Жамбыл облысы ҚХА-ның ХХV сессиясы аясында №4 “Жаңа Қазақстан және ҚХА-ны жаңғырту”секциялық алаңының жұмысын атап өткім келеді

Жамбыл облысы ҚХА-ның ХХV сессиясы аясында №4 “Жаңа Қазақстан және ҚХА-ны жаңғырту”секциялық алаңының жұмысын атап өткім келеді.  Секция жұмысына облыстық қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағалары, ҚХА медиаторлары және этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Өз сөзінде Зайнутдинов Абдрахман Юлдашевич -Жамбыл облысы Тараз қ. өзбек орталығы ҚБ төрағасы, медиатор “Этномедиация институтын қалыптастыру”тақырыбымен сөз сөйледі. Ол Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА – ға мүдделі мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен бірлесіп, Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдарының, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері үшін этносаралық қатынастар саласындағы кәсіби келіссөз жүргізушілер-этномедиация курстарын ұйымдастыруды тапсырғанын атап өтті. Жоғарыда аталған тапсырманы іске асыру үшін биыл “Этносаралық саладағы қақтығыстарды реттеу ерекшеліктері” этномедиация курстары және “Дағдарыстық және қақтығыстық жағдайларға әрекет ету алгоритмі” облыстық үш күндік семинар-тренинг өткізілді.

“Этномедиация Қазақстандағы түрлі ұлт өкілдері мүдделерінің тепе-теңдік балансында әрекет ететін тетікке айналуы тиіс және мұндай мамандарды даярлау-жалпы қоғам үшін үлкен қажеттілік! Алынған базалық білім ұлтаралық қатынастарды үйлестіруге бағытталады және әлеуметтік қақтығыстар туындаған жағдайда оларды шешу үшін пайдаланылатын болады деп үміттенеміз” – деп атап өтті Абдрахман Юлдашевич.

Спикер медиаторлар кеңесі әзірлеген ұсыныстарды атап өтті, онда этномедиация институтын дамытудың жаңа әдістері бойынша ұсыныстар енгізілді.

Жамбыл облысы ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Бигелди Халилуллаұлы Тәжібаев “Қоғамдық келісім кеңесі жұмысының алгоритмін анықтау” тақырыбында сөз сөйледі. Ол ҚХА медиаторларымен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп, аудан кеңестері проблемалық мәселелерді, соның ішінде азаматтардың өтініштері бойынша да шешіп жатқанын атап өтті. Кеңес қызметінің өңірлік Ассамблея медиаторларымен өзара іс-қимылы еліміздегі бейбітшілік пен тыныштықты одан әрі сақтау үшін қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған. “Бүгінгі таңда жалпы саны 1078 адамды құрайтын 172 Қоғамдық келісім кеңесі жұмыс істейді. Ассамблея жанындағы Қоғамдық келісім кеңестері есепті кезеңде облыс бойынша 21462 адамды қамтумен 511 іс-шара өткізді.

1 жартыжылдықта Қоғамдық келісім Кеңесіне 305 өтініш келіп түсті, 248 өтініш шешілді, 57 өтініш орындалуда. ҚХА медиаторларымен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп, аудан кеңестері проблемалық мәселелерді, оның ішінде азаматтардың өтініштері бойынша шешеді.  Қоғамдық келісім кеңесі облыс халқы мен жергілікті қоғамдық бірлестіктер арасындағы дұрыс байланысты қамтамасыз етуде, тұрақтылықты, азаматтық бейбітшілікті нығайтуда, реформалар бағдарламасын, бірлік пен келісімді іске асыруда жоғары рөл атқарады!”- деді Бигелди Халилуллаевич.

Құрылған диалог алаңында қатысушылар жалпыұлттық бірлікті нығайту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша жаңа идеяларды тұжырымдау, сондай-ақ олардың жаңа Қазақстанды құрудағы рөлінің өзектілігі мен маңыздылығы жөніндегі мәселелерді талқылады