ZOOM КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

13 наурыз күні Достық үйінде ZOOM платформасында ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің төрағасы, қолданбалы этносаяси зерттеулер инститиуты директорының орынбасары, әлеуметтану ғылымдарының докторы Айгүл Кәкімбекқызы Садвоқасованың қатысуымен республикалық ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің онлайн отырысы өтті.

Онлайн отырыс барысында ҚР-дағы этноәлеуметтік процестерді бақылау және оның келешегіне қатысты мәселелері қызу талқыға түсті.

Сондай-ақ, жиын барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының докторы, доцент Мұхтарбек Шайкемелев өз баяндамасын жасады. Өз сөзінде этносаралық саладағы ғылыми бірқатар мәселелер қозғалды.

Жиын соңы өзара пікір алмасуға ұласты.