Тараз қаласының Достық үйінде украиндықтардың этнос күні өтті

Тараз қаласының Достық үйінде украин этносының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, мәдениеті мен тарихына арналған этнос күні аталып өтті. «Днепро» украин этномәдени орталығы ұйымдастырған мерекелік іс-шараны, этномәдени орталық төрағасы Федор Клименко ашты.

Сахна төрінде мемлекеттік және украин тілдеріндегі әндер шырқалды. Концертте Любовь Шахова «Мий ридный край» әнін, Леся Эсеналиева қырғыз халқының «Он сегіз жас» , «Асыл ана» вокалдық тобы қазақ әндерінен поппури және «Маричка» ансамбльі украин халқының ұлттық әндерін шырқады. Концерт соңында қатысушылар мен жиналған көрермен Шәмші Қалдаяқовтың «Арыс жағасында» әнін орындады.

Мәдениетке бай украин халқының этнос күніне өзге де этномәдени бірлестік төрағалары қатысып, ізгі тілектерін білдірді.

Украин этномәдени бірлестігі облыста өткізілетін этносаралық қарым-қатынасты нығайтуға, халықтар достығын дамытуға бағытталған барлық іс-шараларға белсенді қатысады. Этнос күні халықтардың достығы мен бірлігін бекітіп, серіктестікті кеңейте түсері сөзсіз.