Таразда«Жамбыл жырлары» атты өзге ұлт өкілдері арасында ақынның өлең, жырларын мәнерлеп жатқа оқу байқауы өтті

Ағымдағы жылдың қарашасында қалалық Мәдениет үйінде халқымыздың ұлы ақыны, жыр дүлдүлі, айтыс өнерінің дарабозы Жамбыл Жабаевтың шығармашылығын насихаттау мақсатында «Жамбыл жырлары» атты өзге ұлт өкілдері арасында ақынның өлең, жырларын мәнерлеп жатқа оқу байқауының облыстық іріктеу кезеңі өтті.Қазан айында бастау алған байқау бұған дейін Жамбыл облысының 10 ауданы мен Тараз қаласында өткізіліп, іріктеу кезеңіне қатысқан 70-тен астам үміткердің 17-сі облыстық байқауға жолдама алған. Олардың ішінде өзбек, моңғол, орыс, ұйғыр, шешен, татар, болгар, қарашай, қырғыз, күрді, дүнген, әзербайжан, кәріс ұлттарының өкілдері бар.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған бұл іс-шара екі кезеңнен тұрды. Яғни, біріншісі – Жамбылдың жырларын мәнерлеп, нақышына келтіре отырып жатқа оқу болса, екіншісі – қазақтың халық әндерін немесе халық компазиторларының әндерін жанды дауыста орындау.

Аталмыш байқауға қатысушылардың жасына шектеу қойылмады.Байқауға  Жамбыл облыстық ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының еріктілері,  «Вынхуа» дүнгендер этнобірлестігінің жас мүшелері және қалалық  №34 мектептің 10 сынып оқушылары Искакова Руфина мен Курбанова Амина қатысты.Курбанова Амина үздік өнер көрсеткені үшін номинация бойынша  ынталандыру сыйлығымен марапатталса, Искакова Руфина «Тілдерді дамыту» басқармасының арнайы жүлдесінің иегері атанды.

 

Жамбыл облысы әкімдігі

Ішкі саясат басқармасының

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз орталығы