Жамбыл облысы ҚХА «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары, Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Зуфаров Ибрагим Хуршудұлы: Мен үшін Абай мен қазақ егіз ұғым секілді

Үстіміздегі жылы республика көлемінде  ел болып қазақ ұлтының біртуар азаматы, данышпаны, ағартушысы, қазақ әдебиеті мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан дара тұлға Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өткелі отырмыз. Бұл тек қазақ халқының ғана тойы емес әлем елдерінің тойы десек қателеспейміз. Оған себеп Абай шығармалары тек қазақ даласын ғана емес, әлемнің түпкір түпкіріне тараған белгілі туындылар. Өз оқырманы мен зерттеушілерін тапқан дүниелер. Менің пікірімше қазақты әлемге танытқан әуелгі тұлға Абай. Мұндай тұлғаға қандай құрмет көрсетсек те жарасымды, орынды.

Осы орайда, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлы Абайдың 175 жылдығын атап өту жөніндегі Жарлыққа қол қойды. Ал, Абай өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасы 2019 жылы интернет қолданушылары арасында  жоғарғы деңгейде өтті. Мемлекет басшысы тарапынан қолдау тапқан осы бір дүние арқылы Абай туындыларындағы философиялық өзгешелік, ерекшелік өзге этнос өкілдерін де бей-жай қалдырмады,  керісінше, олар осы эстафетаға қатысуда белсенділік танытты. Сонымен қатар Мемлекет басшысының «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жарыққа шықты.

Аталған мақалада қазақ қоғамының рухани өмірінде, ұрпақ тәрбиесінде алар орны ерекше тұлғаның өмірі мен шығармашылығының мәні, Абай мұраларының қазіргі қоғамға қаншалықты қажет екендігі кеңінен тарқатыла айтылған.  Ғұлама өмір сүрген заман мен қазіргі уақыттағы адамдардың сана-сезімі, ой-өрісі, өркениеттік даму деңгейі түрлі болғанымен, ұлы ақынның өз туындылары арқылы болашақ ұрпаққа жеткізбек болған ойлары, бүгінгі күні де өз өзектілігін жоғалтқан емес. Себебі, ол сол кездің өзінде-ақ, жүздеген жылдарды артқа тастап болашаққа бағыт-бағдар бере алды. Абайдың өмірі, мұрасы, уақыт өткен сайын қазақ қоғамында ғана емес, күллі ғаламда өз орнын тауып, мойындалып келе жатқандығы белгілі. Оның әрбір өлеңі мен поэмасында кез-келген санаттағы адамзаттың бір-бірімен қарама-қайшылығы болмаса, қарым- қатынасындағы болатын жайттардың түрлерін ашып айтқан. Ал, оның қара сөздері адам өміріне, ой-санасына, дүниеге, жаратылысқа терең бойлай отырып, жазылған адамгершілік құндылықтарды насихаттайтын, мән-мағынасы ерекше туындылар.

Президентіміз Абай туралы мақаласында оның ұлттық болмыстың үлгісі, мемлекет ісінің мүдделесі, жаңа қоғамның жанашыры, әлемдік мәдениеттің тұлғасы екендігі туралы жеке-жеке тоқталып, терең түсіндіріп айтты. Бұл Абай Құнанбайұлына берілген ең мықты мінездеме екеніне сенімім мол.  Оның әр сөзінен дәлдік пен нақтылықты аңғаруға болады.

Аймақтық ассамблея еріктілер қозғалысы орталығының ашық есік күнін өткізді

Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының еріктілер қозғалысы орталығы Достық үйінде Ашық есік күнін өткізді.

Шараның мақсаты ҚХА-ның волонтерлік қызметі мәселелерін ұйымдастыру мен үйлестірудің бірыңғай орталығын, әлеуметтік бастамалар мен жобаларды іске асыру үшін азаматтық атсалысудың бірыңғай алаңын құру болып табылады.

Ашық есік күніне облыстық Ассамблея еріктілері мен құрылымдарының мүшелері, жастар саясаты мәселелері жөніндегі, білім, дене шынықтыру және спорт, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, ЖОО өкілдері, Жамбыл облыстық «Жібек жолы жастары», «Біз біргеміз», «Ақ Сұңқар», «Достық», «Ізгілік елшілері»волонтерлық орталықтары қатысты. Еріктілер жиынында аймақтық ассамблеяның тарапынан облыс көлемінде 40-тан  астам жас өтінім қалдырды.

ҚХА еріктілер қозғалысының ашық есік күнінде орталық міндеті мен тұжырымдамасытаныстырылды.Модераторлық еткен Рано Махсудқызы«Өзекті міндет-азаматтардың, әсіресе жастардың, студенттер мен оқушылардың ерікті қызметке қатысуын кеңейту, оларға белсенді өмірлік ұстаным дағдыларын қалыптастыру. Бұл азаматтық қоғамды нығайту жөніндегі біздің жұмысымыздың маңызды бөлігі.Қазақстан халқы Ассамблеясы еріктілердің жұмысын ресми және жүйелі түрде ілгерілетуде, өйткені біздің мұқтаж азаматтарға көмектесу қажеттілігі қанымызда бар қасиет. ҚХА-ның еріктілері мен жастары мұқтаж балаларға жыл сайын қан тапсырып, Арыс қаласындағы техногендік апаттан зардап шеккендерге көмек көрсетті, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына, мүмкіндігі шектеулі адамдарға және ҰОС ардагерлеріне жүйелі түрде көмек көрсетіп келеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы елімізде алғашқылардың бірі болып еріктілердің жыл шымылдығын ашу құрметіне ие болды. Және бұл заңдылық, өйткені еріктілік – бұл шынайы патриотизмнің бейнесі, онда өз еліне қызмет етудің игі идеясы, оны бүкіл халық үшінбарынша жақсы және ыңғайлы ету мақсаты көзделген» -деді.

Жалпы ҚХА еріктілер  қозғалысы бірнеше бағыттар бойынша жұмыс атқаратын болады. Орталықтың бағыттары мен жұмысын үйлестіруші «Жамбыл облыстық «Вынхуа» дүнгендер этномәдени орталықтары» қоғамдық бірлестігі жастар қанатының және «Ақ желкен» жастар лигасының төрағасы,  облыстық  Қазақстан халқы ассамблеясы Кеңесі мүшесі – Зайнуддин Махусеев Тұжырымдамада көрсетілген тұщымды мәселелер төңірегінде тарқата айтты.Орталық басшысы «Бүгінгі таңда волонтерлік қозғалыс азаматтық қоғамның әлеуметтік жауапкершілігінің элементі болып табылады. Достық үйлері базасында волонтерлік қозғалыс орталықтарын ашу «Social Assembly» республикалық жастар форумында ҚХА «Жаңғыру жолы» белсенділері көтерген бастамалардың бірі болып табылады. Волонтерлер ретінде этномәдени бірлестіктер мен жастар бастамаларының, қоғамдық келісім, Аналар кеңестерінің өкілдерін, медиаторларды, мәдениет және спорт қайраткерлерін және т.б.тарту ұсынылды. Мұндай орталық Әлеуметтік бастамалар мен жобаларды іске асыру үшін бірыңғай алаң болады. Орталықтың еріктілері арасынан әр бағыттағы үйлестірушілер анықталып, олар әлеуметтік, білім беру, спорттық бағыт және медиациядағы еріктілік бағыттарыбойынша жұмыс істейді» -деді, өз сөзінде.

Әлеуметтік бағыт бойынша  –   «Жаңғыру жолы» ЖҚ  орынбасары, «Барбанг» облыстық күрд қауымдастығы  қоғамдық бірлестігінің  жастар қанатының төрағасы» Алиев Хабиб Соханалиұлы  «Халықтың қорғалмаған топтарына көмек көрсетуді ұйымдастыру, табиғи және тарихи мұраны сақтау бойынша тарихи-экологиялық іс-шаралар өткізу» туралы өз ойымен бөлісіп, жоспарларымен таныстырды.

Білім беру бағыты бойынша – ТарМУ-нің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к  Мамедова Фарида Иманжанқызы «Бұл жобаның негізін жеке тәжірибені басқаларға жеткізе алатын түрлі саладағы мамандар-волонтерлер құрайды. Бұл жерде мектеп оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жүйесін дамыту, тәлімгерлік және тәрбиелеу институтын құру жоспарлануда»-деді.

Спорттық бағыт бойынша –өңірлік «Жаңғыру жолы» ЖҚ орынбасары, «Парасат» колледжінің студенті, «Эрудит» ЖШС таэквондо жаттықтырушысы – Лигостаев Артур  Михайлұлы спортшылар мен жаттықтырушыларды бір қауымдастыққа біріктіріп, спорт түрлері бойынша мастер-кластар өткізуге  балалар үйлері мен ауылдық мектептерге баруды жоспарлап отырғандарын жеткізді.

Медиация бағыты бойынша  – «Азаматтық құқықтарды қорғау комитеті» ҚБ басшысының міндетін атқарушысы, кәсіби медиатор И. Федорова «Медиатор еріктілері-денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласындағы коммерциялық, корпоративтік, отбасылық, еңбек даулары мен дауларды реттеу үшін ғана емес, сонымен қатар алдын алудың жаңа құралы. Медиатор еріктілері топта жұмыс істей алады, жанжалды жағдайларды талдай алады және жанжалдарды шешу стилін орнатады» – деді, өз сөзінде.

Кезек еркін микрафон алаңына келген кезде ерікті жастардың түрлі ұсыныстары айтылды. Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыру бөлімінің басшысыАрайлым Абдуалиева облыс көлеміндегі ерікті жастардың атқарып жатқан жұмыстарының бір қатарына тоқталып, ҚХА-мен бірге «Жастар жылы» аясында жемісті жүзеге асқан «Қамқор» жобасыныңеріктілер жылында да  жалғасатынын және әріптестіктің негізгі салаларын атап көрсетті.ТарМУ ректорының жастар ісі жөніндегі көмекшісі Арнат Ұлтанбеков облыстағы ерікті жастардың базасын қалыптастыру туралы ұсыныс білдірсе, «Ақ сұңқар» еріктілер қозғалысының төрағасы Еркін Әбдиев еріктілерді дұрыс бағыттайтын білікті координарлар керектігін және еріктілер көзделген жерге жету үшін қалалық қоғамдық көліктердің жүру уақытын мәселелері туралы ұсынысын білдірді. Себебі еріктілердің басым көпшілігі студент жастар болғандықтан олардың межелі орынға жеткенше қоғамдық көліктердің тоқтап қалатыны туралы айтылды.  Ал, медиатор Нұрлыгүл Амирова жас отбасылардың ажырасу санын кемітіп, отбасын сақтап қалу үшін кез-келген уақытта медиаторлар көмегіне жүгіну керектігін, әрі заң жүзінде шешуге болатындығын айтты.

Айтылған ұсыныстар мен пікірлерге қатысты Жамбыл облысыҚазақстан халқы   ассамблеясы  төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісіҚожаеваМаржан Төреғұлқызы жастар ұсынысымен келісе отыра еріктілердің ортақ базасын Достық үйінде құру туралы өз ұсынысын айтты. Сонымен қатар еріктілерге қажетті кез-келген көмек түрлерімен қамтамасыз ету үшін тиісті органдарға жүгіну арқылы көмек көрсете алатындығын  мәлімдеді.

ҚХА волонтерлік қозғалысының қызметін ұйымдастырудың және үйлестірудің бірыңғай тетігін әзірлеу, волонтерлер институтын дамыту, әлеуметтік міндеттерді шешуге азаматтық атсалысу дағдыларына баулу, ҚХА волонтерлер қозғалысының көшбасшыларын анықтау,  халық арасында әлеуметтік қызмет пен азаматтық атсалысудың идеялары мен принциптерін тарату үшін Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы аймақтағы басқармалар, ЖОО және еріктілер қозғалысы орталықтарымен ортақ келісімге келуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Достық үйінде ТарМУ-дің оқытушылары еріктілерді оқытудың түрлі  курстарын өткізетін болады.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз бөлімінің маманы

Назерке Оңғар

Тараз қаласы тұрғындарының назарына!

2020 жылғы 17 қаңтарда сағат 11:00-де өңірлік Достық үйінде облыстық ассамблея еріктілері мен құрылымдарының мүшелері, жастар саясаты мәселелері жөніндегі, білім, дене шынықтыру және спорт, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, ЖОО өкілдері, Жамбыл облыстық «Жібек жолы жастары», «Ақ Сұңқар» волонтерлық орталықтарының қатысуымен ҚХА еріктілер қозғалысы орталығының «Бірыңғай ашық есік күні» өтеді.

Іс – шара бағдарламасында-еріктілер қызметінің тұсаукесері, осы жобаның мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру жоспарланған.