Облыс журналистері арасындағы «Бір шаңырақ астында» байқауы өз мәресіне жетті

Елімізді мызғымас бірліктің арқасында 130-дан астам өзге ұлт өкілі тату-тәтті тұрмыс кешіп отыр. Қазақстан халқы Ассамблеясының туының астына топтасқан сан ұлттың айрандай ұйып, елімізде ұлтаралық келiсiм мен демократиялық қоғам құру, бейбiтшiлiк пен тұрақтылықтың сақталуы жолында бұқаралық ақпарат құралдары айрықша үлес қосып келеді. Осы ретте өз өңіріміздің де қалам ұстаған қауымы сан алуан этностық топ өкілдері мекендеген облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ел ішіндегі ынтымақ пен береке-бiрлiгінің, достықтың салтанат құруына себепкер болып отырғанын айта кеткен жөн. Олар өңіріміздегі саяси тұрақтылықтың орнықты болуын насихаттаудан еш танған емес.

Осыны жақсы түсінетін Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстағы хатшылығы мен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесі жыл сайын жергілікті БАҚ өкілдері арасында байқау ұйымдастыруды үрдіске айналдырған. Биыл да 28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Бір шаңырақ астында» атты облыстық байқау өз мәресіне жетті. Салтанатты шарада Қазақстан  халқы Ассамблеясы облыстық хатшылығы меңгерушінің орынбасары, бас инспектор Жасөркен Жақсылық қалам ұстаған қауымды кәсіби мерекемен құттықтап, бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлінің маңыздылығын атап өтті.

– Журналистердің артылған міндеті ауыр. Себебі, билік пен халықтың арасындағы алтын көпір іспетті болып жүрген олардың жауапкершілік жүгі жеңіл емес. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуымен қатар елдің тұтастығын сақтауда БАҚ өкілдерінің алатын орны айрықша. Елді игі іске жұмылдырып, берекені арттырып, татулықты нығайтуға қосқан үлестеріңіз өлшеусіз. Заман көшінен қалмай, жаңа медианы меңгеріп, елдікті сақтау, азаттықты баянды ету жолындағы абыройлы қызметтеріңіз жемісті бола берсін. Жаңашылдықтың жаршысы, жақсылықтың хабаршысы болып, қоғамдағы ахуалдың алғы шебінде жүретін айрықша кәсіп иелерінің қызметі қадірлі де құрметті. Мерейлі мереке құтты болсын,  ұшқыр қалам иелері!, – деді Жасөркен Берікұлы.

Бұдан кейін құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Рано Убайдуллаева байқауда бақ сынап, топтан оза шапқан жүлдегерлерді марапаттады. Нәтижесінде облыстық «ARAI» газеті мәдениет бөлімінің басшысы Нұржан Қадірәлі бас жүлдені (50 мың теңге) иемденсе, осы басылымның саясат бөлімінің басшысы Саятхан Сатылғанов, «Магнолия» газетінен Михаил Бунин, облыстық «Aq jol» газетінің тілшісі Альмира Омарова І орынды (әр қайсысына 30 мың теңге) теңдей бөлісті. Облыстық «Jambyl» телеарнасының бөлім редакторлары Маржан Қанатова, Ильдар Гизатуллин және республикалық «Казахстанская правда» газетінің облыстағы меншікті тілшісі Михаил Тё ІІ орынға (әр қайсысына 25 мың теңге) қол жеткізді. Облыстық «Zhambyl news» ақпараттық агенттігінің журналисі Ирина Кожухарова, облыстық «Знамя труда» газетінің тілшісі Лариса Губашева, Тараз қалалық «Жамбыл – Тараз» газетінің тілшісі Арайлым Шәбденова ІІІ орыннан (әр қайсысына 20 мың теңгеден) көрінді. Өзге де бір топ журналистер байқауға қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталып, оларға ақшалай 10 мың теңгеден табыс етілді. Бас жүлдеге ие болған Н.Қадірәлі таяу арада республикалық «Бір шаңырақ астында» атты байқауда облыс намысын қорғайды.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Жас ғалымдар бақ сынасқан бәсеке өз мәресіне жетті

Ағымдағы жылдың маусым айында Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұймдастыруымен жастар жылына орай  облыстық жастар startup жобалары байқауы өткізілді.

«2019 – жастардың инновациялық әлеуеті» атауымен өтіп жатқан жобалар байқауына қатысушылардың еңбектерін Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімі бекітілген ереже мен  тәртіп-талаптарына сай қабылдап алды.

Байқаудың басты мақсаты бизнес-қоғамдастықтың әлеуметтік стартаптарын сараптамалық және қаржылық қолдау үшін орта құру, қатысушылар арасында  өзара тәжірибе мен идеялар алмасатын, сүйемелдейтін коммуникациялық алаң қалыптастыру, әлеуметтік кәсіпкерлік тақырыбын насихаттау және дарынды жастар, студенттер, ауыл жастарының жас мамандарына арналған белгілі бір орта қалыптастыру. Сондай-ақ, өзгермелі әлем жағдайында Қазақстанның этносаясатын жетілдіру бойынша жаңа идеяларды іздеу.

Аталған байқауда 14 жастан 17 жасқа дейінгі оқушылар, 16 жастан 21 жасқа дейінгі орта арнаулы оқу орындарының студенттері, 18 жастан 29 жасқа дейінгі жоғары оқу орындарының студенттері мен жас зерттеушілері және Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің жастар көшбасшылары бақ сынасты.  Оларға  жастардың әлеуметтік мәселелерін шешу, энергетика өнеркәсібі, жоғары технологиялар, ғылыми әзірлемелер, басқару және білім беру, өндіріс және технология, IT-сала және инфрақұрылым, өмір сапасын жақсарту, қоғамда табысқа жету, бәсекеге қабілеттілік және білім идеяларын насихаттау, ақпараттық ілгерілету жолымен қоғамдық сананы жаңғырту, Қазақстанның жаңғыруы: жаңа патриотизм сынды түрлі тақырыптарда жоба жасау ұсынылған. Байқауға қатысушылардың еңбектері арнайы құрылған комиссия құрамының қойылған талап тілектеріне сай қарастырылып, талқыланды. Қазылар алқасының жетекшісі М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің “Философия және саясаттану” кафедрасының меңгерушісі, доценті,  Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, философия ғылымдарының кандидаты Кульбаева Дина Дуйсебайқызы «Байқау өте тартысты өтті. Жас ғалымдардың көптігі, олардың тапқырлығы, дұрыс ойлап, тың дүниелерді ұсынып жатқаны бізді расында қатты қуантты. Шынын айтқанда біз олардың еңбектеріне қарай өз жүлделерін тағайындауда біраз қиындықтар болды. Себебі, бірінен бірі өтіп тұр. Осы тұста әділ әрі шынайы шешім қабылдап жүлделі деп танылған еңбектерді «Жастардың әлеуметтік мәселелерін шешу», «Өмір сүру сапасын жақсарту», «Ғылыми әзірлемелер» сынды үш топқа бөліп марапаттауды жөн көрдік. Сондай-ақ, үзік жобалармен алдағы уақытта жұмыс жасау жоспарда бар. Жастар жылына орай ұйымдастырылған бұл жоба жемісті болсын демекпін»- дейді.

Жас ғалымдардың жүлдесін Жамбыл облысының әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Убайдуллаева Рано Махсудқызы табыстады. «Жастардың әлеуметтік мәселелерін шешу» бағыты бойынша бас жүлде Марденова Русланаға бұйырды. Аталған бағыт бойынша Сулейманова Алуа бірінші орынды, Ибрагимов Кемран екінші орынды, Альчикенова Сымбат және Сағындықова Ақдана үшінші орынды иеленді.  «Өмір сүру сапасын жақсарту» бағыты бойынша Айтикенова Ромина бас жүлдені қанжығаласа, Уманец Алина және Цой Елена бірініші орынды, Конырова Дарига екінші орынды, Зарамба Владимир үшінші орын тұғырынан көрінді. «Ғылыми әзірлемелер» бағыты бойынша бас жүлде Иманалиев Талғатқа, бірінші орын Шакшабаев Нуржанға, екінші орын Егембердиев Даулетке, үшінші орын Равилов Ренат және Ануарбекова Лунараға бұйырды. Жүлдегерлерге арнайы алғыс хаттар және ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ, байқауға қатысушы басқа үміткерлерге ынталандыру сыйлықтары үлестірілді.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Аймақта ассамблеяның ХХІІ сессиясы өтті

«Тұрақтылық пен келісім – әлеуметтік бірлік пен жаңғыру кепілі».Аймақтағы Достық үйінде осындай ататуымен Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының ХХІI сессиясы өтті.

Кезекті сессияға Жамбыл облысының әкімі әрі ассамблеяның аймақтық төрағасы Мырзахметов Асқар Исабекұлы, облыс ассамблеясының өкілдері мен ардагерлері, қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары мен мүшелері,  облыстық мәслихаттың «Бірлік» депутаттық тобы мүшелері, діни бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдарының басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, мекеме басшылары, Тараз қаласы мен аудан  медиаторлары,  қалалық және облыстық  БАҚ тілшілері қатысты. Аталған іс-шараға барлығы – 280 адам қамтылды.

Кезекті  сессияны өткізудегі басты мақсат ҚХА мемлекеттік органдарымен  қоғамдағы этносаралық келісім мен бірлікті одан әрі нығайту, Жамбыл облысы өңіріндегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қатамасыз ету, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру болып табылады.

Биылғы жылы қатарынан 22 – ші рет өткен сессияныңбасы Достық үйінің 2-ші қабатындағы түрлі көрмелерді тамашалаумен басталды. Мұнда – «Қазақтану», «Туған жер» жобалары аясында жасалған қолөнер бұйымдары қойылып,  Ұлы дала қазынасы,  Ауыл шаруашылығындағы стартаптардың көрмелері ұйымдастырылған. Сонымен қатар, балалар шығармашылығынан, туған жердің пейзаждарын бейнелеуден, «Басқұр» тоқыма қолөнерінен, этномәденибірлестіктер фольклорлық шеберлерінің шеберлік-класының түрлі бұйымдары жиылған жұрттың назарына ұсынылды.

Көрмені тегіс аралап болған қонақтар ары қарай сессия жұмысына кірісті. Сессияны облыстық ассамблея төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі,модератор – Қожаева Маржан Төреғұлқызы облыс ассамблеясы төрағасының Қоғамдық орынбасарын тағайындаумен бастады. Аталған лауазымға “Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы” ҚР Заңына сәйкес, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Кеңесінің шешіміменҚазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, “Бірлік” облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының депутаттық тобы басшысының орынбасары, меценат Юрий Васильевич Минаков тағайындалды. Хатшылық меңгерушісі бүгінгі күнге дейін Қоғамдық орынбасар міндетін атқарған Руслан Бәкірұлы Исмазовқа облыстық ассамблея мүшелерінің атынанқызметтегі белсенділігі үшін зор алғысын білдірді.Ары қарай сессия қатысушыларын «Тұрақтылық пен келісім – әлеуметтік бірлік пен жаңғырту кепілі»атты  баяндамасымен таныстырды.Маржан Төреғұлқызы «Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ассамблеяның құрылған күннен бастап еліміздегі мызғымас бірліктің ұйытқысы, сарқылмас берекенің бастауы болып келе жатқанын, бүгінгі таңда бұл құрылым көп этносты елімізді біртұтас ұлтқа біріктіріп отырғандығын атап өтіп, Ассамблея әрдайым еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың ең басты кепілі болып қала береді деп сенім білдірді.

Бүгінде облысымызда 87 этнос өкілдері тұрады және 75 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Есепті кезеңде 170 мыңнан астам адамды қамтыған 1376 іс-шара өткізілді. 2019 жылдан бастап Ассамблея құрылымына қоғамдық аккредитациядан өткен этномәдени бірлестіктер кіреді.Облыс бойыншааккредиттеу комиссиясында32 этномәдени бірлестіктің  өтініші қаралып, мақұлданды. Оның ішінде 25 облыстық, 1 қалалық және 6 аудандық бірлестік бар»- деді өз есебінде. Хатшылық меңгерушісі баяндама барысында атқарыған жұмыстарға оның ішінде әрбір іс-шараға жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат пен қамтылған адам санына рет-ретімен тоқталып есеп берді.

Маражан Төреғұлқызы өз баяндамасынан кейін жарыссөз кезегін Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының Ғылыми – сараптамалық кеңесінің төрағасы, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ ректоры Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлына ұсынды.

Кеңес төрағасы «Қоғамдық сананы жаңғырту жағдайындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін ғылыми-сараптамалық сүйемелдеудің рөлі» туралы өз баяндамасын жасап алғашқы жарты жылдық облыстық ғылыми – сараптамалық кеңесінің есебін берді.

Жарыссөз мінберіне келесі болып “Жамбыл облысы аумағында экологиялық гофрленген картон шығару” жобасының авторы Аралбаева Диана Берікқызы шықты. Жоба жетекшісі «Ұсынылып отырған жобада гофрленген картон өндірісі тас қағаз негізінде қарастырылады, ол 70% кальций карбонатынан (әктас) және 30% құпия компоненттерден тұрады. Бүкіл әлемде ұқсас қаптаманы тек Қытайда шығарады. Алайда, ТМД елдеріне бұл елден логистика мен тауардың бағасына байланысты сатып алу тиімді емес. Жамбыл облысында өндірістің орналасуы жоспарлануда, ал бұл логистиканы және сапалы әктас шоғырының үлкен қорын ескере отырып, өте тиімді орналасқан жері. Бұл өнім жаңа ұрпақтың озық технологияларын қолдана отырып, экологиялық таза өндіріс болып табылады. Жобаның әлеуметтік мәні: ағаштарды сақтау, су қорын сақтау және энергия шығындарын қысқарту. Демек, мұндай қағаз өндірісі миллиондаған гектар орманды құтқара алады. Сондай-ақ осы технологияға патенті бар қытай компаниясымен шарт жасалды. Біздің өнімнің қытайлық ерекшелігі жеңіл салмақ пен төмен баға болып табылады (бағаның айтарлықтай төмендеуі үшін біз белгілі бір компоненттерді ауыстырдық). Жылына ТЭН бойынша осы кәсіпорын (техникалық-экономикалық негіздеме) орташа есеппен 2 миллион АҚШ долларын таза пайда әкеледі»-деді, өз баяндамасында.

Сессия барысында Жамбыл облыстық сотының судьясы Нұрлыбаева Динара Ничаевна, “Жамбыл облысының егіс алқаптарында жаңа тыңайтқыштарды пайдалану мүмкіндіктері туралы” стартап жобасының авторы Егембердиев Дәулет Қанатұлы, “Жамбыл облысының Өзбек этномәдени бірлестігі” қоғамдық бірлестігінің мүшесі Умаров Гулам Мұхтарұлы және  “Амазонка” онкологиялық науқастарды қолдау қайырымдылық қорының жетекшісі Сарьян Анжелика Грантовналар өз баяндамаларын жасады.

Сессияда арқау болған тағы бір мәселе Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының құрамын бекіту болатын. Аталған мәселеге орай Қазақстан Республикасының “Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы” Заңының 15 бабының 4 және 5 тармақтарына сәйкес, этномәдени бірлестіктердің ұсыныстары негізінде шешім шығарылды. Нәтежиесінде облыстық ассамблеяға мүшелікке 205 адам бекітілді.

Сессия соңы Жамбыл облысы әкімі, облыстық ассамблея төрағасы Мырзахметов Асқар Исабекұлының «Біздегі басты мәселе облыстың эконмикасын арттыруымыз керек. Оның ішінде аудандық және ауылдық округтарды көркейту, жұмыспен қамту, ауылдарға қоныс аударған өзге этнос өкілдерінің қандайда бір айналысатын шаруаларына қолдау көрсетуіміз шарт. Бәрінен бұрын жұмыссыздықпен бел шеше кірісуіміз керек. Қазіргі таңда облыстық әкімшілікте аталған мәселерді қарастыратын арнайы бөлім жұміс істейді.Мәселен жаңа ғана сөйлеген Диана Аралбаева жобасын жүзеге асыруымыз болады.Бұл жобаны жүзеге асыру үшін облысымыздағы бірнеше банкпен жұмыс жасауға болады.Сондай-ақ, аудандар мен Тараз қаласының әкімдеріне, облыс әкімдігінің басқармаларына:  Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығымен бірлесе отырып, әлеуметтік бірлікті нығайту мақсатында медиация институтын пайдалана отырып, туындаған даулы мәселелердің алдын алуды және уақытылы шешуді қамтамасыз ету керек. Жастардың стартап жобалары мен идеяларын анықтау және қолдау бойынша жұмысты жетілдіру қажет. Сондай-ақ, Қоғамдық келісім кеңестерінің өзекті жаңғырту міндеттерін орындауға азаматтық қатысуын кеңейтуді тапсырамын.»-дегенқортынды сөзімен тәмамдалды.

Жамбыл облысы әкімі аппараты

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі