Тіл – татулық тірегі

Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы және облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай облыстағы белсенді жастар арасында «Тіл – татулық тірегі» атты облыстық жастар форумы өткізілді.

Форумға Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының «Ақ желкен» жастар лигасы  және «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері, өңірлік этнос өкілдерінің  жас буын өкілдері, тіл жанашырлары, облыс жастары, мен жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Форумның басты мақсаты мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, мәртебесін көтеру мен маңыздылығын кеңінен насихаттау. Сондай-ақ, латын әліпбиіне көшудің тиімділігін жастар арасында кеңінен насихаттау.

Жиын басы  К.Әзірбаев атындағы облыстық филормонияның «Нұр-Шашу» би ансамблінің орындауында қазақ биімен және облыстық қазақ драма театры әртістерінің орындауында «Тіл-татулық тірегі» композициясымен басталды.

Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің «Рухани жаңғыру» орталығының жетекшісі, PhD доктаранты, республикалық О.Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлері байқауының жеңімпазы Бекназаров Бақтияр Арманұлы «Мемлекеттік тіл – тірегім» тақырыбында өз баяндамасын жасады. Бақтияр Арманұлы «Мемлекеттік тілдің қолдану аясын өзіміз кеңейтіп, тілге жанашырлық танытпасақ басқа ешкімнің бас ауыртпасы анық. Тіліміздің мәртебесін көтеруіміз керек. Осы іске өзге демей өз демей бір ауыздан кірісейік. Себебі, жұмыла кіріссек жүк жеңіл болады емес пе? Әсіресес өзге этнос өкілдері арасында тілімізді кеңінен насихаттауымыз керек. Қазақстанда тұратын барлық халықты мемлекеттік тілді қолдауға шақырамын.»-деді, баяндама барысында. Сондай-ақ, жиын барысында Сарысу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы, Жас мемлекеттік қызметшілер арасында ұйымдастырылған республикалық байқаудың жеңімпазы  Қадырбекова Меруерт Нышанбекқызы «Латын қарпіне көшу – болашаққа бастар бағыт» тақырыбында сөз сөйледі.

Шара соңы облыстағы тіл саясатын жүзеге асыру бағытындағы белсенділіктері үшін бірнеше тіл жанашырлары марапатталып, Жамбыл облыстық филармонияның әншілерінің қатысуымен шағын концерттік бағдарламамен аяқталды.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі