Таразда «Тіл – тұтастық туы» фестивалі өткізілді

Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы  Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және облыстық ҚХА ХХІХ Сессиясындағы интеркультурализм қағидатын ілгерілету мақсатында үстіміздегі жылдың қыркүйек айының соңында Достық үйінің алдында, ашық аспан астында «Тіл – тұтастық туы» атты фестивалін өткізді.

Фестивальдің мақсаты – тәуелсіз елде тұратын ұлт өкілдерінің бойында достық пен бірлікті нығайту үдерісінде мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін қалыптастыру.

Іс-шараға облыстық  ҚХА этномәдени бірлестіктерінің өкілдері мен мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлт өкілдері қатысты.

Аталмыш іс-шара барысында Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама жасалып, өңірлік этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық топтары жиналған жұртшылыққа өз өнерлерін көрсетіп, көрермендердің көз айымына айналды. Сондай-ақ, кеш соңында фестивальге белсене қатысып, қазақ тілін еркін меңгерген, мемлекеттік тілімізді құрметтейтін өзге этнос өкілдеріне  алғыс хаттар мен сыйлықтар берілді.

Жамбыл облысы әкімдігінің

ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы