Татар этнос күндері

Тараз қаласы қалалық мәдениет үйінде өткен татар этнос күндері жайлы

Ақпарат

17.01_1

2016- жылдың 17-қаңтарында сағат 15.00 де Тараз қаласы қалалық мәдениет үйінде (Рахимов көшесі  55) облыс этномәдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен «Айнура» татар-башқұрт мәдени  орталығының 20-жылдығына арналған татар этносының мәдени күндері өтті.

Іс-шараға Жамбыл облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, облыстық этномәдени бірлестік басшылары, татар диаспорасының өкілдері қатысты. Қонақтар қалалық мәдениет үйінің фойесінде татар-башқұрт ұлтының  ұлттық тағамдарымен және қол өнер бұйымдары қойылған көрмемен танысты.Мәдени шара татар-башқұрт мәдени орталығының кең көлемде әзірленген  концерттік бағдарламасымен басталды.Іс-шарада хореограф Ш.Уштаеваның әзірлеген қазақ,өзбек билері, хореограф М.Видзижевтың  «Парус» кавказ билері орындалды. Сонымен қатар В.Сарокиннің басшылығымен «Әулие ата» қазақ мәдени орталығының жанындағы «Асыл Ана» әжелер ансамблі әннен шашу шашты.

17.01_2

Мәдени іс-шарада «Айнура» татар-башқұрт мәдени орталығының төрағасы А.Халиков құттықтау сөз сөйлеп, мәдени орталықтың құрылғаннан бері  20 –жыл уақытында атқарылған жұмыстарына кеңінен тоқталды.

Облыстық этномәдени бірлестіктер атынан «Радонеж» орыс қауымдастығы қоғамдық бірлестігінің төрайымы С.Чаутина сөз сөйледі.

17.01_3

Іс-шара барысында «Айнура» татар-башқұрт мәдени бірлестігінің төрағасы мәдени орталықтың құрылғанының 20-жылдығына орай бірлестік белсенділерін құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапаттады.

17.01_4

Бірлестік белсенділері Р.Ниязова облыс әкімінің құрмет грамотасымен, Т.Журамбаева облыс әкімінің алғыс хатымен, Н.Утепбергенова Жамбыл облысы ҚХА хатшылығының алғыс хатымен марапатталса, бірлестіктің 16 –белсенді мүшесі татар-башқұрт мәдени орталығының құрмет грамотасымен марапатталды.

Мәдени іс-шара татар халқының «Бақытқа шатлыққа» әнін концерттік бағдарламаға қатысушылардың орындауымен аяқталды.

Іс-шараға барлығы- 200 аса адам қатысты.

17.01_5