ТАРАЗДА ОРЫС РОМАНСЫНЫҢ КЕШІ ӨТТІ

2023 жылғы 20 қаңтарда Тараз қаласының Мәдениет үйінде Жамбыл облыстық «Радонеж» орыс қауымдастығы әдемі де әуезді әдеби-лирикалық «Орыс романсы» іс-шарасын өткізді.

Шара Рождество мейрамынан кейін орын алатын дәстүрлі шомылдыру рәсімінің мерекелік кеші ретінде өтті.

Іс-шараның басында көрермендерге романстың қызықты тарихы таныстырылды. Бұдан соң көрермендер аталған бірлестіктің шығармашылық тобы өнерін тамашалап, жоғары поэтикалық сөз бен сиқырлы әуен әлеміне еніп кетті.

Бұл полиэтникалық аудитория әр түрлі этностың басын біріктірген жарқын да көңілді, әрі әсерлі концерт болды.

Кеште орыс халқының данышпан ақындары мен композиторларының сөзі мен музыкасына жазылған шынайы және жарқын сезімдерге толы лирикалық романстары шырқалды.

Концерттік бағдарламада әдемі және өміршең орыс романсы жанры ғана емес, орындаушылардың өз көрерменіне өз музыка мерекесін сыйлаған 12 шығарма ұсынылды.

Мәселен, Борис Пастернактың, Иван Тургеневтің, Белла Ахмадуллинаның, Роберт Рождественскийдің романстарын Оксана Дьяченко, Надежда Карпенко, Любовь Шахова және Лилия Новичкова, Рустам Гаппасовтвң және басқалардың орындауындағы композициялар жиналған жұртты ерекше таң қалдырды.

Көпшілігімізге танымал «Свеча горела на столе», «Утро туманное», «А на последок я скажу…» әндері осынау кеште талайлардың жүрегіне жол тапты.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс»  бөлімі