Халықаралық аналар мерекесіне орай мерекелік концерт өтті

Ағымдағы жылдың 5 наурызында Жамбыл облысы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен қалалық №4 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 8 наурыз – Халықаралық аналар мерекесіне орай мерекелік концерт өтті.

Аталмыш іс-шараның мақсаты – қарттарды құрметтеу, жас ұрпақты аға буынды сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу, қариялардың игі істерін дәріптеу.

Концерт барысында «Үкілім-ай» би ансамблі – қазақ және тәжік билерін биледі. Ал «Әулиеата» қазақ мәдени орталығының орындауында «Тамаша» әні көпшілікке ұсынылды. Кештің көркіне айналған «Болашақ» триосы Қазақстан әнін барша халыққа ұсынып, көптің көңілін көтерді.

Әсерлі әуеннің әсем ырғағы тыңдарманға көктемдей шуақты көңіл-күй сыйлады. Өз кезегінде қариялар шат-шадыман күйде тарқасты.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

«Қоғамдық келісім”  КММ

 Баспасөз қызметі орталығы