Татар этносының мәдениет күні

Ағымдағы жылдың қараша айында Тараз қаласындағы Ықылас Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінде онлайн форматта «Айнұры» татар-башқұрт мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «Татар этносының мәдениет күні» аталып өтті.

Достық пен бірлікті нығайтуға бағытталған іс-шараны татар этномәдени бірлестігінің төрағасы Халиков Амир Шафкатұлы және «Радонеж» орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Владимир Сорокин ашты. Олар онлайн-концерттің көрермендері мен татар-башқұрт орталығының өкілдерін этнос күнімен құттықтады.

Іс-шараға татар этномәдени бірлестігінің белсенділері Джурамбаев Тифах, Хамитова София, Турсумбаева Таскира, Ниязов Расим, Хожахметова Нурия қатысты. Сондай-ақ, Владимир Сорокиннің музыкалық сүйемелдеуімен татар этносының «Исами», «Эх, тала, тала», «Қызыл раушандар» және т.б. халық әндерін орындады.

Іс-шара соңында онлайн-концерттің барлық қатысушыларына алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Жамбыл облысы әкімдігі

Ішкі саясат басқармасының

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз орталығы