Бүгін, қазан айының 18-інде, Өңірлік коммуникациялар қызметінде ұйымдастырылған брифингке спикер ретінде Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Жинақбаева Мүбәрак Қасымқызы қатысты

Бүгін, қазан айының 18-інде, Өңірлік коммуникациялар қызметінде ұйымдастырылған  брифингке спикер ретінде Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Жинақбаева Мүбәрак Қасымқызы қатысты.

Брифинг барысында   «Бірлігіміз әралуандықта» баяндамасын жасап, жамбылдық тілші-журналистерінің сан түрлі сауалдарына жауап берді. Мекеме басшысы аймақтық ассамблеяның  іс-қимылдары, жалпы атқаратын қызметі жөнінде айта келе, ғылыми сарапшылар тобы, журналистер клубы, қоғамдық келісім кеңестері, шеберлер клубы, облыстық «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігі, медиаторлар және Аналар кеңестері жөнінде толық ақпарат берді. Барлық құрылымдардың бірыңғай негізде, ортақ міндеттер мен бағыттар бойынша жұмыс атқарып, 87 этностық ұйымының 75-і өңірдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуы жолында белсенді еңбек атқарып жатқандығына тоқталды.

Мүбәрак Қасымқызы брифинг барысында күні кеше облыс көлемінде аталып өткен «Әралуандық арқылы – бірлікке» іс-шарасының жай- жапсарына тереңінен тоқталып, республика күніне арналған  бірқатар жұмыс жоспарымен де таныстырды.

Баспасөз қызметі

«Ұлы даланың ұлтаралық тілі»

Ұлттық мереке, 25 қазан – Республика күніне орай,  қазан айының 18-і күні «Достық үйі» ғимаратында Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен  «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» ашық алаңы өтті.

Жобаның мақсаты – мемлекеттік тілді ілгерілету, елімізде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің рөлін күшейтіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру, өзге ұлттардың қазақ тілін ұлтаралық тіл ретінде қолданып жатқанын көрсету.

Форумға Жамбыл облысы ҚХА мүшелері, мемлекеттік тілді меңгерген өзге этнос өкілдері, этномәдени бірлестіктер, «Ассамблея жастары» ҚБ, тілдерді оқыту орталығы, тіл ғалымдары, БАҚ өкілдері қатысты.

Ең алдымен қатысушылардың қазақ тілін қалай еркін үйренгендігі жайлы өз тәжірибесінен ойлары тыңдалды.

– Қазақша сөйлеуіме әсер еткен ата-анам,туған жерім, – дейді корей қызы Ким Аяна. Оның айтуынша, өзінің талап-тілегімен бала-бақшада қазақ топта болып, кейін қазақ сыныбында оқыған.

Ал, «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырған «Текті келін» байқауының жүлдегері, дүнген қызы Роза Юнусова қазақ жігітке тұрмысқа шыққандығын алға тартты. – Қазақ тілін енді тұрмыстық жағдайда да қолданып жүрмін, – дейді Ол.

Ұлты орыс, әнші Сергей Владимирович Семыкин және ұлты ұйғыр, республикалық «Абай оқулары» және «Жамбыл жырлары»  байқауының 1- орын иегері, Абай атындағы мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алеханова Мухаббат Бахытқызы да осы  тақырыпта әңгіме өрбітті.

Жиын соңында, Жамбыл ауданы Айшабибі орта мектебінің 10-сынып оқушысы, қарашай-балқар қызы, айтыскер ақын Алина Айдаралы «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» жобасы аясында өтіп жатқан іс-шараға арнауын оқыды. Сондай-ақ, қатысушыларға алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды.

Баспасөз қызметі орталығы

Этножурналистика саласындағы үздіктер

Ағымдағы жылдың 17-қазан күні Тараз қаласында Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының “Қоғамдық келісім” мекемесінде облыстық ҚХА Журналистер клубының отырысы және Қазақстан Республикасы күніне арналған «Бір шаңырақ астында» этножурналистика саласындағы облыстық шығармашылық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Журналистер клубының кезекті отырысына осы бірлестіктің өкілдері, қазылар алқасы, республикалық, өңірлік, қалалық, аудандық БАҚ журналистері қатысты.

Іс-шараны «Қоғамдық келісім»  КММ басшысы Мүбарак Қасымқызы Жинақбаева құттықтау сөзімен ашты. Спикер өз сөзінде ҚХА, Жамбыл облысының этномәдени бірлестіктері өткізетін іс-шараларды үнемі жариялап отыру қажеттігін және бірлескен жұмыстың маңыздылығын айрықша атап өтті. Бұдан әрі «Бір шаңырақ астында» байқауы талқыланды. Жамбыл облысы ҚХА Журналистер клубының төрағасы, республикалық «Казахстанская правда» газетінің жеке тілшісі Михаил Те байқаудың жұмыстары бойынша өз пікірін қатысушыларға егжей-тегжейлі жеткізді. Ол байқауға түскен материалдар жоғары деңгейде болғанын және жеңіске жетуге үміткер тілшілердің ішінен таңдау жасау қиындау болғанын да атап өтті. Бұған қоса, байқау жұмыстары арасында аналитикалық, публицистикалық, репортаждық сипаттағы сапалы материалдар, сұхбаттар құпталғанын түсіндіре кетті.

Сонымен қатар, Михаил Те байқау өткізуде келесі жылы номинациялар бойынша жүлделі орындар беруді ұсынды. Ұсынысын қатысушылар бірауыздан қолдады.

Баспасөз қызметі

«Erntedankfest»

Ағымдағы жылдың 15 қазанында Тараз қаласында, «Қоғамдық келісім» КММ-де Жамбыл облысының немістер қоғамы «Erntedankfest» күзгі егін жинау мерекесіне арналған концерт өткізді.

Мерекелік шараға қатысушыларды Жамбыл облысы немістер қоғамының президенті Александр Гибнер құттықтады.

Аталған мереке барысында ұйымдастырушылар көрермендерді неміс халқының егін жинау күнін мерекелеудің тарихы және ерекшеліктерімен таныстырды. Мерекелік кешке келген қонақтар этнос өкілдерімен көңілді неміс полькасын билеп, орыс және неміс тілдерінде әндер орындалды.

Іс-шара әрі қарай көңілді концертпен жалғасты. Концерттік бағдарламада «Эремурус» хореографиялық тобы, «Juwel» және «Singende Herzen» вокалдық ұжымдары өнер көрсетті.

Іс-шараның нағыз қызған тұсы Talente театр тобының әртістерінің «Аңдар күзді қалай жоғалтты» атты қызықты театрландырылған қойылымы болды.

Жиналған жұртшылық мерекелік іс-шараның жоғарғы деңгейде өткенін айтып, кеш соңында естелік фотоларға түсті.

«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі орталығы

Әралуандық арқылы – бірлікке

Үстіміздегі жылдың қазан айының 15-күні Тараз қаласында Қазақстан Республикасы Күні қарсаңында «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінде Жамбыл облысы этностарының мәдениеті мен дәстүрлері күніне арналған «Әралуандық арқылы – бірлікке» атты мерекелік шара өткізілді. Іс-шара көпэтносты Қазақстанға тән барлық мәдениеттердің бірлігі мен достығының нағыз салтанатына айналды.

Бұл мерекеде этнос өкілдері өздерінің озық дәстүрлерін, ұлттық киімдері мен тағамдарын, ата тарихтарынан жеткен асыл мұраларын өздерінің ұрпақтарына дәріптеп, насихаттады. Елімізді мекен етіп жатқан халықтардың тілі мен мәдениетіне деген құрметті шыңдау, еліміздегі халықтар достығын, ауызбіршілігі мен бірлігін нығайтады.

Мерекелік шара барысында қонақтар арнайы тақырыптық алаңдарда өткен Жамбыл облысының этностарының мәдени мұрасымен, салт-дәстүрлерімен танысты. Этномәдени бірлестіктердің өкілдері халық шығармашылығы, кітаптар, музыкалық аспаптар мен этникалық костюмдерді көрсетті. Сондай-ақ, көрермендер этнопсихология бойынша интерактивті тренингке қатысып, картиналар мен қолданбалы өнер шеберлерінің көрмелерін тамашалады. Сонымен қатар қаламыздағы «Сәуле» кондитерлік фабрикасының тәттілері мен «Сары-бас» ЖШС-нің шұжықтары, оқушылар тағамдары, Тараз қалалық өзбек этномәдени бірлестігі ұлттық тағамдары палаудың жәрмеңкесін жариялады. Мерекелік іс-шара барысында мұнара алдындағы алаңшада жастарға арналып караоке қойылып, онда түрлі тақырыптарда әндер шырқалды.

Іс-шара барысында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев пен өңірлік ҚХА төрағасының Қоғамдық орынбасары Жалил Аббосов құттықтау сөздерін сөйлеп, одан әрі достықты, бірлікті нығайту ісіне елеулі үлес қосқан этномәдени бірлестіктердің басшыларын марапаттады.

Еркін Құлымбайұлы: – «Бүгінде татулығы мен бірлігі жарасқан Жамбыл облысында 87 этнос өкілдерінің басын қосқан 75 этномәдени бірлестік өңірдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуы жолында тынбай еңбек етуде. Достықтың отын жаққан осы 75 ұйымның 30-дан астамы Ассамблея құрамына енген. Барлығымызға ортақ міндет-мақсат – «Әділетті Қазақстан» құру жолындағы игі бастамаларды бірігіп іске асыру. Бүгінгі атаулы этнос күні іс-шарасы да осындай игілікті істердің нәтижесі. Біздің Жамбыл облысы Қазақстандағы көпэтносты аймақ болғандықтан осы құндылықты сақтап, нығайтып және болашақ жас ұрпақты шынайы патриотизмге және еліміздің барлық этностарының мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеуге үйретуіміз керек. Жаңа, Әділетті Қазақстан құру жолында баршаңызға күш-қайрат, толайым табыстар тілеймін!» – деп, құттықтау тілегін жеткізді.

Сонымен қатар, мерекелік шара барысында көрермендер арасында спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Бәсекеге түскендер арқан тарту, армрестлинг, дойбы, шахмат, гір тасын көтеру және ұлттық спорт түрлерінен бақ сынасып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Аталған іс-шараның қызған тұсы концерттік бағдарлама болды. Мерекелік кеште Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әртістері және этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдарынан «Вынхуа» дүнгендер этномәдени бірлестігі, «Тәжік этномәдени бірлестігі», «Немістер қоғамы», «Қытай мәдени орталығы», «Айнуры» татар-башқұрт этномәдени бірлестігі», «Днипро» украин мәдени орталығы», «Радонеж» Орыстар қауымдастығы қоғамдық бірлестіктерінің вокалдық және би ансамбльдері өнер көрсетіп, көрерменнің көзайымына айналды.

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Аналар кеңесі қызметінің жүгі ауыр

Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесі қоғамдағы маңызды жұмыстарды атқарады.

Біздің өңіріміздің Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесінің басшысы Мухаббат Сайдуллақызы Миражапованың басшылығымен аналардың барлығы бірдей қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысады. Олар жастармен жұмыс істеп,ажырасу алдында тұрған отбасыларды татуластыруға тырысады. Аналар қайырымдылық шараларына да белсенді қатысады, осылайша мұқтаж жандарға көмектеседі.

Аналар кеңесінің өкілдері әрқашан қазіргі уақытта өмірі қиын жағдайда қалған адамдарға көмек қолын созуға асығады. Кеңес өкілдері көбінесе өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында, девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған арнайы мектептерге жиі барады. Олар осы мекемелердің тәрбиеленушілерін қолдауға, қажет болған жағдайда оларды түзетуге көмектеседі, сондықтан да ол балалар қателіктер жібермеуге тырысып, қылмыстық жолға түспейді.

Сонымен қатар, аналар әр түрлі іс-шараларға қатысып, отбасылық құндылықтарды, үлкендерге құрмет көрсетуді, Отанға деген сүйіспеншілікті насихаттайтын отырыстар мен кездесулер жиі өткізіп тұрады. Жақында Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесінің өкілдері Алматы қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысып келді. Кеңесте көптеген өзекті мәселелер көтеріліп, барынша пысықталып, болашақ жұмыстың міндеттері алға қойылды.

Облыстық ҚХА Аналар кеңесі өкілдері әртүрлі деңгейдегі жобаларға белсенді қатысып отырады. Мәселен, олар өскелең ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық дәстүрлерді сақтауға бағытталған «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» республикалық жобасын табысты түрде іске асыруда.

Сонымен қатар, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, өңір жастары қатысатын «Достық дастарханы» жобасын іске асыру мақсатында шеберлік сыныптарын ұйымдастырып тұрады.

Аналар кеңесінің өкілдері жастарды толыққанды қарқынды, белсенді, позитивті өмір сүруге үндейді. Олар қоршаған ортада болып жатқан жағдайға бей-жай қарамай, кез-келген келеңсіз жағдайды жақсы жаққа өзгертуге тырысады. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін Аналар кеңесінің жұмысына сәттілік тілейміз!

 «Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі орталығы

Ағымдағы жылдың 10-қазанында Тараз қаласындағы «Қоғамдық келісім» КММ-де Жамбыл облыстық Тәжіктер этномәдени бірлестігі өкілдерімен кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 10-қазанында Тараз қаласындағы «Қоғамдық келісім» КММ-де Жамбыл облыстық Тәжіктер этномәдени бірлестігі өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы талқыланды.

Тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Махкам Орифов Қазақстанды одан әрі дамытуға, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық саланы нығайтуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға және саяси реформаларды іске асыруға бағытталған осы маңызды бағдарламалық құжаттың негізгі аспектілеріне тоқталды. Талқылау кезінде әлеуметтік мәселелерге ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, алдағы сайлау туралы да айтылды. Спикер қатысушыларды белсенді болуға және дауыс беруге қатысып, өз таңдауын жасауға шақырды.

Бұған қоса, іс-шарада мемлекеттік тілді үйрену мәселесі сөз болды.

Баспасөз қызметі

XXIV-съезі өтті

Бүгін, ағымдағы жылдың 7-қазанында Астана қаласында «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV-съезі өтті. Еліміздің барлық аймақтарынан жиналған Астана, Алматы және Шымкент сияқты ірі қалаларынан аталмыш партияның басты саяси іс-шарасына жиналды. Парртияның кезектен тыс съезіне келген делегаттардың қатарында Республикалық Саяси кеңес мүшелері, партия аумақтық филиалдарының атқарушы хатшылары, мәслихаттағы депутаттық фракция жетекшілері, «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы, партия ардагерлері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен партия белсенділері болды. Сондай-ақ, Жамбыл облысынан облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ басшысы Мүбарак Жинақбаева, ҚХА мүшелері – облыстық Өзбек этномәдени бірлестігінің өкілі, Қан орталығының басшысы Ғұлам Умаров, республикалық  дүнгендер қауымдастығының төрағасы Зайнуддин Махусеев т.б. қатысты.

Баспасөз қызметі орталығы

Дөңгелек үстел өтті

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де «Ене мен келін арасындағы өзара байланыс» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның басты мақсаты – отбасындағы жанжалды азайту, отбасылық құндылықтарды сақтау. Жиынға Жамбыл аудандық ҚХА медиаторы Әмірова Нұрлыкүл және аталмыш орталықтың білікті психологы Аида Сарымбетова қатысты. Олар жас келіншектерді отбасылық жанжалдардың алдын алу тәсілдерімен және оларды шешу жолдарымен таныстырды. Өз сөзінде Н.Әмірова ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынасты ғана емес, қайын сіңлісі мен қайын енесі, күйеу баласы мен енесі, ата-анасы мен балалары арасындағы дұрыс байланысты да қамтитын отбасылық этика туралы келелі тақырыптарды қозғады: – Өмір болған соң әрбір жас отбасында түрлі жағдаяттар мен жанжалдар болып тұрады. Мәселен, жаңа отбасы қандай да бір ұрыс-керіске бой алдырып, өкпе-наз, реніш арқалап жүру үшін немесе соның әсерінен ажырасып кету үшін құрылмайды, керісінше, ұзақ және бақытты да салиқалы өмір сүру үшін құрылады. Бір-біріне деген құрмет, сүйіспеншілік, өзара түсіністіктің барында және тұрмыс құру жолында кездескен қиыншылықтарға мойымай төзімді бола алған жағдайда ғана дұрыс отбасы шығады, – деп атап өтті.

Сондай-ақ, Жастар ресурстық орталығының психологы Аида Сырымбетова да ене мен келін, жалпы әйелдер арасындағы қарым-қатынасты реттеу бойынша құнды кеңестермен бөлісті. Бұған қоса, жас аналарға отбасында туындайтын күрделі мәселелерді өз беттерінше шеше алмаған жағдайда аталған орталыққа хабарласуды ұсынды.

Дөңгелек үстел соңында Н.Әмірова мен А.Сарымбетова жас отбасыларға жанжалды немесе даулы жағдайды шешу бойынша консультативтік және құқықтық көмек көрсетті. Диалог барысында туындаған қатысушылардың барлық сауалдарына қанағаттанарлық жауаптар берілді.

Кездесуге қатысушылар осындай іс-шараларды жиі өткізу жөнінде өтініш жасап, пайдалы жиынды ұйымдастырушыларға зор алғыстарын білдірді.

 

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Жамбыл облысының Қасқабұлақ ауылдық округінде облыстық “Барбанг” Республикалық күрділер қауымдастығы филиалының төрағасы Сартиф Алиев ауыл тұрғындарымен кездесті.

Жамбыл облысының Қасқабұлақ ауылдық округінде облыстық “Барбанг” Республикалық күрділер қауымдастығы филиалының төрағасы Сартиф Алиев ауыл тұрғындарымен кездесті.

Кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 01 қыркүйектегі “Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт.Берекелі қоғам” атты Қазақстан халқына Жолдауының негізінде ел игілігіне қатысты біршама мәселелер талқыланды. Этномәдени бірлестік басшысы С. Алиев Президент Жолдауына орай жергілікті тұрғындарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, жиынға Қасқабұлақ ауылдық округінің әкімі Жардис Усейнов те қатысты.

#Президентжолдауы

Баспасөз қызметі орталығы