Жаңа жылдық тосынсый

2021 жылғы 27 желтоқсанда девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мамандандырылған мектепте қайырымдылық іс-шарасы өтті. Ұйымдастырушы – Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының Аналар кеңесі.

Іс-шараның мақсаты  – мерекелермен құттықтау, қиын өмірлік жағдайларға тап болған балаларды қолдау. Бұл мекемеде сот шешімімен жіберілген, заңға қайшы әрекет еткен жасөспірімдер түзелу бағытында тәрбиеленуде. Көбісі жақсы-жайлы  өмірден емес, келеңсіз жағдайларға ұшырағандар қатарында аталмыш оқу орнына жіберілгендер. Сонымен бірге, бір кездері олардың жанында дұрыс таңдау жасауға көмектесетін және дұрыс жолға бағыттайтын адамның болмауы әсерінен де болуы мүмкін.. Сенім – өмірде көп нәрсеге себепші. ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері тәрбиеленушілерге сыйлықтар беріп қана қоймай, олармен сенімді қарым-қатынас орнатып, қолдап, өмірлік тәжірибесімен бөліседі. Олар жасөспірімдердің түзелуіне, басынан өткен қателіктерін қайталамауына көмектесуге тырысады.

Жаңа жыл – сыйлықтар мен ғажайыптар уақыты. Қайырымдылық акциясын өткізу – арман-тілектерді орындауға, балаларды қамқорлықпен және ықыласпен түсінуге мүмкіндік беретін игі іс. Іс-шара ұйымдастырушылары мен демеушілері тәрбиеленушілерді келе жатқан Жаңа 2022 жылмен құттықтап, сыйлықтар ретінде тәтті-дәмділер, теннистік, басқа да   үстел ойындарын сыйлады. Ал балалар болса, өз алғыстары мен құрметтерін  мерекелік концерттік бағдарламамен жеткізді.

Жыл сайын Жамбыл облыстық ҚХА Аналар кеңесі осы арнайы мектеп жасөспірімдеріне сыйлықтар алуға көмектесетін меценаттарды қарастырады, – дейді Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Мухаббат Миражапова. -Тұрақты демеушілердің бірі – ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі, Жамбыл облысының Өзбек этномәдени бірлестігінің өкілі, қаламыздағы “Үміт” дәмханасының иесі Лобар Гаюпова. Бірнеше жыл бойы ол осы мекеме балаларына қамқорлық көрсетіп жүрген жандардың бірі.  Үнемі дастархан жайып, сыйлықтар табыс етіп, қайырымдылығын аяған емес. Міне, бүгін де мейірімділік пен сенімге зәру балаларға қуаныш сыйлап отыр.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің

ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ

 Баспасөз қызметі орталығы