Жамбыл облысында «Игі істер марафоны» басталды

Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай,  айтулы мерекелер қарсаңында Жамбыл облысының бірқатар аудандарында жаңа жоба «Қайырымдылық марафоны»  бастау алды. Осыған орай, ағымдағы жылдың 25 ақпанында Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы және «Коғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  ұйымдастыруымен «30 игі іс» қайырымдылық марафонын ілгерілету мақсатында және  Алғыс айту күніне орай Қордай ауданының Күнбатыс, Бұлар батыр, Сортөбе ауылдарында  қайырымдылық  іс-шаралары өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда жауапкершілік, ынтымақтастық, өзара көмек және қайырымдылық  сезімдерін қалыптастыру, этносаралық қарым-қатынастарды нығайту болып табылады.

Аталмыш ауылдарда  өткен қайырымдылық акцияларына облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Қуанышев Сержан Сапарбайұлы, жергілікті атқарушы орган өкілдері, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, мәслихат депутаттары және ҚХА еріктілері, облыстық БАҚ өкілдері қатысты.

Игі бастаманы облыстық «Вынхуа» дүнгендер этномәдени орталықтарының қауымдастығы бастады. Қазақ халқының ертеден келе жатқан «асар»  дәстүрі  қайта жандануының әсерінен  Қордай ауданының Бұлар батыр және Күнбатыс ауылдарында Дүнген қауымдастығы өкілдері бастамасымен жиналған қаражатқа бірі сатып алынған, бірі салынған екі үйдің кілті көмекке мұқтаж отбасыларға табысталды.

Күнбатыс ауылындағы іс-шарада сөз берілген Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сержан Қуанышев айтулы іс-шараның мән-мағынасына тоқталып өтіп, көпшілікті мерекемен құттықтай келе үй иесіне  салтанатты түрде үй кілтін ұсынды. Осыдан кейін, сөз алған Жамбыл облысы және Қордай ауданының Құрметті азаматы Төле Сүгірбайұлы ауыл жастарына татулықтың, бірліктің, қамқорлықтың рөлі қашанда маңызды екенін айтып өтті. Сонымен бірге, қуаныш иелерін ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет және облыстық мәслихат депутаты Лугмар Буларов та құттықтады.
Бізге қамқорлық көрсеткен жандарға айтар алғысым шексіз. Енді үйіміз бар, келесі мақсатымыз балаларымызға тәрбие беріп оқыту, елін сүйер азамат қылу. «Асар» жобасына ұйытқы болған облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа, аудан әкімі Рүстем Дәулетке және біздерге қолдау көрсетіп жүрген ауыл әкімі Рамазан Малиевке, ең бастысы осынау игі іске мұрындық болған дүнген ағайындарға  рақметімді айтамын, – дейді алты баланың анасы Айман Арынова. 1млн.600000 теңгеге алынған үйдің 4 бөлмесі, 35 сотық жері бар. Демеушілердің айтуынша, алдағы уақытта үйге қосымша бөлмелер қосып салып беру жоспарда тұр.
Осыдан кейінгі құттықтау легі Бұлар батыр ауылында жалғасты. Мұнда ұлты дүнген,  жесір қалған жалғызбасты ана Софиян Исхароваға үй берілді. Баспаналы болғандарды Сержан Қуанышев, Лугмар Буларов құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді. Ауданның Құрметті азаматы Төле Сүгірбай  Софиян Исхароваға салтанатты түрде үйдің кілтін ұсынса, ұлттық киім киген аналар қазақ халқының салтымен мерекелі шашу шашты.
6 бөлмелі үйдің 15 сотық жері бар, барлық жағдайы жасалған. Үй иесі баспаналы болған қуанышын жасырмай, көпшілікке алғысын айтты.
Менің күйеуім жол апатынан қайтыс болып, екі баламмен жалғыз қалдым. Қиын жағдайға тап болғанымды естіген ауыл тұрғындары ақша жинап, осындай керемет үйді салып берді. Осы істе қол ұшын беріп, көмегін аямаған барша азаматтарға алғысым шексіз, – дейді үй иесі.
Сондай-ақ,  осы аймақтағы «Асар» жобасын алға тартып жүрген дүнгендер қоғамдық қауымдастықтың жетекшісі Айша Идыбоның айтуынша, асар дәстүрі мұнымен тоқталмай, жалғасын табатын болады. Жақын арада мұқтаж жандарға тағы баспана сыйлау жоспарларында бар.
Бұған қоса, айта кету керек, «Ынтымақты елдің іргесі берік!» жобасы аясында аталмыш этномәдени бірлестіктің  төрайымы арқасында қайырымдылық қор ашылып, аудан тұрғындары оған қолдау көрсетіп, соның арқасында мерекеге орай, 30 отбасы да шаттыққа бөленді.  Қайырымды жастардан құралған дүнген еріктілері аз қамтылған отбасыларын азық-түліктермен қамтамасыз етті. Осыған орай, Сортөбе ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шисыр Динлосан: –  Біз қазақ халқының алдында қарыздармыз. Ата бабамыз жүз қырық жыл бұрын келгенде қазақ бауырлар бізге қоныс берді. Содан бері өсіп-өндік, көбейдік. Кейінгі жастарға дұрыс тәрбие беріп, қазақ халқының көрсеткен қамқорлығын ұмытпау біздің парызымыз! Дүнген халқының атынан үлкен алғысымды айтамын, – деп,  қазақ халқына, Елбасы мен Мемлекет басшысына деген алғысын білдірді.  Осыдан соң, «Вынхуа» дүнгендер этномәдени бірлестігінің өкілдері және  қайырымды жастардан құралған дүнген еріктілері аз қамтылған отбасыларына азық-түлікті жүк көлігіне тиеп, көмекке мұқтаж отбасылардың үйлеріне апарып таратты. Қайырымдылықтың шапағатын сезінген отбасылар да өз кезектерінде шынайы алғыстарын жеткізді.  Игі істерді жүзеге асыру адамдардың мейірімділік, қайырымдылық қасиеттерін арттырып,  Қазақстандықтардың бірлігін одан әрі  мығымдай түсері сөзсіз.

Жамбыл облысы әкімдігі

ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз орталығы

Алғыс айту күні

 Алғыс айту күні – қилы заманда өткерген барлық ауыртпалықты бірге көтере білген қазақ халқына ризашылық пен киелі қазақ жеріне деген махаббаттың белгісі. Өзге этнос өкілдері қазақ халқымен бірлесе отырып, еліміздің бірлігін нығайтуына үлесін қосты, татулықтың үлгісін қалыптастырды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бірегей саясатының арқасында тұғырлы тәуелсіздіктің дәмін татып, бір шаңырақтың астында бейбітшіліктің туын тігуде

 

 

Бір ел – бір тарих

Бүгінде облысымызда 87 этностан құрылған 75 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Олардың 34-і аккредитациядан өтіп, ассамблея тізіміне енген. Қазіргі таңда облыстық ассамблеяда ғылыми-сараптамалық топ, қоғамдық келісім кеңестері, аналар кеңестері, медиация кабинеті, журналистер клубы, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы және «Аулие ата» еріктілер орталығы жұмыс істеуде. Осы орталықтардың ұйымдастыруымен өткен жылы 892 іс-шара өтіп, оған 58500 адам қатысты. Бұдан бөлек, этномәдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен түрлі форматтағы 560 іс-шара өткізілген болатын. Атап айтсақ, «Рождество», «Масленица», «Наурыз», Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, этностардың мәдени күндері, «Мейірімділік керуені» ұлттық қайырымдылық акциясы және тағы басқа іс-шараларды айтуға болады.

Сондай-ақ «Рухани жағыру» бағдарламасы аясында «Жамбыл облысындағы этностардың дәстүрлері мен мәдениеттері» атты энциклопедияны шығару және ол энциклопедия негізінде интерактивті картаны құру» және «Ұлы Дала Қазынасы» («Сокровища Великой Степи») жобалары іске асырылды. Бұл жобалар республикада баламасы жоқ деп танылған. Биыл осы жобалардың негізінде ассамблеяның «Жалпы азаматтық бірегейлікті қалыптастыру» республикалық жобалары және «Қазақстандық этностардың алуан түрлілігін рухани-мәдени танымал ету» мәдени-білім беру жобасы әзірленді. Бұл бойынша еліміздің барлық өңірлері жұмыс істеуде.

Ассамблея қызметінің басым бағыттарының бірі – Медиация институтын ілгерілету. «Қоғамдық келісім» КММ-де медиация кабинеті жұмыс істейді. Онда сенім телефоны орнатылған. Бүгінде облыста 40 Медиация алаңында халыққа практикалық және медиативтік көмек көрсету бойынша қабылдау кабинетері жұмыс істеуде. Өткен жылы олардың қызметіне 791 азам жүгініп, 631 дау-жанжал оң шешімін тапқан. Медияция жұмысы бойынша облысымыз республикада 3 орынды иеленіп отыр.

Өңірлік ассамблея өткен жылы 570 миллион теңгеге 48 мың адамға көмек көрсетті. Бұдан бөлек, этномәдени бірлестіктердің көмегімен 32 мың адамға 441 миллион теңге жәрдем берілді. Төтенше жағдай кезінде 25600 адамға 160 миллион теңгенің азық-түлігі, медициналық жабдықтар мен ИВЛ аппараттары алынған. Сондай-ақ медицина қызметкерлерінің отбасына қайырымдылық көрсетілген. Әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған 2 отбасына 30 миллион теңгеге үй сатып әперілді.

Қазіргі таңда Тараз қаласы мен аудандарда ассамблеямен бірлескен қоғамдық келісім кеңестері құрылуда. Бүгінде қоғамдық келісім кеңесі – 181, бірлескен қоғамдық келісім кеңесі – 9 бірлікке жетіп отыр. Олардың күшімен 246 іс-шара өткізілген. Сондай-ақ олардың ұйымдастыруымен Достық үйінде халықтың өзекті мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау ұйымдастырды. Халықтан 45 өтініш түсіп, оның 20-сы сол арада шешіліп, 25-і тиісті инстанцияларға жіберіліп, жыл ішінде шешімін тапқан. Облыстың 6 ауданында 12 көшпелі отырыс өткізілген.

Аналар кеңесі болса 102 іс-шара ұйымдастырған. ҚР Жоғарғы Сотының «Отбасылық сот» пилоттық жобасы аясында Аналар кеңесіне жүгінген 59 отбасының 40-ын ажырасудан сақтап қалған. Бұдан бөлек, кеңес атаулы әлеуметтік көмек алушылармен, мемлекеттік грант алып кәсібін бастағандармен кездесіп, жиын өткізген. Сонымен қатар ерте жүктілік, туыстық некенің алдын алу, әйелдерге құқықтық көмек көрсету мақсатында көшпелі отырыстар ұйымдастырылды. Республикадағы аналар кеңесінің жұмысы үздік деп танылып, Қазақстан халқы Ассамблеясының дамуына қосқан үлесі үшін ҚХА алғыс хатымен марапатталды.

Ал «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы өз жұмысын қайырымдылыққа бағыттап Еріктілер қозғалысы орталығы құрды. «Өмір сыйла» қайырымдылық акциясында ассамблея жастары 13,5 литр қан өткізген. «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының төрағасы Хамида Турдиева «Еріктілер жылы» халықаралық байқауында «Корпоративтік еріктілік көшбасшысы», Насыров Станислав «Бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін» номинациясында бірінші жүлделі орындарға ие болды.

Жалпы ұлттық бірлік пен ұлтаралық келісімді дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін Артур Лигостаев, Хабиб Әлиев, Сабина Заитова, Рахат Ерханұлы ассамблеяның республикалық Алғыс хаттарымен марапатталды.

Мемлекеттік тілді үйренуге 2239 ассамблея өкілі қызығушылық танытқан. «Мәміле» клубының мүшелері карантин кезінде «Үйде отырып, қазақ тілін бірге үйренеміз», «Каз.онлайн», «Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы», «Этнодастархан» және «Тілге құрмет – елге құрмет» интернет-акцияларын ұйымдастырып, арнайы іс-шараларға қатысқан. Республикалық «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» форумына облыстың әр өңірінен мемлекеттік тілді жетік меңгерген 1287 адамның тізімі ұсынылды.

Өткізілген іс-шаралар аясында белсенділік танытқан ұйғыр этномәдени бірлестігінің басшысы М.Турдыева, дүнген этносының өкілі И.Буларов II дәрежелі «Достық» ордендерімен, облыстық «Вынхуа» этномәдени бірлестігінің өкілі Д. Нұралиева «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Журналистер клубының қызметін этносаралық тақырыптарды қозғайтын республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының 20 тілшісі жүргізеді. Өңірлік ассамблеяның қолдауымен өткен жылы 2 мың дана таралыммен «Ұлы шаңырақ» облыстық газеті шығарылды. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасында жыл сайын облыстық «Бір шаңырақ астында» байқауы ұйымдастырылуда. Қазіргі таңда облыстық «Jambyl» телеарнасында екі тілде «Достық дастарқаны», «Философия вкуса» телебағдарламалары жүргізілуде. Онда түрлі ұлт өкілдерінің дәстүрлері мен ұлттық тағамдарын көрсетіледі. Телеарна тілшісі Ильдар Гизатуллин өңірде Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын насихаттағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. Баспасөз орталығының барлық жұмысы республикалық деңгейде жоғары бағаланды. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға қосқан үлесі үшін Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі бөлімінің басшысы Бибігүл Шахзада «Мейірім»төсбелгісімен марапатталды.

Дегенмен шешілмей жатқан мәселелер де жоқ емес. Атап айтсақ, кейбір аудандарындағы этномәдени бірлестіктерге жұмыс істейтін, түрлі деңгейдегі іс-шаралар өткізетін ғимараттар қажет. Бұл да алдағы уақытта шешімін табады деген сенімдеміз.

Алғыс айту күні – күрделі заманда қиындықты иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күн. Осы орайда барша қазқстандықтарды алда келе жатқан Алғыс айту күні мерекесімен құттықтаймын. Ауызбіршілік, татулық және достық сынды құндылықтарымызды жоғалтпай, Отанымыздың өркендеуіне үлес қоса берейік!

Менің Отаным – Қазақстан. Оған деген махаббатым да, алғысым шексіз. Олай болса, «Бірлік еткен озар, бірлеспеген тозар» демекші Қазақстанда мекен ететін барлық ұлыстар мен ұлттар бір жұдырықтай жұмылып, елімізді әлемнің дамыған, зайырлы мемлекеттері қатарына қосуға ұмтылуымыз қажет. Осы орайда, дүңген халқының атынан қиын-қыстау кезеңде құшақ жая қарсы алған кеңпейіл де қонақжай қазақ халқына алғысымды айтқым келеді.

2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялады.

Алғыс сөзі – жүректен иірілетін, тұнық сөз. Естіген жанды рухани лəззатқа бөлейді. Бір жағынан тілек, бір жағынан адамның ниеті, ризашылығы ғой, ол дүниедегі қымбат сөз!

ВАНСИНВИН САЛИМА

Руководитель дунганского этнокультурного центра села Сортобе

Кордайского район

Алғыс айту және Тәуелсіздің 30 жылдығына құттықтау

Сабина Зайтова — фармацевт, Жамбыл облысы ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысың мүшесі


Хисаматдинова Анжелла — студент, Enactus жобасының мүшесі, Жамбыл облысы ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысың мүшесі

Судаба Металимова — 7 мектеп гимназиясы, ұйымдастырушы педагог, Жамбыл облысы ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысың мүшесі

Ауызбіршіліктен асқан құндылық болмақ емес

1 наурыз – Алғыс айту күні

Ауызбіршіліктен асқан құндылық болмақ емес

Президент Жарлығымен бекітілген Алғыс айту күні мерекесі біз үшін өте маңызды әрі бір-бірімізге алғыс айтып, ыстық ықылас білдіретін мереке болып саналады. Қазақстан халқы ел өміріндегі осынау маңызды мерекені биыл алтыншы мәрте атап өткелі отырмыз.

«Тағдырдың кім көнбейді салғанына» демекші, ата-бабаларымыздың айтуынша, біздің әзірбайжан халқының бірсыпырасы сонау отызыншы жылдары тарихи Отандарынан қасиетті қазақ жеріне жер аударылған болатын. Міне, әзірбайжандардың содан бері жергілікті қазақ халқымен татулығының жарасқаны соншалық, олармен құда-жегжат, тіпті ағайын, туыс-бауырдай боп кеткенімізді қалай айтпаймыз?!

Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Соның ішінде, біздің Жуалы ауданында қазақ, шешен, орыс, әзірбайжан, өзбек, татар, тағы басқа ұлттардың өкілдері бір үйдің баласындай татулықта еңбек етіп, отбасыларын асырап, елдің берекесін келтіріп отыр. Бұл – бақ пен ырыс қатар дарыған біздің елдегі ұйысқан ынтымақ пен татулықтың белгісі. Бұл – Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы да салиқалы саясатының жемісі. Бұл – әлем елдеріне үлгі етіп тарататын құндылық деп білемін.

Бірлік – біздің қасиетті туымыз. Бірлік бар жерде ғана берекелі тірлік болмақ. Қазақстан халқының ауызбіршілігі мықты болғанда ғана еліміз табыстарға жетеді. Болашағымыз да жарқын болады. Бірлікті қасиет тұтқанда ғана айымыз оңынан туып, күніміз жарық болмақ. Осыны әсте естен шығаруға болмайды. Алда келе жатқан Алғыс айту күні мерекесі барша қазақстандықтар үшін құтты болсын. Қай заманда да ауызбіршіліктен, татулықтан, достықтан асқан құндылық болған емес. Ендеше, ортақ Отанымыздың дамуына аянбай үлес қоса берейік. Достығымыз жасасын. Бір-бірімізге алғыс айтып жүрейік.

Расим СУЛЕЙМАНОВ,

жас кәсіпкер.

Жамбыл облысы Жуалы аудандық

«Мехрибан» әзірбайжан этномәдени орталығының мүшесі

Заңның 10 жылдығына арналған «Медиация туралы» Ашық есік күні өтті

Ағымдағы жылдың ақпан айында Жамбыл облысының прокуратурасы жанындағы Құқықтық мониторинг орталығының алаңында «Медиация туралы» ҚР Заңы және оның қолданылуы бойынша Жамбыл облысының прокуратурасы ұйымдастырған құқықтық түсіндіру жұмысы өтті. Оған

облыстық прокуратура өкілдері, судьялар, өңірлік ҚХА медиаторлары, адвокаттар, ішкі істер органдарының қызметкерлері қатысты.

Аталған іс-шараның мақсаты – қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы хабардар ету, сондай-ақ мемлекеттік және құқық қорғау органдарының дауларды реттеуде медиация институтын жандандыру.

Облыстық прокуратураның 2-ші басқармасының бастығы Алмас Меңлібаев өз баяндамасында: «Талдау көрсеткендей, 2020 жылы сотқа дейінгі тергеу барысында тараптардың татуласуына байланысты 1387 іс тоқтатылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда сотқа жіберілген істердің саны 16% – ға азайды. Бұл сандар қоғамдағы жанжалдың төмендеуін, сот жүктемесінің төмендеуін және аймақтағы дауларды шешуде медиация халық арасында танымал бола бастағанын көрсетеді»- деп атап өтті. Сондай-ақ, қатысушыларды ҚР Жоғарғы Сотының 21.06.2001 ж. нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы түсіндіре келе, «ҚР Қылмыстық кодексінің 68-бабын қолдану жөніндегі сот практикасы туралы», оған қоса, (6-бап) сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының татуластыру рәсімдерін пайдалануы туралы ережелерімен таныстырды.

Жиын барысында Медиация кабинетінің жетекшісі Валентина Досыбиева да үш жыл бұрын Жамбыл облысының ҚХА облыстық сотпен бірлесіп, осы құқықтық қызмет көрсету орталығын ашқанын, онда ҚХА медиаторлары азаматтарға өзекті мәселелер мен даулар бойынша кеңес беретінін атай келе, «Мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен ынтымақтастық аймақтағы медиация институтын дамытуға үлкен серпін береді, осы бірлескен жұмысты жалғастыру қажет!», – деп қорытындылады.

Іс-шара соңы ҚХА медиаторлары дауларды сотқа дейін реттеуге қатысты келелі мәселелерді көтерумен бірге, қатысушылар Жамбыл облысында Медиация институтын дамыту бойынша нақты ұсыныстар қабылданғанымен аяқталды.

Жамбыл облысы әкімдігі ІСБ

«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз орталығы

Білім берудегі Медиация-уақыт талабы

Ағымдағы жылдың ақпанында ZOOM алаңында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы мен Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен онлайн форматта «Білім беру саласындағы медиация қызметі» атты конференция өтті.

Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі бас маман – арын Маржан Сейлханқызы құттықтау сөз сөйледі. «2020-2023 жылдарға арналған Жасөспірімдер арасындағы суицидтердің санын арттыру мәселелерін шешу және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл, бала құқықтарын қорғауды күшейту жөніндегі жол картасын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №156 қаулысының 15-тармағына сәйкес облыстың білім беру ұйымдарында үлкен жұмыс жүргізілуде. Қауіпсіз орта құру үшін білім беру ұйымдарында қауіпсіз кеңістік қалыптастыру үшін медиация институтын енгізу қажет. Біз «мектеп медиациясы қызметі туралы ережені» бекіттік, сондай-ақ білім беру бөлімдері мен әлеуметтік педагогтардың жауапты мамандары, құқықтық тәрбие жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар үшін осы бағыт бойынша консультативтік-әдістемелік жұмыс бойынша бірқатар іс-шараларды бастадық. Бүгін Жамбыл, Қордай, Шу және Меркі аудандарының білім беру саласының өкілдері медиативтік дағдыларды меңгереді», – деп атап өтті ол.

Конференция аясында Валентина Досыбиева облыстық (ҚХА Медиация кабинеті меңгерушісі) және С.Дауылбаева (Жамбыл ауданы Гродекова ОМ ППН меңгерушісі, ҚХА медиаторы) «Білім беру жүйесіндегі медиация қызметі» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Олар қатысушыларды медиацияның әдістемелік негіздерімен, рәсімімен, қағидаларымен және оның білім беру жүйесінде қолданылуымен таныстырды. Г.Кошекбаева (Байзақ ауданы медиаторлар қауымдастығының төрайымы) ауданда медиация кабинеттерін ашу тәжірибесімен бөлісті. Мелдебекова Д. С. (Байзақ ауданы Үлгілі орта мектебінің құқықтық тәрбие жөніндегі меңгерушісі, ҚХА медиаторы) Мектеп медиациясы қызметін дамыту жолдары және оларды құру алгоритмі туралы айтып берді. С.Калабаева (Сарыкемер ауылы №1 гимназия мектебінің тәрбие жұмысы жөніндегі меңгерушісі) мектепте осы қызметті жоспарлау және құру кезеңдері туралы таныстырды. Н. а. Оразқұлова (Шымкент қаласы медиаторлар қауымдастығының президенті) өз қаласында медиация қызметін құру тәжірибесімен бөлісіп, онда жұмыс істеу үшін әдістемелік құралдарды, буклеттерді ұсынды.

Спикерлердің барлық баяндамалары білім беру саласында медиацияны жандандыру үшін слайдтар мен ұсыныстармен сүйемелденді. Конференция барысында қатысушылар медиаторларға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар мен кеңестер алды.

Сөз сөйлегендер білім беру ұйымдарында медиацияның маңыздылығын атап өтті, ол балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етіп қана қоймай,

қауіпсіз кеңістікті, тең мүмкіндіктерді қалыптастыру және олардың мүдделерін қорғау үшін жағдай жасайды.

«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз орталығы

Жамбыл облысы ІСБ



Жамбыл облысы ҚХА жастары «Өмір сыйла» акциясына қатысты

Донор болу – біреудің өмірін ғана емес, өз өміріңді де құтқару. Қан тапсырудың адамды ынталандыратын әсері бар екені ғылыми түрде дәлелденген, яғни, донорлар – өте белсенді және өмірге құштар жандар. Әлемде қан құюға жыл сайын миллиондаған адамдар мұқтаж болады. Осыған орай, ағымдағы жылдың ақпан айында Жамбыл облыстық «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының өңірлік штабының белсенділері Тараз қаласындағы «Қан орталығына» барып қан тапсырды. Айта кетейік, қайырымдылық шара жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Қан өткізуге, қайырымдылыққа ерікті түрде атсалысатын жастардың биылғы жылғы шарасы «Өмір сыйла» акциясы аясында өткізілді. Қолдарына ҚХА жалауын ұстаған жастар, «Қан орталығы» ғимаратының алдында жиналды. Бұл игілікті іс әрбір жанға үлгі болары сөзсіз.

Қан қандай жағдайда керек? Сырқат жандар күнделікті қан құюға мұқтаж болады. Қан немесе қанды құраушы компоненттер жол-көлік оқиғасына ұшыраған, босанғаннан кейінгі ауыр жағдайдағы әйел азаматшаларға, сырқаты терең балаларға ауадай қажет. Ал гемофилиямен және анемия ауруына шалдыққандарға өмірін сақтап тұру үшін тек қан керек. Әлемнің әрбір үшінші тұрғыны бір рет донорлық қанды қажетсінеді дейді статистика. Ал «Донор» дегеніміз –өзінің қанын беру арқылы біреуге өмір сыйлайтын адам.

Жамбыл облысы әкімдігі ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ-нің ерікті донорлары, Тараз қалалық Қан орталығының қолдауымен өткен атаулы акцияға ерекше ынта-ықыластарымен атсалысты.

Алдымен тіркеу бөлімінен өтіп, зертханалық кабинетте талдама жасалынды. денсаулығы жарамды деп танылған қыз-жігіттер қанға мұқтаж жандарға өз қандарын өткізіп, қайырымды іс жасады.

Орталық басшысы Умаров Гулам Мухтарұлы қайырымдылық іске белсене қатысқан жастардың ізгі ниеттеріне өз ризашылығын білдірді. Осынау дәстүрлі шара жалғасын тауып, қайырымдылыққа жаны құмар мейірімді жастардың қатары көбейсе деген тілегін де жасырмады. Мұндай жауапты әрі өте маңызды шараға жас буынның саналы түрде қатысуы қуанарлық жағдай екенін ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, Жамбыл облыстық «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының өңірлік штабы жастарының жетекшісі Хамида Турдыева: – «Қайырымдылық акциясына барлығы 25 жас қатысып, белсенділік танытты. «Өмір сыйла» қайырымдылық акциясы алдағы уақытта да өз жалғасын табады және оған қатысушылар саны артып келеді» -деді.

Шара соңында акцияға қатысушылар мекеме қызметкерлерімен естелік суретке түсті.

Жамбыл облысы әкімдігі

ішкі саясат басқармасының

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз орталығы





Мектеп медиациясы қызметі – уақыт талабы

Мектеп қабырғасындағы жанжал жағдайларының саны жыл сайын едәуір артып келе жатқандықтан, білім беру жүйесінің жұмысына медиативті тәжірибені енгізу қажеттілігі туындады. Жастардың болашағы бар және ол бізге байланысты болады. Егер ол қазіргі қақтығыс жағдайынан, мінез-құлық мәдениетінен, құрдастарымен, аға буын өкілдерімен қарым-қатынас мәдениетінен лайықты жол табуды үйренсе, онда ол одан да үлкен жаста, оның аумағынан емін-еркін өзі шешіп шыға алады. Ол үшін облыс мектептерінде медиация кабинеттерін немесе бұрыштарын ашу және олармен татуласу қызметтерін құру қажет, олар келеңсіз мәселелерді келіссөздер арқылы шешуде жанжалдасушыларға жағдай жасайды.

ҚР Президенті Қ.Ж.Тоқаевтың елімізде медиация институтын дамыту жөніндегі Жолдауын іске асыру мақсатында Жамбыл облысы ҚХА медиация кабинетінің міндеттерінің бірі медиация институтын білім беру саласында жандандыру болып табылады, ол құқықтық мәдениетті арттырып қана қоймай, ондағы жанжалдарды, агрессиялық, қауымдық көріністерді төмендетеді.

Осыған байланысты, ағымдағы жылдың ақпан айында Байзақ ауданының медиаторлары Көшекбаева Г.А., Мелдебекова Д., Балабеков С. өз ауданында Мектеп медиациясы қызметтерін ашу жұмыстарын үйлестірді. Бұған алғашқы қадам Байзақ ауданы Қызыл Жұлдыз ауылдық округінің Үлгілі орта мектептерінде, Сарыкемер ауылының №1 мектеп-гимназиясында, Н. Ақшабаев атындағы орта мектебінде «Мектеп медиация қызметінің жұмысын жетілдіру» тақырыбында семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізу болды. Бұл іс-шаралар судьялардың, әкімдік, ішкі саясат бөлімі, ІІБ өкілдерінің, ювеналды полиция қызметкерлерінің, қоғамдық келісім кеңесі мүшелерінің, билер мен ҚХА медиаторларының қатысуымен өткізілді.

Осы мектептерде құрылған, білім беру ұйымдарының қызметкерлерінен, оқушылар мен ата-аналардан тұратын Медиация қызметтеріне осы ауданның ҚХА медиаторлары да кірді. Олар жұмыстың бастапқы кезеңінде өз тәжірибесіне сүйене отырып, ОММ мүшелеріне жанжалдарды шешуде медиативтік тәсіл дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.

Бұл қолайлы жұмыс әр мектепте жалғасады, өйткені бұл ондағы қауіпсіз кеңістікті қалыптастыруға жағдай жасайды!

Жамбыл облысының ІСБ

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз орталығы