ХІІ ПАСХА ФЕСТИВАЛІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

XII облыстық «Русская мозаика» Пасха фестивалі 2023 жылдың 22 сәуірінде Тараз қаласында, Ыкылас Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде өткен Гала-концертпен аяқталды. Оның ұйымдастырушысы – Жамбыл облысының «Радонеж»  Орыстар қауымдастығы.

Концертте жас таланттар,әншілер, бишілер, суретшілер, сәндік-қолданбалы өнер шеберлері көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

26 нөмірден тұратын концерттік бағдарламада фестиваль жеңімпаздары мен лауреаттары «Аспаптық орындаушылық», «Вокалдық-хор музыкасы», «Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер», «Хореография», «Көркем сөз»  номинациялары бойынша өнер көрсетті.

LED-экранда көрермендерге фестиваль қатысушыларының арасындағы балалардың ерекше шығармашылық жұмыстары көрсетілді.

Сахнада фортепианода, домбырада, қобызда, баянда, аккордеонда, гитарада және басқа да музыкалық аспаптарда орындалған классикалық, халық шығармалар көпшіліктің көңілінен шықты.

Композитор Арно Бабаджанянның «Танец»  (орындаушы облыстық балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығының “Шолпан” қобызшылар ансамблі), композитор Александр Дюбуктың (орындаушы Әділ Динара, фортепиано,Кенен Әзірбаев атындағы балалар музыкалық мектебі) «Вдоль по улице метелица метёт» орыс халық әніне арналған вариациялары орындалды. Сондай-ақ, композитор Виктор Власовтың «Босса-нова» (орындаушы Райымбердиев Қалмырза, баян, Абай атындағы гуманитарлық колледжі), композитор Михаил Высотскийдің (орындаушы Серікбай Санжар, гитара, оқушылар сарайы) «Пряха» орыс және халық әндері тақырыбындағы “Коробейники” орыс халық әні (орындаушы облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының «Бозторғай»  домбырашылар ансамблі) және т.б шығармалар орындалды.

Вокалистердің қойылымдары қызықты, эмоцияға толы болды. Ангелина Ковалева (гимназия 40) орындауындағы «Валенки» орыс халық әні, Ирада Ишанкулованың орындауындағы «Я рисую на окне» әні тыңдарманның құлағына жағымды естіліп, ерекше күйге бөледі.

Сонымен бірге «Жасдәурен» хореографиялық ансамблі (оқушылар сарайы), «Золотая туфелька» тобы (7 — гимназия), «Грация» тобы (41-гимназия), «NonStop» ансамблі (40-гимназия) өз өнерлерін паш етті.

Елезовета Кулешова (7 гимназия) Георгий Рублевтің «Памятник советскому солдату» шығармасынан,  Шыңғыс Айтматовтың «Материнское поле» Анастасия Земская(40 гимназия) шығармасынан үзінді оқыды.

Іс-шара соңында «Радонеж»  Орыстар қауымдастығының басшысы Владимир Сорокин көрермендер мен қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі.

Қорытындылай келе XII облыстық «Русская мозаика»  Пасха фестивалі жеңісті те жемісті аяқталды

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі