Таразда отбасы орталығы ашылды

Балаларды қорғау күні қарсаңында, Достық үйі ғимаратында, Қазақстан халқы Ассамблеясы және облыстық соттың ұйымдастыруымен «Отбасы» орталығы ашылды.

Ашылу салтанатының рәсімді облыстық сот алқасының төрағасы Жомарт Рүстембеков пен облыстық ассамблея төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Қожаева Маржан Төреғұлқызы өткізді. Аталған іс-шара отбасылық сот пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде өткізілді.

Салтанатты шараға Жамбыл облыстық сотының сот алқасының төрағасы Жомарт Рүстембеков, облыс судьялары, Жамбыл облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Маржан Қожаева, облыстық Әділет өкілі Ләззат Әбішева, аналар кеңесінің өкілдері, ақсақалдар, этномәдени бірлестіктердің мүшелері, ҚХА медиаторлары, “Бастау” отбасын ресурстық қолдау жөніндегі жұмыс тобының өкілдері, адвокаттар, заңгерлер, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының және басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

Медиация кабинетінде осындай орталықты құрудың басты мақсаты араздасқан отбасыларды татуластыру және отбасылық құндылықтарды сақтау, сондай-ақ отбасылық жанжалдарды реттеу бойынша қызметтер кешенін көрсету орталығына айналадыру.

Шара барысында Жамбыл облысы ҚХА хатшылығының меңгерушісі Қожаева Маржан Төреғұлқызы 2017 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тараз қаласына бағытталған  сапарында отбасы, неке, жастар мәселелеріне ерекше алаңдайтынын және аталған мәселелер бойынша жұмыс жасалуын тапсырғандығын атап өтті. Сондай-ақ, осы тапсырмаларға сай, бүгінде  Аналар кеңесі және медиация кабинеті көптеген жұмыстар атқарып жатқандығын жеткізді.

Жамбыл облыстық сотының сот алқасының төрағасы Жомарт Рүстембеков облыстық Қазақстан халқы ассамблеясына осындай орталықты құруға мүмкіндік беріп, бірге жұдырық жұмылдыра жұмыс істегені үшін алғысын білдірді. Сот алқасының төрағасы: «Бұдан әрі орталықта отбасы-неке даулары бойынша дауларды сотқа дейін және соттан тыс реттеу институтын дамыту  шараларының жүргізілетінін атап өтті. Алда мұндай іс-шараларға бітімгер-судьялар, медиаторлар, психологтар мен әлеуметтанушылар қатысады және  олардың міндеті жанжал жасаушы ерлі-зайыптыларды татуластыру және ажырасу санын мейлінше азайту болып табылады»- дейді.

Сонымен қатар іс-шара барысында Жамбыл облысы Әділет департаментінің өкілі Ләззат Әбішева «Отбасылық сот» атты жаңа жобамен таныстырып, АХАТ органдарына өтініш білдірген жас жұптарға тегін курс-тренингтерді ұйымдастыру, ерлі-зайыптылардың, ата-аналардың жеке, мүліктік құқықтары мен міндеттеріне, алименттік міндеттемелерге, бала құқықтарына байланысты құқықтық кеңес беру мәселелері туралы айтып өтті.

Медиация кабинеті осындай орталықты құру арқылы енді отбасыларды татуластыру және отбасылық құндылықтарды сақтау, жанжалдарды реттеу бойынша қызметтер кешенін көрсету орталығына айналады.

Жамбыл облысы әкімінің аппаратының

“Қоғамдық келісім” КММ

баспасөз қызметі

Өткенге құрмет – мәңгілік міндет Тараздықтар саяси қуғын-сүргіннің құрбандарын еске алды

31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Аталған атаулы  күнге орай Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы мен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бірлесе отырып «Өткенге құрмет – мәңгілік міндет» атты еске алу кешін өткізді.

Шараға облыстық этномәдени бірлестік басшылары мен  өкілдері, зобалаң жылдары ажал құшқан құрбандардың ұрпақтары,  Аналар, ақсақалдар кеңестері , «Ақ желкен» жастар лигасы, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы және БАҚ өкілдері қатысты.

ХХ ғасырдың 1930-1938 аралығындағы жылдар ел тарихында демін ішіне тартып, қылышынан қан тамып тұрған азапты жылдар. Бұл жылдары қазақ даласына әлемнің әр түпкірінен түрлі ұлт өкілдері айдауға келіп, яғни туған жерлерінен жер аударылып жатты. Нәубетті жылдары өзі жарымай отырған қазақтар жер ауып келген этностарды бөтен деместен, бөгде деместен бауырына тартты. Бір үзім нандарын бөліп берді. Қазіргі таңда осы кезеңді еске алса ерекше толғанатын этнос өкілдері қазақтарға шын жүректерінен алғыстарын айтады. Атамекеннен айырылып айдауда жүрген  азаматтарға пана болған еліміздің бауырмалдық, қонақжайлық қасиетін этнос өкілдері ерекеше бағалайды. Бүгінде олар бірлігі бекем, тірлігі көркем елдің халқына айналған.

Кеш, бір минуттық үнсіздікпен солақай саясаттың құрбандарын еске алумен басталды. Аталған іс-шарада тарих қойнауындағы осы бір жылдардың көрінісі қайта жаңғырды. Бұған негіз болған кеш барысындағы «Әулие-Ата» қазақ мәдени орталығының» жастарының  азапты жылдардан үзінді ретіндегі ұйымдастырылған театрланған  қойылымы болды. Сонымен қатар, облыстық ассамблеяның белсенді жастары биге негізделіп  ұсынған қуғын-сүргіннің көрінісі және «Болашақ» вокалдық триосының әндері мен этнос өкілдері, этнос жастарының сөйлеген сөздері жиылған жұртты бір сәт өткеніне оралдырды. «Жыл сайын 31 мамырда Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу және қайғыру күні атап өтіледі», – деді Жамбыл облысындағы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Убайдуллаева Рано Махсұдқызы. – Өткен ғасырдың 20-30 жылдарындағы ашаршылық құрбандарын ұмытуға болмайды. Қиын кездерге қарамастан, Қазақстан халқы өз ауыртпалықтарына қарамастан, амалсыздықтан  қоныс аударған көптеген этникалық топтардың өкілдерін өз туыстарындай қарсы алып, бір нанды бөлісіп жеді. Ендеше, еліміздің біртұтастығы мен бірлігіне тағзым етейік! ».

Өшкені жанып, өткені жаңғырған кеш соңы саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарына сый-сияпаттар табыс етумен тәмамдалды.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Таразда А.Л.Нахмановичтің 95 жылдығына орай еврейлердің этнос күні өтті

2019 жылдың мамыр айында Жамбыл облысының Байзақов ауданы, «Түймекент»  ауылында Ғазиз Байтасов атындағы орта мектепте А.Л. Нахмановичтің 95 жылдығына арналған «Шиват-Цион» еврей этномәдени орталығының этнос күні өтті. Іс-шара «Өмірлері қиын жағдайда қалған балалар» орталығының тәрбиеленушілерімен бірлесіп ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – этносаралық қарым-қатынастарды үйлестіру және Жамбыл облысындағы еврейлердің этносының мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрін сақтау.    Этнос күні Жамбыл облысының Свердлов ауданы, Ұлы Отан соғысының батыры, Социалистік еңбек ері және де  Қазақстан Республикасының құрметті азаматы, «Трудовой пахарь» колхозының председателі Александр Нахмановичке  арналған еді. «Биылғы жылы біз этнос күнін сәл өзгеше түрде өткізуді ұйғардық», – дей келе, Жамбыл облысы «Шиват Цион» еврей этномәдени орталығының қоғамдық бірлестігінің төрағасы кештен біраз мағлұмат берді. – «Бұл бұрынғыдан өзгерек еске алу кеші болды. Бүгін біз жарқын үлгі болып табылатын, мейірімді және жанашыр жүректі, есімі ел есінде қалған құрметті азамат Александр Нахмановичті еске алудамыз. Біз – біртұтас отбасымыз, біздің ортақ үйіміздің болашағы – Қазақстан. Кез-келген қиындықтарға қарамастан, біз-еврейлер, басқа ұлттар арасында жоғалып кетпедік, тілімізді, мәдениетіміз бен салт-дәстүрлеріміз, әдет-ғұрыптарымызды сақтай алдық. Мұның бәрі – Мемлекет басшысының, Қазақстан үкіметінің дана саясатының және қазақтардың мейірімділігінің арқасы. Қазір этносаралық қарым-қатынастарда бірлік пен үйлесімділікті дамытуға үлес қосудамыз».

Сөз соңында Л.Корнилина жиналған жұртшылықты этнос күнімен құттықтап, еңбек жолдарына сәттілік, бейбітшілік пен келісім, тұрақтылық пен достық тіледі.

Іс-шара барысында жастарды тәрбиелеу, ата-бабаларымыздың рухына ғибадат етуге байланысты дәстүрлерді сақтау және басқа да этникалық сипаттамаларды дәріптеу мәселелеріне көп көңіл бөлінді. Қоғамдық бірлестік басшысы атқарылған жұмыстарды саралап, баяндамашылар еврейлердің Қазақстан экономикасына қосқан үлестері туралы,  халық шаруашылығының түрлі салаларын дамыту туралы ой өрбітті. Жиналғандар мониторлық экраннан еврей этносының тарихынан мағлұмат алып, орталықтың атқарған іс-шараларының суреттерін тамашалады.

Кеш соңы концертке жалғасты. Әртүрлі этникалық топтардың балалары мемлекеттік тілде өздерінің патриоттық әндерін орындап, алғыс хаттар мен мақтау қағаздарымен марапатталды.

Шараның құрметті қонағы, А.Нахмановичтің досы, замандасы,   «Түймекент» ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы – Бозай Оразалы Төлендіұлы:  «Мен депортацияланған халықтардың қайғысы туралы жақсы білемін, өйткені еврейлер туған жерінен мәжбүрлі түрде қазақ жерлеріне қоныстанды», – деді ол. – Соғыстан кейін Жамбыл облысына оралған Александр Львович «Джамбульский» қант совхозында  есепші және бөлім меңгерушісі болып жұмыс істей бастады, кейін ол «Трудовой пахарь» колхозының председателі болып тағайындалды. Нәтижесінде ол арнайы бригадалық топтарын ұйымдастырып, колхоздың еңбек ету деңгейін жоғары дәрежеге жеткізді. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1965 жылғы 31 желтоқсандағы қаулысымен «Ленин ордені» және «Серп и Молот»  алтын медальдарымен наградтталып, оған Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Биыл тірі болса  95 жаста болар  еді».

Іс-шараның екінші жартысында «Шиват  Цион» еврей мәдени орталығының қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Ғазиз Байтасов атындағы мектептің асханасында  №1 Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап  қайырымдылық түскі ас берілді.

Жамбыл облысы әкімі аппараты«Қоғамдық келісім» КММбаспасөз қызметі

Жамбылда халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

31 мамыр саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күні. Солақай саясаттың зардабын тартқан құрбандарды еске алып Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы және Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.

«Қазақстан халқының жады мен бірлігі – қоғамдық келісімді нығайтудың негізі: департациялаудың тарихи сабақтары» атты конференцияға Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының этномәдени бірлестіктері, қуғын – сүргін құрбандарының ұрпақтары,  Аналар, ақсақалдар кеңестер, «Ақ желкен» жастар лигасы, өңірлік тарихшы-ғалымдар және БАҚ өкілдері қатысты.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияның мақсаты: Қазақстанға 30-40 жылдары этнос және этникалық топтардың депортациялау мәселелерін талдау және негіздеу. Жер аударылған халықтардың тарихын зерделеудегі жаңа тәсілдерді қарастыру, бұл осы проблеманы жан-жақты, объективті түрде насихаттауға мүмкіндік берді. Бұл мәселе зерттеушілерге оның көптеген аспектілерін: саяси, әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, философиялық, адамгершілік және т.б. ерекшеліктерін айқындауға пәнаралық байланыс тұрғысынан қарастыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, жалпыұлттық тарихи сананы қалыптастыру, жалпы тарих пен жалпыұлттық идея негізінде қазақстандық бірегейлікті нығайту, болашақ ұрпақтар үшін тарихи зердені сақтауда азаматтық қоғамды біріктіру.

Бағдарламаға сай конференцияМ.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі – Бақторазов Сейдахан Уәлиұлының модераторлығымен өтті.

Конференция барысында М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Философия және саясаттану» кафедрасының аға оқытушысы, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі – БАЯРИСОВ РЕЖЕП ОРАЗБАЙҰЛЫ«Қазақстанда 1932-1933 жылдары орын алғанашаршылық: себептері мен салдарлары» тақытыбында баяндама жасады. Сондай-ақ, аталған конференция аясында енбек ардагері, өлкетанушы, қуғын сүргін құрбандарының ұрпағы – Нуридинов Кенесбек «Арманда кеткен әкелерге ескерткіш болсын» атты баяндамасымен таныстырды. Оқылған әр баяндама саяси қуғын-сүргіннің құрбанына айналған түрлі ұлттың ауыр тағдырларынан сыр шертті. Олардың арасында қарашай-балқарлар туралы да айтылды. Аталған халықтың тағдыр таразысына түскен нәубетті жылдары туралы қарашай-балқар этномәдени орталығының ақсақалдар кеңесінің мүшесі Хаджимуратов Исмайл «Қарашай-балқар халқының қуғын-сүргінге ұшырауы және Қазақстанға жер аударылуы» атты баяндамасында кеңінен тоқталды.  Бірлестік мүшесі зобалаң жылдардағы қарашай ұлтының қызы анасының көрген қасіретті жылдары туралы «Мен қуғын-сүргінді,зобалаңды көрген жоқпын. Менің анам Шидакова Муслимат Хажымұратқызы қарашай қызы 1943 жылы 2-3 қараша түні қарашай елінің қалай жер аударғаны жайлы бала кезімнен құлаққа құйып өсірді. Анам жер аударғанда 19-жастағы естияр жаста еді, өмірінің соңына дейін қазақ халқының жақсылығын айтып өтті.Шырт ұйқыда жатқан Учкулан ауылын түнгі 3-4 шамасында гүрілдеген машина дауысы оятып, үйден жүгіре шыққан адамдарды әр үйге бөлінген екі офицермен автомат асынған төрт солдаттар қоршап алған, айтылған талап ең керекті заттарды алыңдар деп, бір сағатта машинаға тиеп, сол кездегі Батталпаша станциясына, (қазіргі Черкесск қаласы) жеткізіп, мал тиейтін вагондарға орналастырып белгісіз жаққа ала жөнелді. Ер азаматтар соғысқа кеткен, қарттармен, жас балалар, сәбилер жолды көтере алмай өліп жатты, төрт тәулік есікті ашпай жүріп келіп Волга өзенінің көпіріне келгенде есікті ашқанда вагондағы бірталай адам лап ете кірген таза ауадан есінен танып құлап түсті. Қайтыс болғандарды бұрышқа бірінің үстіне бірін жинап қойған еді, соларды түсіріп алды, өзіміз жерлейміз деп. Есіктер жабылған сәтте поезд жүрмей жатып әскерлер мүрделерді аяқ-қолынан ұстап Волга суына лақтырды. Шулап жылаған халық жақындарынан осылай айрылып кете барды. Неткен қасірет…»деп баяндады.

Демін ішіне тартып тұрған қасіретті жылдардың қайңылы естеліктері залдағы көрермендердің көңілінде босатты. Бәлкім тарихпен бетпе бет келу деген осы болар.

Конференция соңы көңілі түрлі естеліктерді еске алып жабырған көрермендердің арасында отырған саяси-қуғын сүргіннің бүгінгі күнге аман-сау жетіп, ата – баба аманатын арақалаған түрлі ұлты өкілдерінің ұрпақтарына естелік сыйлықтар табыс етумен тәмамдалды.

 Қоғамдық келісім ” КММ баспасөз қызметі»

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«МӘМІЛЕ» КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2019 жылдың 17 мамыр күні сағат 15.00-де Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы Тілдерді оқыту орталығының облыстық Қазақстан халқы ассамблеясымен бірлескен «Мәміле» клубының отырысы өтті. Бұл клуб – тілді үйренгісі келетіндер мен оған көмек көрсететін, сондай-ақ тілді меңгерген еріктілерге арналған диалог алаңы болып табылады.
Қатысушылар диалог алаңында «Мінез – характер, Ырымшыл – суеверный, Білімді – знающий, Сегіз қырлы – многосторонний» тақырыптарында әңгіме өрбітіп, спикерлер – ТарМПУ-дың қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д. профессор – ТҰРСЫНАЙ ӘБДІҚАДЫРОВА, «Айқын» газетінің облыстағы меншікті тілшісі – ЕРМАН  АБДИЕВ этнос жастарына өз ойларымен бөлісті.

Таразда сайлау алды кездесу өтті

Елімізде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары қарқын ала бастағаны баршаға мәлім. Осыған орай өңіріміздегі Достық үйінде “Нұр Отан” облыстық Штабының мүшелері мен  этномәдени бірлестік өкілдерінің кездесуі өтті.

Кездесуді Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылығы мен еліміздің бас партиясы «Нұр Отанның» облыстық филиалы ұйымдастырды.

Сайлауалды кездесуге Жамбыл облысы ҚХА этномәдени бірлестігінің жетекшілері мен мүшелері, Аналар мен ақсақалдар кеңесінің жетекшілері мен өкілдері және БАҚ мүшелерімен қоса барлығы 70 адам қатысты.

Күн тәртібіне сай кездесу барысында қаралған бірінші мәселе  «Нұр Отан» партиясының атынан президенттікке ұсынылған  үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау болатын.

Кездесуде  облыстық “Нұр Отан” партиясы Штабының мүшелері, сенімді тұлғалары Савченко Александр Гоергиевич пен Тілеуов Қырғызғали Тілеуұлы өз баяндамаларын жасап ел президенттігіне арналған кезектен тыс сайлауда дұрыс және әділ шешім қабылдауға шақырды. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдай отыра оның саясат сахнасындағы шеберлігін, ел басқару ісіндегі ептілігін және тұлғаның іскерлік бейнесін жиылғандарға терең түсіндірді. Баяндамашылар бұдан өзге сайлауалды бағдарламаның әр тармағына тоқталып, Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының сабақтастық, әділдік, өрлеу атты үш бөлімімен таныстырды.

Қазақстан президенті сайлауының әділ, заңды және шешімнің дұрыс қабылдануы өңірлік этнос өкілдерін де бей-жай қалдырмақ емес. Осы тұрста ел президенттігінің кезектен тыс сайлауға қатысты «Жамбыл облысы Махмұт Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Тұрдыева Мухабат Абдрахманқызы мен «Вайнах» Жамбыл шешен-инғұш мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің  төрағасы Магомадов Рамзан Сапиевич жиында өз баяндамаларын жасап, пікірлерін ортаға салды.

Ұйғыр этносы қоғамдық бірлестігінің жетекшісі М.Тұрдыева «Ел билігі, Отанымыздың саясатының дұрыс жүруі біздің әрқайсымыз үшін де аса маңызды. Әрине, мемлекет басқару, басшыны саяси тұрғыдан тану және оны тағайындау, бұл өте маңызды әрі аса жоғары  жауапкершілікпен қарайтын шаруа. Бұған атүсті қарай салуға еш уақытта болмайды. Бүгін облысымызға ел президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясаткерлігі мен іскерлігін дәріптеп, сайлауалды бағдарламасымен таныстыруға «Nur Otan» штабынан арнайы өкілдер келіпті.  Бұл, халықты Қазақстанымыздың ертеңі үшін дұрыс шешім қабылдауға және дұрыс таңдау жасауға зор ықпалын тигізеді деген сенімдемін. Елдің басшысы болу, ол халықтың мүддесін қорғай алатын, оның проблемаларын жіті түсіне алатын, халықтың әл-ауқаты мен ішкі-сыртқы саясатын бес саусағындай білетін саясаткер болуы тиіс деп ойлаймын»- деді.

Сондай-ақ, президент сайлауына қатысты шешен-инғұш этносы қоғамдық бірлестігінің жетекшісі  Р.Магомадов мерзімінен бұрын өткелі тұрған сайлауға қатысты өз ойын білдірді. Бірлестік жетекшісі «Президент сайлау ел тарихындағы маңызды оқиға. Оған немқұрайлы қарауға болмайды. Себебі, бұның артында халықтың тағдыры тұр. Өсіп келе жатқан жастарымыздың болашағы тұр. Осыған орай 2019 жылдың 9 маусымы күні өтетін ел президентін анықтайтын сайлауда дұрыс және әділ шешім қабылдауымыз керек. Ал, бүгін «Nur Otan» штабынан келген қоғам қайраткерлері бізге дұрыс бағыт- бағдар беріп отыр. Оған толыққанды сенімдімін. Сондай-ақ, сайлауалдында мұндай үгіт-насихат жұмысының жүруі өте орынды. Себебі, президенттікке үміткер саясаткерлердің біз білмейтін іскерлік қабілетін тани түсеміз. Бұл оларға дауыс беруге деген сенімімізді арттырады.  Мен өз таңдауымды жасарда саясаткерлігі өте жоғары тұлғаны таңдаймын. Себебі, Қазақстан дамудың даңғыл жолында. Оған  еш тоқтамай алға бастайтын және халықтың қамын бәрінен биік қоятын саясаткер қажет» – деді өз баяндамасында.

Жиын соңы Штаб мүшелері мен этнос өкілдері арасында өзара пікір, сұрақ-жауаппен аяқталды.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Медиация мектеп қабырғасынан басталады

Жамбыл облысы әкімі аппаратының “Қоғамдық келісім” КММ-нің өскелең ұрпақ арасында Шексіз ортаны дамыту мақсатында өңірдің мектептері мен колледждерінде бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.  Даулар мен жанжалдарды шешуге медиативтік тәсілді қолдану туралы құқықтық түсіндіру жұмысын ҚХА медиаторлары  және Аналар кеңестерінің өкілдерімен жүргізді.

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен ынтымақтастық туралы меморандумын іс жүзінде жүзеге асыру мақсатында медиация кабинеті судьялармен бірге №10 С. Нұрмағанбетов атындағы орта мектепте бірлесіп тәлімдік іс-шара ұйымдастырды.  Тараз қаласы, онда даулар барысында туындаған әлеуметтік-психологиялық мәселелерді шешу алгоритмі таңдалды.

“Мектеп медиациясы” кабинетінде 11 сынып оқушыларына арналған “Медиация негіздері” атты алғашқы кеңестік – әдістемелік сабақ өтті.

Дәрісте медиация кабинетінің меңгерушісі-Досыбиева В. Н. қатысушыларды медиация процедурасымен, оның қағидаттарымен, құралдарымен және қолдану саласымен таныстырды. Өз сөзінде ол оқушылардың мектеп аумағында қатарластарымен және аға буын өкілдерімен өзара іс-қимыл жасауды қалай үйренетініне, мектеп аумағынан шығып, одан да ересек жаста оны қалай жасай алатынына байланысты екенін атап өтті. Жанжал, даулы жағдайлар әр адамның өмірінде болатындықтан, оның, біздің өміріміз жанжалдардың шексіз санын шешуден тұрады, оларды болдырмау мүмкін емес. Біздің міндетіміз, қалыптасқан шиеленіс жағдайынан шығуды лайықты табуға үйрету және осы оң тәжірибені одан әрі оңтайлы пайдалану.

Л. В. Сафонова – ҚХА медиаторлар кеңесінің төрағасы қатысушыларды медиацияны өмірде қолданудың практикасы негізінде өз тәжірибесінен мысал келтіре отырып таныстырды.  Дәріс интерактивті тренинг түрінде өткізілді. Оқыту барысында шағын-дәрістер, практикалық жаттығулар, рөлдік ойындар, миға шабуыл, дискуссиялар, жеке байланысы бар имитациялық медиация қолданылды.

11 сынып оқушыларына даулы жағдайлар және оны шешу кезінде медиацияны қолдану тәсілдері ұсынылды. Оқушылар ұсынылған жағдайды делдалдық және келіссөздер арқылы сәтті шешті.

Мектеп оқушыларына арналған оқу сабақтары ұдайы жалғастырылмақ,  өйткені олар медиация институтын мектеп қабырғасынан бастап мақсатты түрде дамытып, өскелең ұрпақты дауды немесе жанжалды шешуге медиативтік көзқараспен қарауға үйретеді.

Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды!

Ағымдағы жылдың алтыншы мамырында облыстық «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы және «Aibyn» әскери-патриоттық клубының белсенді жастары   жеңіс күні қарсаңында Жамбыл облысы Тараз қаласында тұратын Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйлеріне барып құттықтап қайтты.

Белсенді жастар бірінші  Тараз қаласы, Сатпаев көшесінің тұрғыны Иванов Геннадий Ивановичтің шаңырағына барды. 1926  жылы дүниеге келген ардагер қазір 93 жаста. Жасының қарттығына қарамастан жастарды өзі қарсы алып, батасын беріп, соғыстағы жеңісі туралы әсері әңгімесімен бөлісті.

Жастардың келесі аялдаған ардагері Тараз қаласы, Пушкин көшеснің тұрғыны Жанәлі Мұрат Елубайұлы.  Ардагер 1926 жылы туылған. Қазір 93 жаста. Бүгінде бір ғасырға жуық жасты алқымдаған ардагер жалынды жастарды ұрпақтарымен құшақ жая қарсы алып оларға бата, тілектерін айтты.

Жастардыңодан ары бетке алған бағыты қаламыздағы Абай көшесініңбойына қоныстанған, ардагер Нещеретнев Григорий Владимиривичтің шаңырағы болды. Ардагер 1921 жылы туылған. Қазір 98 жаста. Майдангер белсенді жастарды есік алдынан өзі қарсы алып, төрінен орын берді. Оларға өз өмірінің өнегелі жолдарымен таныытырып, соғыс даласы туралы айтып, жастар бойындағы Отанға деген құрметін еселей түсті.

Белсенді жастар ардагерлерге арналған құттықтауын ары қарай жалғастырып Пушкин көшесінде орналасқан ардагер Бужуков Мухан Толыбаевичтің шаңырағына табан тіреді. Майдангер 1926 жылы туылған.  Келген жастарға өз ақыл парасатын айтып, майданда жүрген жылдардағы жасаған ерліктерімен бөлісті. Естелік суреттерін көрсетті.

Жастар үйлеріне барған барлық ардагерлерді Ұлы Отан соғының жеңісімен құттықтап сый-сияпаттар табыс етті. «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының өңірлік штабының жетекшісі Хамида Турдыеваның айтуынша бұл облыстық ассамблея жастарының дәстүрге айналған шараларының бірегейі екен.

Сондай-ақ, жастар жетекшісі «Қарты бар елдің қазынасы бар деген. Жалпы жастар қайырымдылық жұмыстарына, қоғамдық жұмыстарға белсене ат салысуға қашанда дайын. Біз тек осындай мейрам, мерекелерде ғана емес қарапайым күндеріде қолдан келгекөмектерімізді аямаймыз. Ал бүгінгі шара  жылдан-жылға жалғасын тауып келе жатқан игі істеріміздің бірі. Алдағы уақытта мұндай шаралар өте көп болатын болады. Мереке құтты болсын!» – дейді.

Жеңіс күніне арналған ардагерлерді құттықтау шарасының соңы майдангерлермен естелік суреттерге түсумен аяқталды.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

 «Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісі

Ағымдағы жылдың мамырында Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылығы және облыс әкімдігінің дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Тараз қаласы, «Достық үйінде» «Конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісі» тақырыбында облыстық конференциясы өтті.

Аталған шараға облыс аумағында қызмет атқаратын Ислам, Христиан бағытындағы діни бірлестіктері мен филиалдары, этномәдени бірлестіктері, БАҚ-ның өкілдері қатысты.

Жиын дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаровтың  төрағалық етуімен және кіріспе сөзімен басталды. Жангелді Жайлауұлы «…Қазақстан Республикасы – әрбір азаматтың өз пікір еркіндігін құрметтейтін, олардың діни сенім бостандығына қарамастан азаматтардың тең құқылығына кепілдік беретін, Казақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін діннің мәдени және тарихи құндылығын танитын әрі конфессияаралық келісімнің маңыздылығын, діни төзімділік пен діни көзқарасын құрметтейтін мемлекет» – дейді.

Басқарма басшысынан кейін Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылығының меңгерушісі Маржан Төреғұлқызы Қожаева «Этносаралық келісім – ел тұрақтылығының кепілі» тақырыбында баяндама жасады. «Бүгінгі таңда өңірде этносаралық қатынастарды, қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді нығайтуға бағытталған 957 іс-шара өткізілді. “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында жалпы сомасы 70 млн.теңгеге 2 ұзақ мерзімді жоба іске асырылуда. Сондай-ақ, елімізде Ассамблея қамқорлығымен 800-ден астам қоғамдық медиатор жұмыс істейтіні белгілі. Олардың белсенді араласуының арқасында тек өткен жылдың өзінде ғана 20 мыңға жуық медиациялық келісім жасалса, облыста медиаторлар 735 даулы жағдайды шешті. Биылдың өзінде медиация кабинеттеріне 232 азамат жүгініп, 192 жанжал мен даулы жағдайлар шешімін тауып отыр. Жалпы жастар тәрбиесіне қатысты мәселелерге облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының аналар кеңесі де белсенді араласуда. Олар биылдың өзінде 42 кездесу ұйымдастырып, 2580 адамға ақпараттық кеңестер берді. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында өңірдегі этносаралық жағдайды бағалау мақсатында жүргізілген әлеуметтік зерттеу қорытындысы бойынша этносаралық қарым-қатынасты 97,8% респонденттер «жайлы», «тыныш» деп бағалаған, 96,1%-ы өздерін «қазақстандықпын» және басқа этнос өкілдеріне төзімділік деңгейі 95,9% құрады» – дейді, хатшылық меңгерушісі.  

Іс-шара барысында  «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Е.Аманбаев ислам дінінің ұлағатты да тәрбиелік қағидаларында әрбір мұсылман үшін дінаралық татулық пен үйлесімнің міндетті екенін және мұсылман қауымы өзге конфессия өкілдерімен бейбіт өмір сүрудің мән-маңызын ерекше бағалайтынын атап өтті.

Сонымен қатар, өз баяндамаларында өзбек этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Абдурахман Юлдашевич Зайнутдинов, Жамбыл облысы «Вынхуа» дүнген мәдени орталықтарының қауымдастықтары» қоғамдық бірлестігі төрайымының орынбасары, ҚХА «Ақ желкен» жастар лигасының төрағасы Зайнуддин Абдулбахтиярович Махусеев Қазақстан Халқы ассамблеясы институтының, этносаралық татулықты сақтаудың мән-маңызын атап өтті.      Жиынға қатысушылар конфессияаралық келісімді орнату, бейбітшілік пен өзара төзімділік құндылықтарын насихаттау арқылы Қазақстан әлемдік саясатта жоғары құрмет пен беделге ие болғанын, жаһандық алаңда көптеген елдердің сенімді әріптесіне айналғанын атап өтті.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

 «Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы туралы

Конго Қырым геморрагиялық қызбасы табиғи ошақты аурулар қатарына жатады. Аурудың қоздырғышы вирус табиғатта жануарлар арасында үнемі айналыста болуына байланысты ауруды мүлдем жойып жіберу мүмкін болмағандықтан табиғи ошақта орналасқан елді мекендерде ауру орын алып жатады.

Аурудың белсенді табиғи ошағында орналасқан Тараз қаласы және Байзақ, Жамбыл, Талас, Мойынқұм, Сарысу аудандарының елді мекендерінде аурудың алдын алу шаралары жүйелі түрде жыл сайын жүргізіледі. Жылда облыс әкімінің алқа отырысында осы ауру бойынша эпизоотиялық және эпидемиологиялық жағдайы қаралып, облыс әкімінің қаулысымен табиғи ошақта атақарылатын іс-шаралар жоспары бекітіледі.

Ауруға қарсы іс-шараларды облыстық ветеринариялық және денсаулық сақтау басқармаларының, қоғамдық денсаулық сақтау департаментімен Жамбыл облысы бойынша обаға қарсы станциясының, жергілікті әкімшіліктердің қызметкерлері өзара бірлесе iс-қимыл жасауымен орындалады. Атқарылатын іс-шаралар малдар мен қора – жайларды кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын, қолайсыз елді мекендердің айналасына санитарлық-қорғау аймақтарын құруды қамтиды. Табиғи ошақтағы эпизоотиялық – эпидемиологиялық жағдайды тұрақты жағдайда ұстап, ауру деңгейін төмендету шараларын жүргізуде ветеринария және медицина, жергілікті әкімшіліктердің қызметкерлерімен бірге тұрғындарда атсалысулары тиіс.

Кенеге қарсы іс-шаралар жыл басында алдын ала жоспарланған жоспарға сәйкес және табиғи ортадағы кененің белсенділігіне қарай көктем мезгілінде екі кезеңде, күз мезгілінде бір рет жүргізіледі.

Ветеринариялық іс-шаралар аурудың табиғи ошағындағы ауыл шаруашылығы жануарларының денесіндегі, қора-жайлардағы және буферлік аумақтағы кенелерді жоюға бағытталған. Бұл жұмыстарды жергілікті атқарушы органдар атқарады. Сонымен қатар, жергілікті әкімшіліктер тұрғындармен эпидемилогиялық кезеңде кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу алдында бір апта бұрын ауыл мен қала аймағын, жеке қора – жайларды (қи қоқыстан тазалау) жұмыстарын жүргізіп, аталған нысандарды залалсыздандыруға дайындайды. Ал тұрғындар өз кезегінде ветеринар мамандарға малдар мен мал қораларын кенеге қарсы химиялық улармен дәрілеу жұмыстарын атқаруға мүмкіндік жасап, ауыл шаруашылық малдарын арнайы тоғытпалардан дәрілеуден өткізуге қатысулары тиіс.

Әрбір азаматқа кенеден сақтану үшін ақшыл түсті жеңі ұзын жейде, шалбар киюге, мал арасында, мал қорада, табиғатта аясында болғаннан кейін сырт киімдеріңізді қарауға, ауруды жұқтырмау мақсатында жануарға күтім жасағанда, жануарды сойғанда, мүшелегенде, тасымалдаған және өткізген кезде олардың қанымен, терісімен жанасқанда сақтандыру киімдерін пайдалануға кеңес береміз.

Жамбыл облысы бойынша облыс әкімдігінің «Конго – Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағында қоныстанған Сарысу, Талас, Мойынқұм, Жамбыл, Байзақ аудандары мен Тараз қаласының тұрғындарын қорғау жөніндегі 2019 жылға арналған бірінші кезектегі шаралар туралы» № 17 қаулысы ағымдағы жылдың 4 ақпанында бекітілді.

2019 жылы облыс бойынша 48 елді мекенде залалсыздандыру жұмыстары жүргізілетін болады. Байзақта-8, Жамбылда-4, Мойынқұмда-13, Таласта-7, Сарысуда-11, Тараз қаласында-5 елді-мекен.

Эндемиялық аудандарда Конго – Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағындағы қоныстанған тұрғындарды қорғау бойынша жұмысты  үйлестіру  штабы және бірінші кезекті іс – шаралар жоспары  қолданысқа енгізілді.

Кестеге сәйкес кенеге қарсы жұмыстардың көктемгі 1 кезеңі сәуір айының 15-19 аралығында басталды. Жоспарға сәйкес ағымдағы жылы 48 елді-мекенде көлемі 3 631 242  шаршы метрді құрайтын 14 242 қора-жай залалсыздандырылып, 484 078 бас ауыл шаруашылығы жануарлары (оның ішінде МІҚ – 68 772 бас, ұсақ мал – 408 291 бас) кенеге қарсы дәріленіп, 629 716 шаршы метр 348 буферлік аумақ (мал суаттары, мал үйездетін орындар, елді мекен төңірегіндегі бұталар) залалсыздандырылады.

Ағымдағы жылдың 2 мамырына табиғи ошақ аумағында  2 427 982 шаршы метрді құрайтын 9884 қора-жай және 320 392 шаршы метр болатын 263 буферлік аймақ залалсыздандырылып, барлығы 309 960 бас ауыл шаруашылығы жануарлары (оның ішінде МІҚ- 36125 бас, ҰМ-262 934 бас, жылқы-9007 бас, түйе – 1345 бас, шошқа- 90 бас, ит – 459) кенеге қарсы дәріленді. Залалсыздандыру жұмыстары жалғасуда.

Жалпы Конго Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы облыс көлемінде алдын алу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.