Таразда Аналар кеңесінің кездесуі өтті

Ағымдағы жылдың     3-сәуірінде Достық үйінің мәжіліс залында Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің отырысы өтті.

Кездесуге «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Махсудовна және Аналар кеңесінің төрайымы Мухаббат Миражапова бастаған этномәдени бірлестіктердің қыз-келіншектері қатысты.

Кездесудің күн тәртібіндегі бірінші мәселе алдағы ел президенттігіне арналған сайлауда кандидатураларды қолдау болып табылады.

Естеріңізде болса, Қазақстанның уақытша Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 сәуірде елімізде 2019 жылдың 9 маусымы күні кезектен тыс президенттік сайлау өтетінін мәлімдеп, «Қазақстан – демократиялық мемлекет. Президент халықтың таңдауымен сайланады. Мен, Мемлекет басшысы ретінде, сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін! Бұл — менің берік ұстанымым!»-деп атап өткен болатын.

Жиын басы Аналар кеңесі төрайымының күні кеше ғана кең көлемде өткен 1мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекемен құттықтаудан басталды. Мухаббат Миражапова: «Баршаңызды өткен 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күнімен құттықтаймын. Сонымен қатар, сәуір айында өткен ҚХА XXVII-сессиядан алған әсеріммен бөліскім келіп отыр. Кезекті сессия жылдағы сессиялардан кең көлемде өтті. «Бейбітшілік пен келісім формуласы: әлеуметтік бірлік және жаңғыру» атауымен өткен сессияға 1500 мыңнан астам адам қатысты. «Әлемде, күнделікті өмірде бәрі өзгеріп жатыр. Бір ғана дүние өзгеріссіз қалады, ол – қоғамның бірлігі мен ұлтаралық келісім», -деді Тұңғыш Президентіміз. Осы сөзі менің елімізге деген құрметімді еселей түсті. Сонымен қатар, Үш мемлекеттен Түркия, Ресей және Германиядан шетелдіктер баяндама жасады. Мұының өзі біздің халықаралық аренада талқыланып жатқанымыздың дәлелі»- дей келе, келесі сессияның өту барысы  жылдан жылға жоғары деңгейге көтеріліп келе жатқанын айта кетті.

Алдағы ел президенттігіне үміткер кандидаттарды сайлауға қатысты облыстық ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері  Куненова Паиза Сәрсенбайқызы, Плетнева Аракси Ваграмовна және облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі Осипова Татьяна Ивановна өз баяндамаларын жасады.

Жиын қортындысы  бойынша Аналар кеңесінің мүшелері алдағы уақытта ел президенттігіне арналған сайлауға Қазақстан Республикасы Президентінің лауазымына кандидаттарды қолдау, оларға дауыс беруде дұрыс,  әрі әділ шешім қабылдау сынды мәселелермен қатар өскелең ұрпақты дәстүрлі отбасылық құндылықтарға тартуда белсенділік таныту сынды ауқымды жоспарларды жүзеге асыру туралы ортақ шешімдерге келді.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі