«Медиация кабинеті жұмысының қорытындылары және 2019 жылға жоспарлары туралы»

Ағымдағы жылдың  қаңтарында “Қоғамдық келісім” КММ медиация кабинетінің атқарылған жұмыстарының қорытындылары мен 2019 жылға  жоспарлары  жөнінде медиаторлар кеңесі өтті.  Іс-шараның мақсаты – Медиация институтының қызметін күшейту және жандандыру үшін “Медиация туралы” ҚР Заңын, мемлекеттік органдармен, азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылдың негізгі тетіктерін дамыту және қолдану перспективасын талқылады.

Күн тәртібінде 2019 жылға арналған жұмыс, ҚХА “Жаңғыру жолы” республикалық жастар қозғалысының жол картасын іске асыру тұжырымдамасы, медиация институтын дамытудағы жаңа заңнамалық шаралар мен тәсілдер туралы мәселелер қаралды. Сонымен бірге, 2019 жылға арналған жұмыс жоспары, ҚХА “Жаңғыру жолы” республикалық жастар қозғалысының жол картасын іске асыру тұжырымдамасы, медиация институтын дамытудағы жаңа заңнамалық шаралар мен тәсілдер туралы мәселелер қаралды.

Медиация кабинетінің меңгерушісі В. Досыбиева өз сөзінде медиация арқылы мәселелерді шешу үшін азаматтардың өтініштерінің оң динамикасын, сондай-ақ медиация рәсімін халықтың хабардар болуын атап өтті. “Медиация кабинеті бітімгершілік рәсімдерді танымал ету бойынша жүргізіп жатқан нәтижелерін көріп отырғанымыздай, бітімгершілік рәсімдерді қолдана отырып, шешілген дау – дамайдың жалпы саны өткен жылмен салыстырғанда 5,11% – ға артты, бірақ бұл елеусіз нәтижелер. Медиация өңірдегі дауларды шешудің танымал институтына айналуы үшін облыста медиация институтын дамыту бойынша ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізуде медиаторлар кеңесінің әлеуетін белсенді пайдалану қажет“, – дейді Валентина Досыбиева.

Медиаторлар кеңесінің төрайымы Л. Сафонова қоғамдағы татуласу процедуралары мен медиацияға оң көзқарас қалыптастыруға назар аударды.

«Жастар арасында қауіпсіз ортаны қалыптастыру, қақтығыс және дағдарыстық жағдайларда жастардың медиативтік көзқарас дағдыларын дамыту қажет. Біздің еліміздің болашағы жастардың белсенділігіне, мәдениетіне және қарым-қатынас жасау қабілетіне байланысты. 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланғандықтан, жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастырып, олар үшін медиативтік құзыреттілік негіздерінің тренингтерін өткізу қажет. Жалпы, мен жастарға сенемін! Қазіргі болашақ ұрпаққа дұрыс бағыт берсең еш қателеспейтініміз анық. »,- дей келе, Лариса Сафонова жастарға көп үміт артып отырғандығын білдірді. Аталған іс-шараларды өткізу жастардың белсенді ұстанымдарын қалыптастыруда, қоғамда татуластыру рәсімдері мен медиацияға оң көзқарас қалыптастыруда белгілі бір нәтижелер береді.

Кеңеске қатысушылар өңірлік медиацияны дамытуға кедергі келтіретін мәселелерді талқылап, заңнаманы жетілдіруге және оған бағытталған ұсыныстар мен өзгертулер енгізді.