенті болып қайта сайланды.

Кеңестік жүйеден шыңдалып шыққан Нұрсұлтан Назарбаев – тәуелсіз мемлекеттің негізін қалап, оның өркендеуіне үлкен үлес қосқан біртуар тұлға, экономиканы дамыту мен халықтың әл-ауқатын арттыруда айрықша табыстарға қол жеткізген кемел көшбасшы бола білді. Ол – бабаларымыздан келе жатқан ұлы арман – тәуелсіздігімізді тұғырлы eту жолындағы қиын бeлeстeрдeн халқын аман алып өтті.

Тәуeлсіздік алған алғашқы жылдарынан бастап-ақ Елбасымыз білім және ғылым саласын дамытуға айрықыша көңіл бөліп келеді. Бүгінгі таңда елі-міздің білім жүйесі жаңа заманға лайық әрі халықаралық стандартқа сәйкес жетілдіріліп келеді.

Нұрсұлтан Әбішұлының тікелей қолдауымен «Болашақ» бағдарламасы қолға алынып, еліміздің талантты жастарын шетелдік озық университеттерде оқытуға мүмкіндік алдық. Арадан өткен осы жылдарда бұл бағдарлама бойынша көптеген қазақстандық жастар әлемдік деңгейде білім алып, бүгінде экономикамыздың барлық салаларында табысты еңбек етуде.

2019 жылы Қазақстан тарихи оқиғаны бастан өткерді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз еркімен Мемлекет басшысы өкілеттігін тоқтатты. Өзі басқарған 28 жыл ішінде Қазақстан Республикасы қарқынды дамыды, экономика тұрақталды, білім мен ғылым жүйеге келді. Бұл атқарылған тірліктер Елбасының әлемдік аренада саяси портретін айшықтап көрсетті. Қазақстан үшін Назарбаев – тарихи тұлға. Ол қазақстандықтар үшін тұңғыш Президент қана емес, ол қазақ мемлекетінің негізін қалаушы аңыз адам.

Жамбыл облыстық «Айнұры» татар-башқұрт

этномәдени бірлестігінің төрағасы

Халиков Амир Шафкатұлы

Бигелді Тәжібаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы:

Бигелді Тәжібаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы:

– Расында, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуынан бастап мемлекеттік дамудың даңғылға түсуі жолындағы жұмыстардың басымы Н.Назарбаевтың есімімен байланысты, ерлігімен ұштасқан дүниелер екені даусыз. Сондықтан да Парламент қабылдаған Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің 20 жылдығы декларациясында: «Ата-бабамыздың ғасырлар бойы асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі тарихи аманаты 1991 жылғы 1 желтоқсанда бірауыздан Мемлекет басшысы болып сайланған Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен іске асты. Республика Президентінің жетекшілігімен кең ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаушы, еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев халықты жарқын істерге жұмылдыру, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту, бүкіл халықаралық қоғамдастықтың ризашылығы мен құрметіне ие болған жаһандық және өңірлік бейбіт бастамалардың авторы ретінде елдің сыртқы саяси бағытын дәл айқындау ісіне орасан зор үлес қосты. Жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясатының арқасында еліміз саяси және әлеуметтік-экономикалық сілкіністерге ұшырамай, дербес дамудың өтпелі кезеңіндегі қиындықтар мен сынақтарды еңсеріп, ілгерілеу мен өркендеу жолына шықты», – деп жазылды. Бұл – даусыз шындық. Өйткені Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейінгі жылдарда әлем мойындаған мемлекеттердің қатарына қосылды. Терезесі түгел елмен тең деңгейге жетті. Ғасырлар бойы бабалар армандаған тәуелсіздіктің туы көкте желбіреді. 150-ден астам елдермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатып, өзге мемлекеттердің даму жолдарын саралай келе, өзінің даңғылын таңдады. Шын мәнінде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды.

Бұл ретте мен татулықты тұғырына балаған Н.Ә.Назарбаевтың ел игілігі жолындағы тамаша бастамаларын жүзеге асыруға үлесімізді қосып, алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге шақырамын! 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні құтты болсын!

Динара Нұралиева, облыстық «Вынхуа» дүнген этномәдени бірлестігінің мүшесі, қалалық №34 мектептің директоры:

Динара Нұралиева, облыстық «Вынхуа» дүнген этномәдени бірлестігінің мүшесі, қалалық №34 мектептің директоры:

– Әкем – дүнген, анам – ұйғыр. Арғы аталарым – орыс, өзбек, татар және басқа да бірнеше ұлттан тарайды. Біз әрқашан татулық пен бірлікте өмір сүріп келеміз. Ешқандай ұлтқа бөлінбей, ортақ жерімізде бір үзім нанды бөліп жеп отырған жандармыз. Бұл ретте еліміздің басты байлығы – тұрақтылық екенін естен шығармауымыз қажет.

Елбасының ширек ғасырдан астам жүргізген саясаты бізге бейбіт өмір сыйлады. Одан айырылып қалуға ешқашан жол бермеу керекпіз, сол үшін де бейбітшілігіміздің берекесін берсін дейік.

Қордайдағы оқиғалар біздің жанымызға қатты батса да, Президентіміз қиын сәтте Қордайға келіп, халыққа қолдау білдірді. Барлығымыздың болашағымызға сенім ұялатты. Сол кезде біз бір халық, бір тағдыр, бір ел екенімізді тағы бір мәрте сезіндік. Қазіргі уақытта өміріміз бұрынғыдан да жақсарды деп нық сеніммен айта аламын. Өмір өз арнасына енді. Жақында сол аудандағы жақын туысым, ұлты дүнген ағамның үйінде болдым. Қақтығыс салдарынан өртеніп кеткен үйінің орнына ертегідегідей жаңа үй бой көтергенін көріп, қазақ елінің мәртебесінің біздің алдымызда тағы бір мәрте асқақтағанына көзім жетті. Осыған байланысты санада сұрақ туды: қандай да бір себептермен өртенген дүкендер, үйлер мен машиналарға байланысты даурығып, наразы боламыз. Ал қалпына келтірілген үйлер, жаңа жолдар, мектептер мен ауруханаларды, қайта қалпына келіп жатқан нысандарды неге байқамаймыз? «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» демекші, жаман ұлт жоғын білеміз. Тек жаман адамдар болады. Ал осы оқиғаға қатысты қылмыскерлер өздеріне лайықты жазаларын алып жатыр. Қылмыскерлерде ұлт та, дін де жоқ! Сондықтан да болар, біз, дүнген ұлтының өкілдері қазақ халқына шексіз ризамыз! Қазақстанда өшпенділік жоқ, болмайды да, оған дәлел – Елбасымыздың көреген шешімі мен қазақтың дархан жүрегі!

Қараша айында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалығымен «Бір шаңырақ астында – биік мақсаттарға» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өткен болатын. Өзім осы жиында Елбасының айтқан әрбір сөзіне, ел басқара жүріп жасаған батыл әрі сауатты қадамдарына тағы да риза болдым. Қазақстанда ғұмыр кешіп жатқан әрбір адамның, әр ұлт өкілінің аяғын алшаң басып, арқасын кеңге жіберіп, жергілікті халықпен етене жақын бауырласып ғұмыр кешуіне барлық жағдайды жасай алу кез келген ұлт көшбасшысының қолынан келмейді. Оған терең білім, парасат, келешекті болжай алу қасиеті, көрегенділік қажет. Ғаламның әр бұрышында тыныштығы шытынап, ел

іргесінде от тұтанып, шырқы бұзылған қаншама халық бар. Олар әр таңды үреймен атырады. Оқ пен зеңбірек үнінен шошынған балалар бір күндік нанын тауып жеуге қауқарсыз. Елбасы бірнеше мәрте осындай елдердің басына бейбіт күн тудыру үшін Нұр-Сұлтанда Сириядағы дағдарыс бойынша Астана процесін ұйымдастырғанын да білеміз. Бұл Нұрсұлтан Әбішұлының тек еліміздегі тыныштықты ғана емес, жаһандық бейбітшілікті мұрат еткен тұлға екенін айғақтайды. Бүгінгі таңда Жамбыл облысында аралас мектептерде мемлекеттік тілде білім беретін бірінші сыныптар көбейе бастады. Мектеп директоры ретінде өз ұсынысымды жеткізгім келеді. Егер республикамыздың әр өңірінде аралас мектептер кезең-кезеңімен мемлекеттік тілде білім беруге көшсе нұр үстіне нұр болар еді. Бұл шешім барлық қазақстандық балаларды кішкентай күнінен ешқандай бөлінуге жол бермей, қазақ тілін жетік меңгеруге жол ашатыны сөзсіз. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» демекші, бізде бір ғана ортақ мемлекеттік тіліміз, бір ғана ұлтымыз, бір ғана Отанымыз болуы тиіс! Осы ретте мен облыстық «Вынхуа» дүнген этномәдени бірлестігінің мүшесі ретінде жерлестерімді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын. Байтақ Отанымызды гүлдендіру жолында басты тұлғаға айналған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүріп өткен тағылымды жолы мен ерен еңбегі ұрпаққа үлгі болсын!

Елбасының ширек ғасырдан астам жүргізген саясаты бізге бейбіт өмір сыйлады. Одан айырылып қалуға ешқашан жол бермеу керекпіз, сол үшін де бейбітшілігіміздің берекесін берсін дейік.

Қордайдағы оқиғалар біздің жанымызға қатты батса да, Президентіміз қиын сәтте Қордайға келіп, халыққа қолдау білдірді. Барлығымыздың болашағымызға сенім ұялатты. Сол кезде біз бір халық, бір тағдыр, бір ел екенімізді тағы бір мәрте сезіндік. Қазіргі уақытта өміріміз бұрынғыдан да жақсарды деп нық сеніммен айта аламын. Өмір өз арнасына енді. Жақында сол аудандағы жақын туысым, ұлты дүнген ағамның үйінде болдым. Қақтығыс салдарынан өртеніп кеткен үйінің орнына ертегідегідей жаңа үй бой көтергенін көріп, қазақ елінің мәртебесінің біздің алдымызда тағы бір мәрте асқақтағанына көзім жетті. Осыған байланысты санада сұрақ туды: қандай да бір себептермен өртенген дүкендер, үйлер мен машиналарға байланысты даурығып, наразы боламыз. Ал қалпына келтірілген үйлер, жаңа жолдар, мектептер мен ауруханаларды, қайта қалпына келіп жатқан нысандарды неге байқамаймыз? «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» демекші, жаман ұлт жоғын білеміз. Тек жаман адамдар болады. Ал осы оқиғаға қатысты қылмыскерлер өздеріне лайықты жазаларын алып жатыр. Қылмыскерлерде ұлт та, дін де жоқ! Сондықтан да болар, біз, дүнген ұлтының өкілдері қазақ халқына шексіз ризамыз! Қазақстанда өшпенділік жоқ, болмайды да, оған дәлел – Елбасымыздың көреген шешімі мен қазақтың дархан жүрегі!

Қараша айында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалығымен «Бір шаңырақ астында – биік мақсаттарға» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өткен болатын. Өзім осы жиында Елбасының айтқан әрбір сөзіне, ел басқара жүріп жасаған батыл әрі сауатты қадамдарына тағы да риза болдым. Қазақстанда ғұмыр кешіп жатқан әрбір адамның, әр ұлт өкілінің аяғын алшаң басып, арқасын кеңге жіберіп, жергілікті халықпен етене жақын бауырласып ғұмыр кешуіне барлық жағдайды жасай алу кез келген ұлт көшбасшысының қолынан келмейді. Оған терең білім, парасат, келешекті болжай алу қасиеті, көрегенділік қажет. Ғаламның әр бұрышында тыныштығы шытынап, ел іргесінде от тұтанып, шырқы бұзылған қаншама халық бар. Олар әр таңды үреймен атырады. Оқ пен зеңбірек үнінен шошынған балалар бір күндік нанын тауып жеуге қауқарсыз. Елбасы бірнеше мәрте осындай елдердің басына бейбіт күн тудыру үшін Нұр-Сұлтанда Сириядағы дағдарыс бойынша Астана процесін ұйымдастырғанын да білеміз. Бұл Нұрсұлтан Әбішұлының тек еліміздегі тыныштықты ғана емес, жаһандық бейбітшілікті мұрат еткен тұлға екенін айғақтайды. Бүгінгі таңда Жамбыл облысында аралас мектептерде мемлекеттік тілде білім беретін бірінші сыныптар көбейе бастады. Мектеп директоры ретінде өз ұсынысымды жеткізгім келеді. Егер республикамыздың әр өңірінде аралас мектептер кезең-кезеңімен мемлекеттік тілде білім беруге көшсе нұр үстіне нұр болар еді. Бұл шешім барлық қазақстандық балаларды кішкентай күнінен ешқандай бөлінуге жол бермей, қазақ тілін жетік меңгеруге жол ашатыны сөзсіз. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» демекші, бізде бір ғана ортақ мемлекеттік тіліміз, бір ғана ұлтымыз, бір ғана Отанымыз болуы тиіс! Осы ретте мен облыстық «Вынхуа» дүнген этномәдени бірлестігінің мүшесі ретінде жерлестерімді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын. Байтақ Отанымызды гүлдендіру жолында басты тұлғаға айналған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүріп өткен тағылымды жолы мен ерен еңбегі ұрпаққа үлгі болсын!

Тараз қаласының Достық үйінде «Еуразиялық кеңістіктегі қазақстандық бірегейлік» атты биеннале өтті

Ағымдағы жылдың қараша айында Тараз қаласының Достық үйінде “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында «Еуразиялық кеңістіктегі қазақстандық бірегейлік» атты биеннале өтті. Жамбыл облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырған биенналеге этномәдени бірлестік өкілдері, Тараз қаласының білім беру мекемелерінің студенттері, қала тұрғындары, облыстық және қалалық БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты – Еуразия кеңістігіндегі этностардың этномәдени өзара әрекеті арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру.

Көрме Еуропа, Азия және Қазақстанның мәдени өмірінен сыр шертеді. Жиналған қауым Еуропа этноауылында орыс, украин, неміс этностарының ас үйімен танысты. Мирошникова Наталья қолөнер туындыларын жасау арқылы қатысушыларға шағын шеберлік сағатын ұйымдастырды. Этноауылда орыс этносының «Ручеек», украиндықтардың «Жмурки», поляктардың «Волк и овцы» сынды ұлттық ойындары ойналды.

Ал Азия мәдениетіне саяхат облыстық «Қоғамдық келісім» КММ «Үкілім-ай» би-ансамбльінің тәжік этносының ұлттық биін билеуімен басталды. Мұнда Азия халықтарының дәмі тіл үйірер ұн тағамдары таныстырылып, «Арқан тартыс» ұлттық ойыны ойналды. «Жамбыл облыстық Тәжік этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Давлатова Гүлхумор тәжік этносының қолөнер туындыларымен таныстырды. Тараз қаласы өзбек этномәдени бірлестігінің және Аналар кеңесінің мүшесі, меценат Гаюпова Лобара Орта Азиядағы көп тараған тағам самсаның жасалу әдісін айтып өтті.

Қазақ халқының мәдениетіне арналған этноауылда қаймағы бұзылмаған қазақтың салт-дәстүрі қамтылған. Меймандарды этноауылда қазақтың қара домбырасымен арнау айтып қарсы алып, түрлі этнос өкілдері ақ дастархан басында 7 түрлі тағамнан ауыз тиді.

Өткеннен өнегелі тағылым беретін шара аясында әр этностың құндылығы, рухани-тарихи мұралары кеңінен насихатталды.

Жамбыл облысы әкімдігі

Ішкі саясат басқармасының

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз орталығы











Таразда Грузин этносының мәдениет күні өтті

Ағымдағы жылдың қараша айында Тараз қаласында «Самшобло» грузин этномәдени бірлестігі этнос күнін өткізді. Этнос күнінде грузин тіліндегі әдебиеттер, қолөнермен жасалған қыш ыдыстары, шарапқа арналған мүйізді ыдыстар, ұлттық бас киімдер, сонымен бірге, Қазақстан мен Грузияның мемлекеттік рәміздері көрсетілді.

Грузин этносының іс-шарасына концерттік бағдарламамен өнер көрсетуге грузин этносының жастар қанаты келді. Сондай-ақ, грузин халқының әндері шырқалып, жастар ұлттық киімдерде кавказдық билерді биледі. Бұған қоса, грузин этносының іс-шарасына облыстың басқа да этномәдени орталықтарының басшылары қатысып, өздерінің грузин әріптестерін қолдап, қоғамдық бірлестікке ұлтаралық келісімді нығайту, грузин халқының ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын, мәдениетін насихаттау бойынша келелі жұмыста жаңа табыстар тіледі. – «Жамбыл облысында тату-тәтті тұратын үлкен ірі этнос өкілдерінің қатарында грузин этносы да өз тіршілігін жасауда. Біздің этномәдени бірлестігіміз сондайлық үлкен емес, бірақ дегенмен де, орталығымыз ұлтаралық келісімді сақтау, барлық этностар арасындағы бейбітшілік пен достықты нығайтуда белсенді жұмыс атқарып жүрген және біздің облыстық ассамблеяда грузин халқының салт-дәстүрін, тарихын, мәдениетін лайықты түрде танытып жүрген этнобірлестіктердің бірі. Бұдан ары да ассамблея іс-шараларына және ел тыныштығын сақтауға бір адамдай атсалысамыз», – деді «Самшобло» грузин этномәдени орталығының жетекшісі Зураб Джанашия өзінің құттықтау сөзінде.

Шара соңында Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Убайдуллаева қоғамдық бірлестіктің белсенді қатысушыларына алғыс хаттар табыс етті.

Жамбыл облысы әкімдігінің

ішкі саясат басқармасының

Қоғамдық келісім «КММ»

Баспасөз қызметі орталығы

Жамбыл облысында дүнген этносының мәдениет күні өткізілді

Ағымдағы жылдың қараша айында Жамбыл облысында «Жамбыл облыстық «Вынхуа» дүнгендер ассоциациясының мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Дүнген этносының мәдениет күні» өткізілді. Мерекелік кешке ҚХА мүшелері, соғыс және еңбек ардагерлері, ғылым және мәдениет қайраткерлері, жастар, өңіріміздегі барлық этнобірлестік мүшелері шақырылды.

Еліміздегі қиын жағдайға байланысты биылғы жылы барлық іс-шаралар негізінен қайырымдылық бағытында өткізілді. Коронавирустық пандемияға байланысты этнос күнінде этностың ең белсенді мүшелері марапатталды.

Двумарова Диля, Усыров Арсмане, Чонтей Хизыр, Хахар Рамазан және басқа да өкілдер этнос күнін өткізуге ат салысты. Масаншы ауылының әкімі Рамазан Омарұлы, Сортөбе ауылының әкімі Ілияс Юсупұлы, “Вынхуа” дүнген этномәдени бірлестігінің құрметті төрағасы Лугмар Буларов, дүнген этносының мәдени орталықтары мен жинақы тұратын ауылдарының басшылары шақырылды.

“Вынхуа” дунген этномәдени бірлестігінің төрайымы Идибо Айша Люшировна өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы көпшілік алдында баяндама жасады. Бір жыл ішінде 44 732 000 теңге сомасына қайырымдылық көмек көрсетілген.

Салтанатты жиын Хахар Рамазанның орындауындағы “Вәди ада” әнімен аяқталды.

Жамбыл облысы әкімдігі

ішкі саясат басқармасының

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз орталығы