Жаз мезгілінің аяқталуына да санаулы күндер қалды

Жаз мезгілінің аяқталуына да санаулы күндер қалды.  Мектепкебарар уақыт  жақындап келеді. Қарбалас кезең: алғашқы қоңырау соғылады, кіршіксіз,  сыңғырлаған балалар күлкісі үздіксіз естілетін кезең. Қамсыз балалық шақтан,жауапты мектеп өміріне көшу. Осы тұста білім күніне орай Тараза қаласының«Достық үйі» ғимаратндаұйғыр этносының бірінші сынып оқушылары “Жамбыл облысы бойынша Махмұт Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігі” қоғамдық бірлестігінің жетекшісі және аталған іс-шараның ұйымдастырушысф Турдыева Мухабат ханыммен кездесті. Мухабат Абдрахманқызы балалар мен олардың ата-аналарын келе жатқан мерекемен құттықтады:

–  «Бүлдіршіндер, сіздер үшін “мектеп”атты жаңа жол ашылғалы тұр. Сіз үшін бұл жол қызыққа және тағылымға толы болсын. Сіздертек қана жақсы бағалармен ғана емес, сонымен қатар ұқыптылықтарыңызбен мына біздерді  қуантады деп сенемін! Ақ жол тілеймін сіздерге! »

Одан әрі оқушылар Достық үйі ғимаратының ішінде және Махмұт Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігінің мұражайы бойынша танымдық экскурсия жүргізілді. Мұхабат Абдрахманқызы балаларға олардың мәдени мұрасы мен ондағы экспонаттары туралы толық айтып берді. Балалар айтылған әңгімелерге үлкен қызығушылық танытып, сұрақтарын қойды.

Кездесу соңында балаларға алғыс хат пен мектепке қажетті құрал-жабдықтар салынған рюкзак табыс етілді. Айта кету керек, Мухабат Абдрахманқызы үшін бұл дәстүрге енді. Жыл сайын ол бірінші сынып оқушыларын сыйлықтармен мектеп атты кемеге шығарып салады.