Құттықтау

Құрметті қазақстандықтар, Жамбыл облысының тұрғындары, ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ қызметкерлері!

Баршаңызды келе жатқан Жаңа 2022 жылмен құттықтаймын!  Жаңа жыл барлықтарыңызға тек жақсылық әкелсін, ал қиыншылықтар сіздерді айналып өтсін! Осы жарқын мерекеде барлықтарыңызға зор денсаулық, күш-қуат, мықты ерік-жігер тілей отырып, одан әрі өркендеу, жетістіктер мен табыстар тілеймін!  2022 жыл әрқайсымыз үшін жоспарлар мен тың идеяларды  жүзеге асырудың, барлық үміттердің ақталып және тілек-армандардың орындалар  құт, береке, бақыт жылы болсын! Жанымызға жақын және қымбат адамдар, адал да, сенімді достар әрқашан жанымыздан табылсын!

Ең бастысы – келіп қалған Жаңа жылымыз Еліміз үшін  жанға жайлы тыныш болғай, бейбітшілігіміз  тұрақты, мәңгі болсын!

 Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

“Қоғамдық келісім”КММ басшысы

Парида Иманжанқызы Мамедова

 

Құрметті қазақстандықтар мен жамбылдықтар!

 

Баршаңызды келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Әрбір шаңырақтың төрінен орын алатын Жаңа 2022 жыл барлықтарыңызға ерекше жақсылықтың жылы болып енсін есігіңізден! Бұрыннан дәстүрлі түрде мерекеленіп келе жатқан бұл мейрам әрбір адамның санасында таңғажайып ертегі әлеміндей сақталып келе жатқаны рас. Ең бастысы – балалар үшін өз кереметі бар қыстық, қуанышты мейрам.

Ендеше, атаулы мейрам болашағымыз – балалардың көтеріңкі көңіл-күйін сақтап, үй-іштеріңіз бен шаңырақтарыңызға шаттық, бақ-береке, мол табыс әкелсін! Еңбек жолдарыңызға толағай табыстар, тың идеялар, шығармашылық шабыт-шарықтаулар тілей отырып, еліміз аман – бейбітшілікті,  жұртымыз тыныш – келісімді болса  екен деп тілеймін. Жер жүзіне тек тыныштық пен бақыт әкелсін бұл – Жаңа жыл!!

 

Жамбыл облыстық Махмұт Қашқари атындағы Ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрайымы Мухабат Абдрахманқызы Турдыева

 

Құрметті қазақстандықтар! Жаңа 2022 жыл — бірлік пен татулықтың жылы болсын! Барша қазақстандықтарды  кележатқан жаңа жылмен құттықтай келе,  аспанымыз ашық, денсаулықтарыңыз мықты болып,  әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын деп тілеймін! Халық арасында “Ескі жылдың қайғы- мұңын, өкпе-наздың барлығын сол жылға тастап, кіріп келе жатқан Жаңа жылды көтеріңкі көңіл-күймен, таза, дұрыс ойлармен қарсы алу керек. Әрбір кірген жаңа жылдың өзінің дайындап отырған қуанышы, бақыты, сыйы болады” деген сөз бар. Жаңа жыл табалдырығын махаббатпен, меійріммен аттайық, «бізді алда тек қана қуаныш пен бақыт күтіп тұр» деп сенейік. Жаңа жылда үйлеріңіз нұрға, құшақтарыңыз гүлге толсын!

Жылыстаған жылдармен жылжып, есен-сау жүре берейік! 2022 жыл ырыс пен ынтымақтың, береке мен байлықтың, бейбітшілік пен бақыттың жылы болғай! Аңсаған арманымыз орындалып, жүректер жылудан айрылмасын!

Жамбыл облыстық Дүнгендер қауымдастығының өкілі,

қалалық 34-мектептің директоры

 Динара Хатамқызы Нұралиева

 

Ұлтаралық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту жолында

2021 жылғы 29 желтоқсанда «Қоғамдық келісім» КММ-де қала әкімінің “Ұлтаралық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін” сыйлығын алуға арналған байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың, этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Қала әкімі Ержан Жылқыбаев құттықтау сөзінде бүгінгі таңда біздің қаламызда ресми тіркелген 24 этномәдени бірлестік жұмыс істейтінін, олардың қолданыстағы Конституция негізінде тең құқықтарға ие және этносаралық келісімнің қазақстандық моделін іске асырудың белсенді қатысушылары болып табылатынын атап өтті. – Сіздердің белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз бен жүргізіліп жатқан жұмыстарыңыз халықтың толеранттылық деңгейін қалыптастыруға және жалпы қоғамдық келісімді дамытуға ықпал етеді, омыған орай, мен сіздерге ризашылығымды білдіремін. Биыл Тараз қаласында алғаш рет “Ұлтаралық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін” атты қала әкімінің сыйлығына байқау ұйымдастырылды, оған 20 этномәдени бірлестік қатысты, – деп хабарлады Ержан Жылқыбаев.

Бұдан ары іс-шара марапаттау рәсіміне жалғасып, Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаевтың қолынан үш категория бойынша этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен төрайымдары марапатқа ие болып, жеңімпаз атанды. Жеңімпаз көшбасшылар қатарында Жамбыл облыстық «Махмұт Қашқари атындағы ұйғырлар этномәдени бірлестігі» қоғамдық бюірлестігі, “Жамбыл облысының немістер қоғамы” қоғамдық бірлестігі, Тараз қалалық Өзбек этномәдени орталығы, “Әулие Ата “қазақ мәдени орталығы” қоғамдық бірлестігі, “Ахыска “түрік этномәдени орталығы” қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы, Жамбыл облысының “Радонеж “Орыс қауымдастығы” қоғамдық бірлестігі, Жамбыл облыстық “Вынхуа “дүнген этномәдени орталығы”қоғамдық бірлестігі бар. Барлығы жеті этномәдени бірлестік бірінші орынға ие болып, 350 000 теңге көлеміндегі сертификат алды.

Конкурстық комиссияның шешімі бойынша 2 – орындар екінші санаттағы “Жамбыл облысындағы Қазақстан Республикасының “Барбанг” күрд қауымдастығының Республикалық филиалы” қоғамдық бірлестігі, “Жамбыл облысының гректер қоғамы” қоғамдық бірлестігі, “Днипро» украин мәдени орталығы” қоғамдық бірлестігі, “Архыз” қарашай-балқар республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл филиалының “Бірлік” қоғамдық бірлестігі, «Айнұры» татар-башқұрт мәдени орталығы” қоғамдық бірлестігі жүлделі орындарға ие болды. Барлығы-250 000 теңге сомасына сертификат алған – алты жеңімпаз.

Сондай-ақ, 3-орындарға – “Вайнах “Жамбыл шешен-ингуш мәдени орталығы” қоғамдық бірлестігі, “Манас Ата” Жамбыл облыстық қырғыз этномәдени бірлестігі, “Самшобло” грузин этномәдени бірлестігі, Жамбыл облыстық «Полонез» «Поляк тілі мен мәдениеті» орталығы, “Қытай мәдени орталығы» этномәдени бірлестігі, Жамбыл облысының “Хазар» әзірбайжан этномәдени бірлестігі, Жамбыл облыстық “Шиват Цион еврей мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі жеңімпаз атанды. Жеті бірлестік 150 000 теңге көлемінде сертификаттарға ие болды.

Іс-шара соңы фотосессиямен аяқталды.

 

   Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

  Қоғамдық келісім “КММ

  Баспасөз қызметі орталығы

Жаңа жылдық тосынсый

2021 жылғы 27 желтоқсанда девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мамандандырылған мектепте қайырымдылық іс-шарасы өтті. Ұйымдастырушы – Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының Аналар кеңесі.

Іс-шараның мақсаты  – мерекелермен құттықтау, қиын өмірлік жағдайларға тап болған балаларды қолдау. Бұл мекемеде сот шешімімен жіберілген, заңға қайшы әрекет еткен жасөспірімдер түзелу бағытында тәрбиеленуде. Көбісі жақсы-жайлы  өмірден емес, келеңсіз жағдайларға ұшырағандар қатарында аталмыш оқу орнына жіберілгендер. Сонымен бірге, бір кездері олардың жанында дұрыс таңдау жасауға көмектесетін және дұрыс жолға бағыттайтын адамның болмауы әсерінен де болуы мүмкін.. Сенім – өмірде көп нәрсеге себепші. ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері тәрбиеленушілерге сыйлықтар беріп қана қоймай, олармен сенімді қарым-қатынас орнатып, қолдап, өмірлік тәжірибесімен бөліседі. Олар жасөспірімдердің түзелуіне, басынан өткен қателіктерін қайталамауына көмектесуге тырысады.

Жаңа жыл – сыйлықтар мен ғажайыптар уақыты. Қайырымдылық акциясын өткізу – арман-тілектерді орындауға, балаларды қамқорлықпен және ықыласпен түсінуге мүмкіндік беретін игі іс. Іс-шара ұйымдастырушылары мен демеушілері тәрбиеленушілерді келе жатқан Жаңа 2022 жылмен құттықтап, сыйлықтар ретінде тәтті-дәмділер, теннистік, басқа да   үстел ойындарын сыйлады. Ал балалар болса, өз алғыстары мен құрметтерін  мерекелік концерттік бағдарламамен жеткізді.

Жыл сайын Жамбыл облыстық ҚХА Аналар кеңесі осы арнайы мектеп жасөспірімдеріне сыйлықтар алуға көмектесетін меценаттарды қарастырады, – дейді Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Мухаббат Миражапова. -Тұрақты демеушілердің бірі – ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі, Жамбыл облысының Өзбек этномәдени бірлестігінің өкілі, қаламыздағы “Үміт” дәмханасының иесі Лобар Гаюпова. Бірнеше жыл бойы ол осы мекеме балаларына қамқорлық көрсетіп жүрген жандардың бірі.  Үнемі дастархан жайып, сыйлықтар табыс етіп, қайырымдылығын аяған емес. Міне, бүгін де мейірімділік пен сенімге зәру балаларға қуаныш сыйлап отыр.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің

ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ

 Баспасөз қызметі орталығы

Сізді Жаңа 2022 жылыңызбен шын жүректен құттықтаймын!

Баршамыз жаңа жылмен бірге ізгі жаңалықтардың келуін күтеміз. Келер жаңа жыл Сіздің барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға ақ жол ашып, мол табыстар ала келсін, жетістіктерге толы болсын. Сізге зор денсаулық, қуаныш пен шаттыққа толы ұзақ ғұмыр, отбасыңызға бақ-береке, ашық аспан, шуақты күндер тілеймін.

Ізгі тілекпен, Станислав Насыров,

Қордай ауданының, «Отечество» славян этномәдени бірлестіктердің мүшесі

Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді жаңа 2022 жылмен шын жүректен құттықтаймын.  Келе жатқан жаңа жылдың жағымды жаңалықтары көп болсын. Әр отбасында баянды бақыт пен береке, денсауылық келсін.  Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауызбіршілігіміз арта берсін. Жаңа жыл- бірлік пен татулықтың жылы болсын.

Саурукова Шынар,

Қордай ауданының  «Шаңырақ» қазақ этномәдени бірлестіктігінің жетекшісі

Рождестволық концерт

Бүгін Жаңа 2022 жылқарсаңында Жамбыл облыстық Немістер қауымдастығы Достық үйінде “Рождество” мейрамына орай, ұлттық дәстүрлері бойынша мерекелік концертін өткізді. Көрермендер өнерпаздардың “Танец ангелов и Кристкинд”, “Танец с леденцами ” билерімен қоса, “К нам пришли зима “, “Яркая звездочка на небе горит “, “Снег кружится, летает” әндерін тамашалады.

Жиналған жұрт неміс этносының шығармашылық тобының өнеріне тәнті боп, демалыс күндерін көтеріңкі көңіл-күймен өткізіп тарқасты. Жаңа жыл қазақстандықтарға тек жақсылық әкелсін!

 

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының

“Қоғамдық келісім” КММ Баспасөз қызметі орталығы

Әкім сағаты

2021 жылғы 27 желтоқсанда “Jambyl” телеарнасының тікелей эфирінде “Әкім сағаты” өтті. Іс-шара жаңа форматта өтті. “Jambyl” телеарнасының, “Aulieata Media” медиахолдингінің, Өңірлік коммуникациялар қызметінің, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының өкілдері қатысты. Белсенді қатысушылар арасында журналистер, блогерлер, жұртшылық бар. Іс-шараға Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы журналистер клубының төрағасы, республикалық “Казахстанская правда” газетінің меншікті тілшісі Михаил Те қатысты.

– Тікелей эфир барысында түрлі тақырыптарға көптеген өзекті мәселелер түсті. Тұрғындары хабарласып, жазды, в видеоформате бағыттап отырған жоқ. Call-орталық жұмыс істеді. Бірде-бір өтініш назардан тыс қалған жоқ. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қойылған сұрақтарға жауап берді. Мен екі сұрақ қойдым, – дейді Михаил Те. – Олар туризмді дамытуға және “Асарлатып үй салу”жобасын жалғастыруға қатысты болды.

Соңында Жамбыл облысының әкімі, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев іс-шара қатысушыларын келе жатқан Жаңа 2022 жыл мерекесімен құттықтады.     Сондай-ақ естелікке фотосессия жасалды.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

Қоғамдық келісім “КММ Баспасөз орталығы

2021 депутаттары

Ағымдағы жылдың желтоқсан айында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Хамедов Абилфас,  Линник Андрей, Бұларов Ілиястың  М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессор-оқытушылар құрамымен  мемлекеттік бағдарламалардың мән-маңызын түсіндіру және өңірлік университеттің тыныс тіршілігімен танысу мақсатында  кездесу өткізлді.

Университет ректоры Талғат Ешенқұлов Дулати университеті тарихы және даярланатын мамандар туралы атап өтті. Технологиялық факультеттінің деканы Ә.Әймен Республикадағы маңызды мамандық топтарына мемлекеттік грант бөлу көлемін ұлғайту қажеттігін ескерсе, Ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Г.Мұратова өндіріс тарапынан мақсатты түрде мамандар даярлауда талаптарды күшейту қажеттігін айтты. «Ұстаз» институтының директоры О.Джолдасова педагог кадрларды қолдау,  мектеп оқушыларына тегін ас беру, жекеменшік білім беру ұйымдары сияқты жәй мектептерге де жағдай жасау мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Кездесу барысында «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Парида Мамедова ұлтаралық достықтың тәрбие беруде, болашақ кадрларды дайындауда үлкен үлес қосатынын айтты. Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Садубаев өңіріміздегі экономиканың дамуына, әлеуметтік кәсіпкерлікті іске асыруда университет түлектерінің ерекше үлесі бар екендігін атап өтті. Осылайша өңір жұртының түйткілді мәселелерін түртіп алған Мәжіліс депутаттары ҚР Парламентіндегі жиындарда талқылауға уәде берді.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Рождество қарсаңында

Католиктік мереке – “Рождество” қарсаңында үстіміздегі жылдың 16-19 желтоқсан аралығында Жамбыл облыстық Немістер қоғамының ұйымдастыруымен, “Возрождение” ҚҚ қаржылық қолдауымен “Рождестволық кафе” жобасы өтті. Бұл жоба несімен ерекше? Төрт күн ішінде жоба қатысушылары Рождестволық атмосфераға бар қызығушылықпен кіріп кетті: түскі асқа дейін олар  қарқынды тіл курсына қатысты,  барлық сабақтар интерактивті тапсырмалармен, викториналармен, жобалық жұмыстармен және тағы басқа шаралармен толықты. Сонымен қатар, жоба аясында сіз өзіңіздің тілдік құзыреттіліктеріңізді жақсартып қана қоймай, “Рождествоны” Германияда қалай атап өтетінін біліп қана қоймай, сонымен бірге бұл мереке этникалық немістерде қалай ерекше өткізілетінін біле аласыз. Бұдан соң түстен кейін қатысушыларды шығармашылық зертханалар күтіп тұрды. “Gesangsstube” музыкалық зертханасында рождестволық әндерді шын жүректен айтуға және тіпті клиптеріңізді де түсіруге болады екен. “Weihnachtswunder” зертханасында жобаға қатысушыларды аталмыш мереке дәстүрлерін білуге арналған ойындар, QR-кодтары бар викториналар, командалық жарыстар және, әрине, тәтті сыйлықтар күтіп тұрды. “Weihnachtsbäckerei” іс- шарасында да жиналған жұрт наубайханада өздерінің асханадағы қабілеттерін сынап көрді: күн сайын жаңа рецепттер, ас мәзірлері,  рождестволық кекстер, печенье мен бәліштердің жаңа түрлерімен танысты.  Ал “Bastelstube” – те қатысушылар рождестволық безендіруді шебер жасады: шәркей, шамдар, шыршаға арналған ойыншықтарды аса қызығушылықпен жасады. Жобаға қосымша “Эльба” кафесінің тәтті де дәмді бәліштері мен тәттілері ерекше көрік берді. Хош иісті кондитерлік өнімдер жалпы жиылған қатысушыларға зор әсер етті. – “Бұл керемет 4 күн қызықты болғандықтан бір деммен өте шықты. Біз көп нәрсені білдік және санамызға бекіттік. Егер мүмкіндік болса, мен бәрін қайта өтер едім бұл зерттеулерден”, – дейді Медведев Алекс жоба туралы. “Менің ойымша, балалар үшін бұл өмір бойы естеліктер болады! Мен ересек адаммын, бірақ мен былтырғы Рождестволық академияны ностальгиямен және күлімсіреп еске аламын  және Германиядағы немістерге желтоқсан мерекелерінің нюанстары мен дәстүрлерін түсіндіремін, бізді осылай жақсы үйретті және өте жақсы әсер қалдырды !”-дейді қатысушылардың ата- анасы Вадим мен Юлия Финко. Бұған қоса,  “Мен барлық мұғалімдерге және осы жобаның негізін қалаушыға үлкен алғысымды білдіргім келеді!”- деп Шилова Валерия да өз пікірін білдірді.

 Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

 «Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

 

«Тәуелсіз Қазақстан» монументіне гүл шоқтарын қою.

Таразда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай  «Тәуелсіз Қазақстан» монументіне гүл шоқтары қойылды. Салтанатты шараға Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық мәслихат хатшысы Махметғали Сарыбеков қатысты. Гүл шоқтарын ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері қойды. Айта кету керек, Тәуелсіздік жылдары Жамбыл облысы көптеген салаларда, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда ірі табыстарға қол жеткізді. Басты назарда – басым бағыттар.

Жамбыл облысы ІСБ «Қоғамдық келісім»  КММ Баспасөз қызметі орталығы