Ағымдағы жылдың 27 тамызында Жамбыл облыстық М.Қашғари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігі «Мектепке жол» акциясы аясында оқушыларға керекті құрал-саймандарын таратты

Ағымдағы жылдың  27 тамызында Жамбыл облыстық М.Қашғари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігі «Мектепке жол» акциясы аясында оқушыларға керекті құрал-саймандарын таратты.

Іс-шара барысында бүлдіршіндер Достық үйімен танысып тәттілерден ауыз тиді. Ал өз кезегінде аталмыш этномәдени бірлестік төрайымы Мухабат Турдыева оқушыларға керекті құрал-саймандарды таратып берді. Сондай-ақ, балалар өз тілдерінде патриоттық өлең шумақтарын айтып жарысты.

Шара соңында ата-аналар мен балалар қалалық өлкетану музейіне барып, түрлі экспонаттармен танысып, құнды жәдігерлерді тамашалады.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

“Қоғамдық келісім” КММ

Баспасөз орталығы

2022 жылдың 23 тамызында соттан тыс жанжалды немесе даулы жағдайды шешу бойынша консультативтік көмек көрсету үшін қоғамдық қабылдау өтті

2022 жылдың 23 тамызында соттан тыс жанжалды немесе даулы жағдайды шешу бойынша консультативтік көмек көрсету үшін қоғамдық қабылдау өтті. Оның мақсаты – халыққа құқықтық көмек көрсету, қоғамдағы жанжалды азайту және медиация институтын танымал ету болды.

Азаматтарды толғандыратын және қызықтыратын мәселелер бойынша консультацияларды ҚХА кәсіби медиаторлары – Федорова Ирина Геннадьевна мен Досыбиева Валентина Николаевна жүргізді, онда неке және отбасылық қатынастарға, автокредит беруге және сатып алу – сату шартын заңсыз деп тануға, студент пен оқытушы арасындағы дауға қатысты өтініштер қаралды.  Сондай-ақ, алимент төлеу, баланың шетелге шығуына ата-аналардың  рұқсаты туралы мәселелер жан-жақты ашылды. Және  азаматтарды қызықтырған барлық сұрақтарға толық жауаптар мен кеңестер берілді.

Нәтижесінде алынған консультациялардан кейін 1 медиативтік келісім (отбасылық медиация) жасалды, медиация рәсіміне бір өтініш (азаматтық дау) және 2 консультация берілді. Іс-шара соңында көрсетілген қызметтер үшін өтініш білдірушілер ұйымдастырушыларға  алғыс білдірді.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

“Қоғамдық келісім” КММ

Баспасөз орталығы

2022 жылдың 24 тамыз айында қалалық Өзбектер орталығының мүшелері Тараз қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің бастауыш және орта сыныптарының тағы екі оқушысын даярлауға қаржылай көмек көрсетті

2022 жылдың 24 тамыз айында қалалық Өзбектер орталығының мүшелері Тараз қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің бастауыш және орта сыныптарының тағы екі оқушысын даярлауға қаржылай көмек көрсетті.

Сондай-ақ, “Мектепке жол” республикалық акциясы аясында Жамбыл облысының “Вынхуа”дүнген этномәдени бірлестігінің меценаттары  52 балаға мектепке дайындық бойынша демеушілік етті.

Айта кету керек, дәл осы бірлестік төрайымы Айша Идыбо 3 балаға мектепке қажетті құрал-саймандарын жеткізді.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

“Қоғамдық келісім” КММ

Баспасөз орталығы

2022 жылдың 23 тамызында Тараз қаласы Өзбек мәдени орталығының төрағасы Абдурахман Зайнутдинов “Қоғамдық ұстаным “ҚҚ өткізген “Адам саудасына қарсымыз Алматы-Тараз-Ақтау ” атты дөңгелек үстелге қатысты

2022 жылдың  23 тамызында Тараз қаласы Өзбек мәдени орталығының төрағасы Абдурахман Зайнутдинов “Қоғамдық ұстаным “ҚҚ өткізген “Адам саудасына қарсымыз Алматы-Тараз-Ақтау ” атты дөңгелек үстелге қатысты.

Дөңгелек үстел Тараз қаласында, Жамбыл политехникалық колледжінде құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен өтті.

Іс – шара барысында “Қоғамдық ұстаным” ҚҚ құрылтайшысы Әсия Қалиева қатысушыларды мониторинг нәтижелерімен, талдау кестелерімен және слайдтармен таныстырып, жұмыс қорытындысын ұсынды.

Жоба бойынша жұмысқа мемлекеттік органдар мен күштік құрылымдардың өкілдері, қоғам белсенділері тартылды, олардың көпшілігі іс-шара соңында атап өтілді.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

“Қоғамдық келісім” КММ

Баспасөз орталығы

Жаңа оқу жылы қарсаңында ҚХА меценаттары, Жамбыл облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері “Мектепке жол” дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясына белсенді қатысуда

Жаңа оқу жылы қарсаңында ҚХА меценаттары, Жамбыл облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері “Мектепке жол” дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясына белсенді қатысуда.

Акция аясында Жамбыл облысы “Радонеж” орыс кеңесінің мүшелері  2022 жылдың 21 тамызында отбасылық жағдайы төмен отбасыдан шыққан балаларға мектеп және спорт киімдерін, сондай-ақ, басқа да керек-жарақтарын алып берген.

Бұған қоса, олар 1-ші мүгедектік тобы бар отағасына да материалдық көмек көрсеткен.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

“Қоғамдық келісім” КММ

Баспасөз орталығы

2022 жылдың 18 тамызында Тараз қалалық Өзбек мәдени орталығының меценаттары қалалық ардагерлер кеңесімен бірлесіп “Бар жақсылық балалар үшін ” атты қайырымдылық акциясын өткізді

2022 жылдың  18 тамызында Тараз қалалық  Өзбек мәдени орталығының меценаттары қалалық ардагерлер кеңесімен бірлесіп “Бар жақсылық балалар үшін ” атты қайырымдылық акциясын өткізді.

Акция аясында қала мен ауданнан аз қамтылған отбасыдан шыққан балаларға балмұздақ таратылды. Бұған қоса, қалалық Өзбек мәдени орталығының өкілдері Руслан Исаев пен Паттохберді Тәліпов мұқтаж жандарға қайырымдылық көмек көрсетті.

Іс-шара барысында марапаттау рәсімі өтіп, “Құрметті ардагер” төсбелгісіне Наби Салапхутдинов пен Худаберген Талипов ие болды. Сонымен қатар, Паттохберді Талипов қалалық ардагерлер кеңесінің алғыс хатымен марапатталды.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

“Қоғамдық келісім” КММ

Баспасөз орталығы

2022 жылдың 22 тамызында Тараз қаласының Өзбек мәдени орталығы “Мектепке жол”

2022 жылдың  22 тамызында Тараз қаласының Өзбек мәдени орталығы “Мектепке жол” дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясы аясында аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қажетті көмек көрсетті.

Тараз қаласының Өзбек мәдени орталығының төрағасы Абдурахман Зайнутдиновтың айтуынша, “Мектепке жол” акциясы аясында №4 орта мектептің аз қамтылған және мұқтаж оқушыларына демеушілік көмек көрсетілді. Балаларды мектепке дайындауға көмектесетін меценаттар арасында Шамұхтар Шаюнусов, Мирусман Қасымов және Шаниер Шосабиров бар.

Қазіргі уақытта 7 оқушыға көмек көрсетілді. Өзбек мәдени орталығы өкілдерінің “Мектепке жол” республикалық акциясына қатысуы жалғасуда.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

“Қоғамдық келісім” КММ

Баспасөз орталығы

Ағымдағы жылдың 19 тамызында Тараз қаласындағы қалалық мәдениет үйінде жұмыспен қамту орталығы және “Елу жолда – ел жаңа” ҚБ ұйымдастыруымен бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

Ағымдағы жылдың 19 тамызында Тараз қаласындағы қалалық мәдениет үйінде жұмыспен қамту орталығы және “Елу жолда – ел жаңа” ҚБ ұйымдастыруымен бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.

Қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі – жұмысқа орналастыру мәселесін шешуге бағытталған іс-шараға Тараз қаласының Өзбек мәдени орталығының төрағасы Абдурахман Зайнутдинов белсенді қатысты.

Жәрмеңкеге мүмкіндігі шектеулі жандар мен қандастар келді. Жәрмеңкеге келушілерге әр түрлі қызмет салаларындағы өзекті бос орындармен, еңбек шарттары мен төлемдерімен танысуға, сондай-ақ қызықтыратын сұрақтар қоюға мүмкіндік берілді.

Абдурахман Зайнутдинов хабарлағандай, жәрмеңке қорытындысы бойынша 5 қандас, 3 мүгедектігі бар және 3 мүмкіндігі шектеулі адам жұмысқа жолдама алды.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

“Қоғамдық келісім” КММ

Баспасөз орталығы

2022 жылғы тамызда Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мақсатында Жамбыл және Түркістан облыстарының ҚХА Аналар кеңестері арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

2022 жылғы тамызда Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мақсатында Жамбыл және Түркістан облыстарының ҚХА Аналар кеңестері арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Ынтымақтастық туралы маңызды құжатқа қол қою Түркістанда «Мәдени ана – мәдени ұлт»  республикалық жобасы аясында өткен кездесу барысында орын алды.

Жасалған меморандумға сәйкес, бірлескен жұмыс мынадай негізгі бағыттар бойынша жүргізілетін болады: отбасы институтын танымал ету, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту.

Қол қойылған құжат шеңберінде тараптар бірлескен іс-шаралар өткізуге, өзекті ақпаратпен алмасуға, бірлескен жобаларға қатысуға ниет білдіреді.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдык келісім” КММ баспасөз орталығы

Ағымдағы жылдың тамыз айында «Жасанды бүйрек» аппаратында емделіп жатқан ауыр бүйрек науқастарына арналған үстел кітабын тегін тарату басталды

Ағымдағы жылдың тамыз айында «Жасанды бүйрек» аппаратында емделіп жатқан ауыр бүйрек науқастарына арналған үстел кітабын тегін тарату басталды.

Қорқынышты диагнозға тап болған адам көбінесе өзін дәрменсіз сезінеді, көптеген жауапсыз сұрақтар мен болашаққа деген сенімсіздікпен арпалысары сөзсіз. Аурумен күресуде дәрігердің тәжірибесі мен білімі ғана емес, сонымен бірге науқастың сенімділігі, ауруды жеңуге деген ықыласы да үлкен рөл ойнайды. Сондықтан бұл кітап маңызды, өйткені ол науқастарға бағыт-бағдар беріп  көмектесуге арналған.

Кітап 8500 дана болып басылды. «Амбулаторлық гемодиализдегі науқастың үстел кітабының» авторы Жамбыл облысы ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» республикалық ҚБ Жамбыл облыстық филиалының өкілі, доктор Дуниядар Абдуллаев.

Аталған медициналық кітаптың жарыққа шығуына демеушілік еткен «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» республикалық ҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Махмутжон Давришев және «DATÜB» халықаралық қоғамдық ұйымының төрағасы Зиятдин Кассанов.

Айта кету керек, жоғарыда аталған меценаттар кітапты шығаруға көмектесіп қана қоймай, оны бүкіл Қазақстан бойынша тегін таратуға да көмектесуде.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі орталығы.