ТАРАЗДА ҚХА ЖУРНАЛИСТЕР КЛУБЫНЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Биылғы жылдың 21 желтоқсанында «Қоғамдық келісім» мекемесінде Жамбыл облыстық ҚХА Журналистер клубының кеңейтілген отырысы өтті.

Іс-шараны «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Сәуле Құрманқұлова құттықтау сөзімен ашты. Ол қатысушыларды бірлескен жемісті жұмысы үшін алғыс айтып, келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, алдағы күндеріне сәттілік тіледі.

Клуб отырысына республикалық, облыстық және қалалық БАҚ тілшілері, ҚХА Журналистер клубы өкілдері қатысты.

Мәжілісті модератор ретінде «Қоғамдық келісім» КММ «Ақпарат және қоғаммен байланыс» бөлімінің бас сарапшысы, бөлім басшысы Бибігүл Шахзада жүргізіп отырды.

Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер қатарында Журналистер клубының іс-қимылдары бойынша атқарылған жұмыстар есебі, алдағы жылға жоспары, сондай-ақ, 2023 жылдың Жамбыл облысы ҚХА Журналистер клубы мүшелерінің БАҚ және әлеуметтік желілердегі материалдарының мониторинг қорытындысы, жуырда Алматы қаласында өткен Республикалық Журналистер клубы отырысы туралы айтылды.

Нақтырақ, «Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімінің сарапшысы Ольга Макарова Журналистер клубының мүшелерін 2023 жылдың басынан бері БАҚ пен әлеуметтік желілердегі мониторинг нәтижелерімен таныстырды. Есепті кезеңде жыл бойына ҚХА ақпараттарын жариялауда 2884 материал, оның ішінде әлеуметтік желілерде, Tik Tok, Telegram және YouTube арналарында – 2053, республикалық және облыстық телеарналарында – 133, ҚХА-ның республикалық және облыстық сайттарында – 326, республикалық және облыстық баспа БАҚ – 372 басылым шыққаны жөнінде ақпарат берілді.

Негізінен, әлеуметтік желілер мен мультимедиялық порталда ақпараттық материалдар басым екені атап өтіліп, сұхбат, репортаж, аналитикалық, публицистикалық сапалы жарияланымдарды баспа БАҚ-та көбейту айрықша көзделді.

Іс-шарада журналистер клубының мүшелерімен қалалық «Жамбыл-Тараз» газетінің тілшісі Дионисий Пляшешник пен шара модераторы Бибігүл Шахзада өңірлік БАҚ өкілдерімен Республикалық Журналистер клубының кеңейтілген отырысында алған білімдері, пайдалы кеңестер, тың идеяларын ортаға салып, өз алған әсерлерімен бөлісті.

Сонымен қатар, облыстық «Ақ жол» газетінің тілшісі Марат Кулибаев пен «Евразия-1» республикалық телеарнасының меншікті тілшісі Ұлдана Жұбай да өз ой-пікір, ұсыныстарын сөз етті.

Ерекше атап өту керек, облыстық Журналистер клубының мүшелері өңірлік ассамблея этномәдени бірлестіктердің жұмыстары мен іс-шараларын БАҚ беттерінде, теледидарда үзбей жариялағандығы және «Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімінің қызметкерлерінің жедел ақпарат беріп, тығыз ынтымақты байланыста болуы арқасында өзге өңірлер арасында жетекші орынға ие болғандығы – біріге жасалған игілікті істің нәтижесі екендігі де тілге тиек етілді.

Бұған қоса, ҚР Президент аппараты, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, «Қоғамдық келісім» РММ үйлестіруі, ұйымдастыруымен өткен Республикалық Журналистер клубында берілген біліктілік – этносаралық қақтығыстардың алдын алу, араздық тілі, жалған ақпараттарға жол бермеу, журналистік этиканы сақтау тәрізді ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша да облыстық журналистермен түйіні шешілмей жүрген бірқатар мәселелер талқыланды.

Отырыс соңында «Қоғамдық келісім» келісім басшысының орынбасары С.Құрманқұлова мекеме атынан мәжіліске қатысқан БАҚ өкілдеріне шағын сыйлықтар – облыстық ҚХА туралы жинақ-кітап сыйлыққа табыс етті.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі