Тіл – күнделікті өмірде қарым-қатынас құралы ғана емес, халық мәдениеті, тарихы

Тіл – күнделікті өмірде қарым-қатынас құралы ғана емес, халық мәдениеті, тарихы. Тіл үйрену арқылы адам өзгелердің мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын танып біледі. Қазіргі уақытта тілдерді үйрену өмірдің маңызды аспектісі болып табылады.

2023 жылдың 29 наурызында Тараз қаласындағы облыстық тілдерді оқыту орталығында «Мемлекеттік тілді және ана тілдерін дамыту» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Оған өңірлік ҚХА және Жамбыл облысы этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

Атап айтсақ, олардың қатарында – Жамбыл облысы Тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Махкам Орифов, Тараз қалалық «Өзбек орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абдрахман Зайнутдинов, Республикалық «Архыз» Қарашай-балқар қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының төрайымы Леля Узденова, Жамбыл облыстық «М.Қашқари атындағы Ұйғыр этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мухабат Тұрдыева , Жамбыл облысының «Манас Ата» Қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Абзалбек Меңдібаев бар.

Іс-шараны Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының тілдерді оқыту орталығы мен Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ бірлесіп, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің дамуына қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырды. Семинар-тренингте тілдерді меңгеруге, мемлекеттік және ана тілдерін меңгеруге ниет білдірген оқытушылар мен азаматтарға әдістемелік көмек көрсету туралы сөз қозғалды.

Қатысушылар мен баяндамашылар тілдерді дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

«Қоғамдық келісім» КММ

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі