ҚХА ШЕБЕРЛЕРІ ШЕТЕЛДІКТЕРДІ ТАҢДАЙ ҚАҚТЫРДЫ
Баршамызға белгілі тұлпарлар тұяғының дүбірі қалған Ұлы Даламызда V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтуде. Аталған байрақты бәсекенің «Көшпенділер Әлемі» атты этноауылдағы «Шеберлер ауылы» көрмесіне ҚХА жанынан құралған қолөнер шеберлері қатысуда. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген екі жүзден астам қолөнерші өздерінің бірегей бұйымдарын таныстырып, шеберлік құпиялары және тәжірибелерімен бөлісуде. Көшпенділер ойындарына келген әрбір қонақ қазақ халқының бай әлеміне еніп, […]