ТАРАЗДА «АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ ЕЛІМЕ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 1 наурызында «Қоғамдық келісім» мекемесінде Алғыс айту күнін мерекелеу мақсатында Жамбыл облысы әкімдігі, Ішкі саясат басқармасы, «Қоғамдық келісім» мекемесі ұйымдастыруымен «Алғысым шексіз еліме» іс-шарасы өтті.

Мерекелік шара Достық үйіндегі Zoom платформасымен қосылу арқылы «Бірлік даму үшін» республикалық телекөпір өткізуден басталды.

Телекөпірдің мәні – ортақ тарих негізінде қазақстандық бірлікті нығайту және дамыту, мейірімділік, достық, барлық қазақстандықтардың бір-біріне қатыстылығы, әр адамның өз елінің тағдырына жанашырлығы арқасында бірге бастан кешкен қиындықтары туралы ұжымдық есте сақтау болып табылады. Сонымен қатар, бірлікті нығайтуға ықпал ету, «Бірлік даму үшін!» жалпыелдік ұранды ілгерілету, еңбек пен кәсібилік культін дәріптеу арқылы қоғамды дамыту, рухани және адамгершілік құндылықтарды насихаттау мақсатында өткізілді.

Бұл іс-шараға ҚР Парламенті қос палатасының депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, ҚР АҚДМ министрі Дархан Қыдырәлі, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы орынбасары Марат Әзілханов пен ЭМБ өкілдері, мәдениет, білім беру, ғылым, спорт, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорын қызметкерлері, ҚХА қоғамдық кеңестері, көрнекті қоғам және саяси қайраткерлер, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, жастар ұйымдары, БАҚ өкілдері қатысты.

Сонымен бірге, ҚХА мүшелері, ҚХА құрылымдары этномәдени бірлестік жетекшілері, өкілдері мен қонақтарды Достық үйі ғимаратының бірінші қабатында Қоғамдық келісім» мекемесі ұйымдастыруымен ұлттық тағам – «бауырсаққа» толы тайқазан мен арнайы тілек ағашы күтіп тұрды. Келушілер Алғыс айту күніне арналған парақтарға тілектерін жазып, ағаш бұтақтарына орналастырды.

Күмбез іспеттес ғимараттың екінші қабатында тақырыптық 6 алаңшалар құрылып, білім, спорт, мәдениет, туризм, кәсіпкерлік саласы мамандары және жастардың қатысуымен түрлі іс-шаралар өткізілді.

Мәселен, ҚХА-ның «Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық акциясы аясында әлеуметтік осал топтағы отбасыларға арналған «Қоржын» қайырымдылық көмек көрсету акциясы бастау алды. «Қоржын» акциясы аясындағы көмектің таратылуына ҚХА «Ассамблея жастары» атсалысты.

Бұған қоса қатысушылар «Халықтану» жобасы аясындағы «Ғажайып киіз үй» жылжымалы оқу-демонстрациялық тақтасымен таныс болды. «Ғажайып киіз үй» – қазақ халқының ұлттық құндылықтарын заманауи үлгіде қайта жаңғыртудың инновациялық-тәжірибелік бастамасы ретінде жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарды тануына себепші және ұлттық сананы, ұлттық кодты қалыптастыруға бағытталған этнопедагогикада қолданылатын дидактикалық құрал.

Сондай-ақ, өнер, спорт, мәдениет, денсаулық сақтау салалары мен төтенше жағдайлар мекемесі қызметкерлеріне арналып А.Тоқпанов атындағы Қазақ драма театрының әртістері «Алғысым шексіз еліме!» атты театрландырылған көрініс қойды.

Өңірлік ҚХА мүшелері, Жамбыл облыстық ЭМБ жетекшілері, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы, Жамбыл облыстық қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері,қала тұрғындары мен қонақтары қатысқан шара шеңберінде облыс әкімі, өңірлік ҚХА төрағасы Нұржігітов Нұржан Молдиярұлы әр сала және кәсіпте адал қызмет етіп, елдің дамуына үлес қосып жүрген және оқиғалар мен жағдаяттар кезінде белсенділік танытқан азаматтарды құттықтап, республикалық ҚХА төрағасының «Алғыс» төсбелгісімен, «Алғыс хатымен», облыс әкімінің «Алғыс хаты», «Құрмет грамоталарымен» марапаттады.

Азаматтық қағидаттары негізінде қазақстандық бірегейлік пен ұлттық бірлікті нығайтуға ықпал етуді және рухани, адамгершілік құндылықтарды дәріптейтін Алғыс айту күнінің жалғасы көңілді мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты. Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының өнерпаздары мен этномәдени бірлестіктер шығармашылық топтары – сахна саңлақтары, мың бұралған бишілер, жезтаңдай әншілердің қатысуымен жан-жақты қамтылған мерекелік концерт жиналған көпшіліктің көңілінен шығып, зор қошеметке ие болды.

«Қоғамдық келісім» КММ «Ақпараттық

жұмыс және қоғаммен байланыс» бөл