БАЛАЛАРҒА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

Жаңа жыл мерекесінде қайырымдылық шараларын өткізу арқылы балаларға қуаныш сыйлап жүргендердің қатарында Жамбыл облысы ҚХА этномәдени бірлестіктерінің өкілдері де бар.

Мереке қарсаңында «Вынхуа» Жамбыл облысы Дүнген мәдени орталықтары қауымдастығының және Қазақстан дүнгендерінің республикалық этномәдени орталығының өкілдері балаларға мерекелік жаңажылдық көңіл-күй сыйлады.

Қордай ауданы, Сортөбе ауылында Жамбыл облысының «Вынхуа» Дүнген мәдени орталықтары қауымдастығының өкілдері мен жастар қайырымдылық шарасына атсалысты. Шара барысында жетім балаларға, мүмкіндігі шектеулі балаларға, сондай-ақ көп балалы отбасылардан шыққан балаларға сыйлықтар табыс етілді, атап айтсақ, қысқы күртешелер, сөмкелер және т.б.

Сондай ақ, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданында да балалар шыршасы өтті. Балаларға арналған жаңа жылдық шыршаны өткізуге Республикалық Дүнгендер этномәдени бірлестігінің төрағасы Зайнуддин Махусеев, Жамбыл ауданының Құрметті азаматы Сәпілмәлік Тәжиев, Полатқосшы ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Абдухалил Маюфи және басқалар белсене қатысты.

Ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен өткен қызықты жаңа жылдық қойылым балаларға ерекше әсер қалдырды.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

ПОЛИЭТНОСТЫ КОМАНДАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ЖАҢАЖЫЛДЫҚ ЖАРЫС

Бүгін, желтоқсан айының 28-күні Жамбыл облыстық Қан орталығында өңірлік ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары, Жамбыл облыстық Қан орталығының директоры Ғұлам Умаровтың ұйымдастыруы және жетекшілік етуімен «Махаббаттың 99 рецепті» атты үздік кулинарлық тағамдар тақырыбында жаңажылдық байқау өтті. Қазылар алқасының құрамында «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мубарак Жинақбаева да болды.

Қан орталығында жаңа жылдық жарыстар жылдан жылға түрленіп отырады.

Атап өтейік, аталмыш жарыс көпэтносты командалар ортасында өтті.

Ерекше тақырыпта өткен аспаздық сайыста 6 команда жеңіске таласты. Сайыс нәтижесінде І,ІІ,ІІІ-орын иегерлері анықталды. Бұл жолғы сайыста ең дәмді тағамдар ұсынған топтар жеңімпаз атанды және арнайы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, жүлдегерлерге «Қоғамдық келісім» мекемесінің атынан облыстық ҚХА туралы кітап-жинақтар сыйға тартылды.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ

Бүгін, 28-желтоқсанда Жамбыл облысының әкімі, өңірлік ҚХА төрағасы Ербол Қарашөкеев облыстың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін бірқатар азаматтарға мемлекеттік наградаларды табыстады.

Марапатталғандардың қатарында еңбек ардагерлері, шаруа қожалық төрағалары, педагогтер мен қоғамдық бірлестік өкілдері бар.

Аймақ басшысы түрлі сала өкілдеріне елеулі, әрі қажырлы еңбектері үшін ризашылығын білдірді.

Мемлекеттік марапат иегерлерінің ішінде «Жамбыл облыстық «Вынхуа» Дүнгендер этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айша Идыбо Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалін және Жамбыл облысы әкімдігі ІСБ “Қоғамдық келісім» мекемесінің «Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімінің бас сарапшысы Бибігүл Утепова Қазақстан халқы Ассамблеясының «Құрмет» грамотасын алды.

Еңбектері жанып, мерейлері үстем болған әріптестерімізді бүгінгі бағындырған белестерімен шын жүректен құттықттай отырып, әрқашан сәттілік серіктеріңізге айналсын, шығар шыңдарыңыз биік болсын деп

«Қоғамдық келісім» КММ ұжымы атынан тілек білдіреміз!

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

Жаңа Жыл – бірлік пен татулықтың жылы болсын!

Жаңа Жыл – бірлік пен татулықтың жылы болсын! Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын. Мен барша Қазақстандықтарды Жаңа Жылмен құттықтаймын. Аспандарымыз ашық, денсаулықтарымыз мықты болсын!

Жаңа жыл жақындаған сайын жүрегімізде ерекше толқыныс пайда болып, келер жылға дайындық жасаймыз. Ұлу жылына аяқ басқалы тұрмыз. Әр жылдың өзіндік ыстық естеліктері бар. Жыл жақсылығымен келсін!

Зуфаров Ибрагим Хуршудович, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы қоғамдық бірлестігінің мүшесі, Жамбыл облыстық ҚХА Ақсақалдар кеңесінің мүшесі

ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!

Жұмыстарыңызға табыс, жүрекке тыныштық, мықты денсаулық, дастарханыңыздың молшылықта болсын.

Бұл жылда барлық тілектердің орындалуын, сәттіліктердің жалғасуын, тыныштық пен құт-берекенің болуын тілеймін! Сіздерді келе жатқан Жаңа 2024 жылмен құттықтаймын!

Жаңа жыл амандық, арманның орындалуы және табысты болашаққа үміт әкелсін. Сәттілік бәріне адал серік болсын!

Отбасыларыңызға бейбітшілік, келісім, жақсылық, бақыт тілейміз!

Айгүл Қабиева, Жамбыл облысы ҚХА мүшесі,«Әулие Ата» Қазақ мәдени орталығының төраға орынбасары

ҚАДІРЛІ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ! ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Өтіп бара жатқан 2023 жыл тірлігі мен бірлігі жарасқан еліміз үшін табысты да берекелі, мерекелі жыл болды. Ойға алған істер орындалды. Енді алдағы жылға деген үміт пен сенім зор.

2024 жыл сіздердің әрқайсыңызды бақытқа бастайтын, табыстарыңызды еселейтін, бірлік пен тұрақтылықты, татулық пен ынтымақты нығайтатын, жоспарларыңыз жүзеге асатын сәтті жыл болсын.

Махметғали Сарыбеков, Облыстық ҚХА Ғылыми-сараптамалық тобының жетекшісі, педагогика ғыл. докторы, профессор

ТАЛАНТ ЖАС ТАЛҒАМАЙДЫ

Жамбыл облысы әкімдігі ІСБ «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы мен Халық шығармашылығы шеберлері клубының «КЕМЕЛ ЖАС — 2023» қорытынды фестивалі өтті.

Сән көрсетілімінің салтанатты жиыны сәнқойлардың дизарнерлік киімдерінің көрсетілімімен басталды.

Айта кетерлік жайт аталған іс-шарада ұрпақтар сабақтастығының белгісі айқын көрініс тапты. Себебі, халық шығармашылығы шеберлері клубының мүшелері өздерімен бірге жас жеткіншектерді ертіп келіп, түрлі қолөнер туындыларын, техникаларын таныстырып еңбекке баулыған. Жиында клуб мүшелерінің шәкірттері жасаған бұйымдарда халық назарына ұсынылды.

Сәннің салтанат құрған кешінде көрермендерге жергілікті дизайнерлер Саодат Шарипова, Бахыткуль Конысбаева, Вера Майкович, Гульжазира Кудайбергенова, Гульнара Абдуллаева сынды т.б шеберлердің қыстық киімдер топтамасы көрсетілді.

Бәрінен бұрын көрерменнің көңілінен шыққан «Авто-апа» үлгісі болды. Клуб мүшесі Сәуле Төртбаева қазақтың дәстүрлі әйелдер бас киімінің топтамасын жасап, заманауи сәнге қайта келеді деген оймен кимешек киіп, көлік жүргізуге мүмкіндік беретін «Авто-апа» болашақ брендін ойлап тапқан. Дизайнердің бұл моделі коллекцияда алғаш рет көрініс тауып тұр. Жалпы аталған кештің көрмесінде этникалық стильдегі топтамаға көрермендер ерекше қызығушылық тудырды.

Сән көрсетілімінен кейін клуб мүшелері концерттік бағдарлама ұсынды. Кеште «Белсенді ұзақ өмір» орталығының хореографиялық тобы «Бабушки-Заюшки» бірегей биін ұсынса, Любовь Шахова мен Валентина Туренко ән айтып, өнерлерін ортаға салды. Жастары егде тартқанмен көңілдері көктем қарттар бидің де түрлісін биледі. Гүлбахар Акилованың «Испан биі»көрерменнің көзайымына айналды..

Жиын соңында сөз сөйлеген «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мубарак Жинақбаева белсенді ұзақ өмір сүру орталығы мен халық шығармашылығы шеберлері клубы мүшелерінің мекемедегі әрбір іс-шараға белсене атсалысатынын алға тартып, алғысын білдірді.

Іс-шара өз еңбегімен және шығармашылығымен әдемі әсерге бөлеп жүрген ең белсенді және дарынды қолөнершілерді марапаттау рәсімімен аяқталды.

«Ақпарат және қоғаммен байланыс» бөлімі

ПОЛЯК ЭТНОСЫ БАЛАЛАРДЫ ҚУАНТТЫ

Рождестволық мерекелердің уақыты ежелден аңсап күтетін, жарқын және берекелі уақыт болып саналды. Бұл сәтте орын алып жатқан оқиғаның бәрі адамдарға ерекше үміт сыйлайды, жүректер қуаныш пен сүйіспеншілікке толады. Ең бастысы, балалар ғажайыптарға сенеді.

«Рождество мерекесіне байланысты көптеген дәстүрлер мен аңыздар сиқырлыбар, біз балаларды осы мерекелік ғажайыппен қуантуға тырысамыз!» – деді Жамбыл облыстық «Полонез» поляк тіл және мәдениет орталығының төрағасы Лариса Калькова.

Ескі дәстүр бойынша жыл сайын Жамбыл облыстық поляк орталығының өкілдері Рождество күні өмірлік қиын жағдайдағы балаларға қолдау көрсету орталығына барады. Бұл үрдіс биылғы жылыда өз жалғасын тапты. Этнос өкілдері балаларға мереке ұйымдастырып, сыйлықтар таратты. Мерекелік кеш барысында орталық тәрбиеленушілері ертегілер тыңдап, ән салып, өлеңдер оқыды.

 

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлім

«ДОСТЫҚ КЕРУЕНІ» ТУРАЛЫ АНЫҒЫРАҚ АЙТҚАНДА

25 желтоқсан күні Тараз қаласында Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Қоғамдық Келісім» КММ басшысы Мубарак Жинақбаеваның қатысуымен БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өтті.

Жиын барысында Мубарак Қасымқызы этностар тығыз орналасқан елді мекендерде тұратын ауыл тұрғындарымен жүргізілген ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына негізделген «Достық керуені» жобасы бойынша мағлұматтармен бөлісті.

Жалпы Жамбыл облысында бүгінгі күні 84 этнос өкілдері мен 75 этномәдени бірлестік бар. Олардың ынтымағы мен бірегейлігін сақтау мақсатында түрлі шаралар өткізілуде.

Соның бірі қыркүйек айында басталған өңірлік ҚХА «Достық керуені» жобасы. Жоба Меркі, Т.Рысқұлов, Шу, Қордай, Талас, Сарысу, Байзақ, Жуалы аудандарын қамтыған. Ақсақалдар, Аналар кеңестерінің 560 адамның қатысуымен 16 отырысы өткізілсе, жас суретшілер байқауында 130 бала шығармашылығын таныстырды, «Өнерім саған Қазақстан» фестивалінің іріктеу кезендеріне 100-ден аса үміткерлер өнерлерін көрсеткен.

Ассамблея жастарының аудан жастарымен «PRO ANK» тақырыбында 18 кездесуі мен мектеп оқушыларына арналған «Менің елім, Менің Қазақстаным» атты тимбилдингіне 900 адам қатысқан.

«Достық керуені» жобасы аясында «Ғылыми-сараптамалық қолдау» бөлімінің сарапшылары Жамбыл облысындағы этнос өкілдері тығыз шоғырланған аудандары мен елді-мекендерінді 394 респонденттерді қамти отырып, фокус-топтық зерттеулер мен сауалнамалар жүргізді.

Ақсақалдар, Аналар, Медиация кеңестерінің отырыстарда этносаралық қатынасты нығайту, араздық тілін болдырмау, тұрмыстық кикілжіңдердің алдын алу, радикалды діни ағымдардың ықпалына ермеу, дәріханалық есірткі, лудомания, отбасылық тәрбие, нәсілдік, тілдік, этносаралық алауыздықты тудыратын жалған ақпарат таратуға жол бермеу жөнінде түрлі мәселелер төңірегінде ақпараттық -түсіндірме жұмыстары орын алды.

Брифинг соңында М.Жинақбаева БАҚ өкілдері қойған сұрақтарға да жауап берді.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

«ЩЕЛКУНЧИК» ЕРТЕГІСІ КӨРЕРМЕН НАЗАРЫНА ҚОЙЫЛДЫ

Бүгін «Қоғамдық Келісім» мекемесінде Жамбыл облысы Немістер қоғамы дәстүрлі түрде көрермендерге Гофманның ертегісі желісімен «Щелкунчик» атты рождестволық театрландырылған қойылымын ұсынды.

Жаңа жылдық сән салтанатқа сай сиқырлы шырша шамдары, әсем әуен Рождестволық әсерге бөледі. Гофманның бұл туындысы жай ертегі емес. Ол жақсылықтың салтанат құруы, бақыттың орнауы және махаббат пен достықтың әдемі әлеміндегі таңғажайып пен романтикаға толы хикая. «Щелкунчик» сиқырлы ертегісі бірнеше ғасырлар бойы балалар мен ересектер үшін мерекенің басты символына айналған.

Оқиға Рождество қарсаңында, ең керемет сиқырлы кездесулер мен тамаша шытырман оқиғалар орын алған кезде басталады!

Қойылым барысында ертегі кейіпкерлері де, көрермендер де мейірімділік пен қайраттылық кез келген жау ордасын жеңетініне, мейірімге толы жүректің ең зұлымдықты бұза алатынына бір емес, бірнеше рет көз жеткізді.

Қойылымға «Таланте» театр тобы, «Сингэнде Герцен» вокалдық тобы, «Эремурус» хореографиялық ансамблі қатысты. Талантты орындаушылардың сезімдері мен әртістік шеберлігі көрерменге тамаша сезімдер сыйлады.

Қойылым соңында Жамбыл облысы Немістер қоғамының президенті, Қытай орталығының төрайымы Галина Воробьева, «Радонеж» орыс қоғамдастығының мүшесі Антонина Беляева құттықтау сөз сөйледі.

Іс-шара естелік суретке түсумен аяқталды.

 

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі