Таразда А.Л.Нахмановичтің 95 жылдығына орай еврейлердің этнос күні өтті

2019 жылдың мамыр айында Жамбыл облысының Байзақов ауданы, «Түймекент»  ауылында Ғазиз Байтасов атындағы орта мектепте А.Л. Нахмановичтің 95 жылдығына арналған «Шиват-Цион» еврей этномәдени орталығының этнос күні өтті. Іс-шара «Өмірлері қиын жағдайда қалған балалар» орталығының тәрбиеленушілерімен бірлесіп ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – этносаралық қарым-қатынастарды үйлестіру және Жамбыл облысындағы еврейлердің этносының мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрін сақтау.    Этнос күні Жамбыл облысының Свердлов ауданы, Ұлы Отан соғысының батыры, Социалистік еңбек ері және де  Қазақстан Республикасының құрметті азаматы, «Трудовой пахарь» колхозының председателі Александр Нахмановичке  арналған еді. «Биылғы жылы біз этнос күнін сәл өзгеше түрде өткізуді ұйғардық», – дей келе, Жамбыл облысы «Шиват Цион» еврей этномәдени орталығының қоғамдық бірлестігінің төрағасы кештен біраз мағлұмат берді. – «Бұл бұрынғыдан өзгерек еске алу кеші болды. Бүгін біз жарқын үлгі болып табылатын, мейірімді және жанашыр жүректі, есімі ел есінде қалған құрметті азамат Александр Нахмановичті еске алудамыз. Біз – біртұтас отбасымыз, біздің ортақ үйіміздің болашағы – Қазақстан. Кез-келген қиындықтарға қарамастан, біз-еврейлер, басқа ұлттар арасында жоғалып кетпедік, тілімізді, мәдениетіміз бен салт-дәстүрлеріміз, әдет-ғұрыптарымызды сақтай алдық. Мұның бәрі – Мемлекет басшысының, Қазақстан үкіметінің дана саясатының және қазақтардың мейірімділігінің арқасы. Қазір этносаралық қарым-қатынастарда бірлік пен үйлесімділікті дамытуға үлес қосудамыз».

Сөз соңында Л.Корнилина жиналған жұртшылықты этнос күнімен құттықтап, еңбек жолдарына сәттілік, бейбітшілік пен келісім, тұрақтылық пен достық тіледі.

Іс-шара барысында жастарды тәрбиелеу, ата-бабаларымыздың рухына ғибадат етуге байланысты дәстүрлерді сақтау және басқа да этникалық сипаттамаларды дәріптеу мәселелеріне көп көңіл бөлінді. Қоғамдық бірлестік басшысы атқарылған жұмыстарды саралап, баяндамашылар еврейлердің Қазақстан экономикасына қосқан үлестері туралы,  халық шаруашылығының түрлі салаларын дамыту туралы ой өрбітті. Жиналғандар мониторлық экраннан еврей этносының тарихынан мағлұмат алып, орталықтың атқарған іс-шараларының суреттерін тамашалады.

Кеш соңы концертке жалғасты. Әртүрлі этникалық топтардың балалары мемлекеттік тілде өздерінің патриоттық әндерін орындап, алғыс хаттар мен мақтау қағаздарымен марапатталды.

Шараның құрметті қонағы, А.Нахмановичтің досы, замандасы,   «Түймекент» ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы – Бозай Оразалы Төлендіұлы:  «Мен депортацияланған халықтардың қайғысы туралы жақсы білемін, өйткені еврейлер туған жерінен мәжбүрлі түрде қазақ жерлеріне қоныстанды», – деді ол. – Соғыстан кейін Жамбыл облысына оралған Александр Львович «Джамбульский» қант совхозында  есепші және бөлім меңгерушісі болып жұмыс істей бастады, кейін ол «Трудовой пахарь» колхозының председателі болып тағайындалды. Нәтижесінде ол арнайы бригадалық топтарын ұйымдастырып, колхоздың еңбек ету деңгейін жоғары дәрежеге жеткізді. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1965 жылғы 31 желтоқсандағы қаулысымен «Ленин ордені» және «Серп и Молот»  алтын медальдарымен наградтталып, оған Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Биыл тірі болса  95 жаста болар  еді».

Іс-шараның екінші жартысында «Шиват  Цион» еврей мәдени орталығының қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Ғазиз Байтасов атындағы мектептің асханасында  №1 Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап  қайырымдылық түскі ас берілді.

Жамбыл облысы әкімі аппараты«Қоғамдық келісім» КММбаспасөз қызметі