Жастар арасындағы медиация

Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру: табыстар мен өмір сапасын арттыру»  атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында «Медиация бірлік негізі ретінде» әлеуметтік жобасы әзірленді.  Ол қоғамның, оның ішінде жастар ортасының толыққанды дамуы мен әлеуметтенуі үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Айта кетерлігі, жастар жылы жастарды қолдау және дамыту жөніндегі жаңа жобаларды жүзеге асыру және олардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуға деген қызығушылығын арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашты. Осыған орай, Тараз қаласының Достық үйінде  Медиация кабинетінде үстіміздегі жылдың желтоқсан айында «Жастар арасындағы медиация» тақырыбында оқу семинар-тренингі өткізілді.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің алға қойған мақсаттарына қол жеткізу үшін мұндай бірқатар – «Мектеп медиациясы», «Жастар арасындағы Медиация», «Отбасылық медиация», «Медиация. Базалық курс» сияқты оқу тренингтерінен қаншама жастар игілікті дәріс алды.  Алғашқы оқу сабақтарының бірі – «Мектеп медиациясы» ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жас өкілдері, «Айбын» әскери-патриоттық клубы және облыс мектептерінің оқушылары үшін өткізілген болатын. Мектеп ортасындағы шиеленіс сипатқа ие болатын күрделі жағдайлардың саны жыл сайын артып келе жатқанына байланысты, тренингтің мақсаты оқушыларды дауларды конструктивті шешуге және олардан шығуға көмектесетін әдістермен және тәсілдермен таныстыру болды.

Сабақ барысында оқушылар медиативтік процедуралар тәжірибесінен мысалдар оқып, ойын түрінде өздерін медиатор ретінде көрсетіп, оны сәтті орындап шықты.

«Жастар арасындағы Медиация» семинар-тренингі стресстік және даулы жағдайларда дауларды шешу дағдыларын қолдану ұстанымдарына негізделді.  Алынған тәжірибе жастарға өз құрбыларымен және ересектермен қарым-қатынасын сауатты құруға көмектеседі. Оқу сабағының қатысушылары ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенді өкілдері, колледж және мектеп студенттері болды.  Оларға дау-жанжалды жағдайлар  мен  медиацияны шешу кезінде қолдану тәсілдері ұсынылып, олар алынған дағдылардың көмегімен табысты шешілді. Тренингте жастарды оқыту күнделікті өмірдегі келеңсіз жағдайларды азайтуда айтарлықтай нәтиже береді.

«Медиация бірлік негізі ретінде» жобасын жүзеге асыру міндеттеріне сондай-ақ, Жамбыл облысы ҚХА-ның тәжірибеші медиаторларының кәсіби біліктілігін үнемі қолдау және біліктілігін үнемі арттыру қажеттілігі де жатады.  Оған орай, әлеуметтік жоба аясында «Отбасылық медиация» атты семинар-тренинг те өткен болатын.

Ресми мәліметтер бойынша, елімізде әрбір үшінші отбасы ыдырап жатыр, бұл негізінен жас жұптар. Қазақстан халқы Ассамблеясының міндеті – этностардың менталитетін, мәдениетін ескере отырып, осындай проблемаларды шешуге жәрдемдесу, оларды ескерту. Аналар кеңесінің, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ҚХА-ның ақсақалдары мен медиаторлары отбасылық қарым-қатынас саласындағы жанжалдар түрлері мен Медиация ерекшеліктерімен танысты.

Оқыту интерактивті тренинг форматында өткізілді. Онда мини-дәрістер, практикалық жаттығулар, рөлдік ойындар және отбасылық даулар мен қақтығыстар бойынша пікірталастар қолданылды. Бұл дағдылар оларды отбасылық құндылықтарды сақтау және әртүрлі даму кезеңдерін бастан кешірген ата-аналар мен отбасыларға қажетті көмек көрсету үшін медиация кабинетінде құрылған «Отбасы орталығында» бұрышында пайдалануға көмектеседі.

Медиаторлар желісін дамыту және ҚХА медиаторлары пулын қалыптастыру және кәсіби емес медиаторлар үшін базалық курстан  аудандық би кеңесінің, этномәдени бірлестіктердің, жеке ұйымдардың өкілдері, жалпы білім беретін мектептердің психологтары мен әлеуметтанушылары базалық білім алды.  Қатысушылар оларды адамдар арасында туындаған даулы қарым-қатынастарды реттеу үшін пайдаланатын болады. Тренингте алынған бұл дағдылар қоғамдағы әлеуметтік, саяси шиеленісті төмендетуге көмектеседі.

Сабақты тәжірибелі сертификатталған медиатор-жаттықтырушы Сафонова Лариса Владимирқызы өткізді. Әр семинар-тренингтен кейін қатысушыларға сертификаттар мен әдістемелік ұсыныстар берілді. Жобаны бастапқы іске асыру 2019 жылға көзделген, бірақ медиация мен қалпына келтіру тәсіліне оқыту бір реттік бола алмайды, ол келесі жылы да жалғасатын болады.

Біз Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» Жамбыл коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Медиация мектебі базасында медиативтік өзара іс-қимыл саласында дайындықтан өткен тыңдаушылар Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы жанжалдар мен дауларды шешуде бірегей тәжірибе мен практикалық дағдыларды алды деп есептейміз.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз орталығының басшысы

Бибігүл Шахзада