ТАРАЗДА 1 МАМЫР-ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

Бүгін, 2023 жылдың 1 мамырында Тараз қаласында “Көне Тараз” тарихи-мәдени кешенінің аумағында, “Қоғамдық келісім” КММ ғимаратының жанында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.

Мерекеге ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері, өңірлік “Ассамблея жастары”, Жамбыл облысы әкімдіг және ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ қызметкерлері, Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Бұл жылғы мерекелік бағдарлама қызықты әрі ауқымды.Этномәдени бірлестіктерге арналып 10 шатыр құрылды. Әр шатырға түрлі этностар орнығып,мереке қонақтарын ерекше қарсы алды. Әрбір халықтық музыкалық аспаптарында орындалатын өзбек, татар, түрік әуендері шырқалды.

Шатырларда «Әулие Ата» қазақ мәдени орталығы, Жамбыл облыстық Немістер қауымдастығы, «Қазақстан Республикасы күрдтерінің «Барбанг» қауымдастығы» өңірлік қоғамдық бірлестігі, «М.Қашқари атындағы Ұйғырлар этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігі өз экспозицияларын ұсынды. Жамбыл облыстық «Вайнах» Шешен-ингұш мәдени орталығы, Тараз қаласы Өзбек мәдени орталығы, Жамбыл облыстық «Архыз» Қарашай-балқар қоғамдық бірлестігі, облыстық «Днепро» Украин мәдени орталығы және “Айнұры” Татар-башқұрт мәдени орталығы, «Полонез» Жамбыл облыстық Тіл және мәдениет орталығы, «Шиват Цион» Жамбыл облыстық Еврей мәдени орталығы, Қытай мәдени орталығы, Жамбыл облыстық Тәжіктер этномәдени бірлестігі, облыстық “Коре” Корейлер қауымдастығы, «Ахыска» Түрік этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі, Жамбыл облысының “Вынхуа” Дүнген мәдени орталықтарының этномәдени бірлестігі, Жамбыл облыстық «Хазар» Әзірбайжан этномәдени орталығы, «Радонеж» Орыс қауымдастығы, «Манас ата» қырғыз этномәдени бірлестігі орналасты. Шара меймандары тұрмыстық заттарын, этно-киімдердін көріп, этно-асханалық тағамдарының дәмін татты.

Мерекеге орайластырылған көрмелерде кесте, тоқылған бұйымдар, кәдесый өнімдері, зергерлік, киізден жасалған бұйымдар көпшілік назарына ұсынылды. Сондай-ақ жастар арасында спорттық ойыннан «Қазақша күрес» ұйымдастырылды.

Іс-шараға қатысушыларды Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов құттықтады. Сонымен бірге бірқатар азаматтар мен азаматшаларды марапаттау рәсімі өтті. Марапатталғандардың қатарында өңіріміздің этномәдени бірлестіктерінің өкілдері бар. “Әулие-ата” қазақ мәдени орталығының Аналар кеңесінің өкілі Көненова

Пайза Сайлаубекқызы және “Радонеж” Орыс қауымдастығының өкілі Соколовская Ирина Самуиловна”Облысқа сіңірген еңбегі үшін” белгісімен марапатталды. Жамбыл облысы әкімдігінің «Құрмет грамоталарымен» Жамбыл облысы Немістер қоғамының өкілі Соколовская Ирина Самуиловна мен Жамбыл облысы тәжік этномәдени бірлестігінің өкілдері Примкул Нарзикуловқа,сондай-ақ, Байзақ ауданы Бурыл ауылдық округінің «Ахыска» Түрік этномәдени орталығының төрағасы Халиловқа Вагиф Вайтович марапатталды.

Сонымен қатар, «Манас Ата» Қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Абзалбек Ахметұлы Меңдібаев, Жамбыл облысы «Вайнах» Шешен-ингұш мәдени орталығы төрағасының орынбасары Нұрислам Әбубәкірұлы Кенжебеков, Ұйғыр этномәдени бірлестігінің Аналар кеңесінің төрайымы алғыс хатқа ие болды.

«Архыз» республикалық қоғамдық бірлестігінің Бірлік – қарашай-балқарлардың Жамбыл филиалы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Битуева Зарина Камалқызы, «Айнуры» татар-башқұрт этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Ниязова Расима Габдухаковна, «Вынхуа» дүнген этномәдени бірлестігінің мүшесі Саров Харсан Исхарович, «Днепро» украин мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Тращенко

Анатолий Александрович, «Жамбыл облысы «Коре» кәрістер ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Хе Сталина Георгиевна, Тараз қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің мүшесі Худайбергенова Сабохат Дадаевна,

«Днепро» украин мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Трашенко Анатолий Александрович,Тараз қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің мүшесі Құдайбергенова Сабохат Дадаевна, «Хазар» әзербайжан этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Мамедова Эсьмира Гашанговна, «Қытай мәдени орталығы» этномәдени бірлестігінің» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Воробьева Майя Владимировна Алғыс хатпен марапатталды.

Іс-шара вокалдық және хореографиялық нөмірлері бар концерттік бағдарламамен жалғасты. Әртістер арасында этномәдени бірлестіктердің, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары бар.

Іс-шараға қатысқандар көрермендердің зор ықыласына ие болды.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі