«Тәуелсіздік – тірегім» велошеруі

Велопробег «Тәуелсіздік - тірегім»

Тараз қаласында ұйымдастырылған «Тәуелсіздік – тірегім» атты велошеру Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналды. Велошеру «Достық» алаңынан бастау алып облыс орталығының көшелері арқылы халықаралық «Әулие-Ата» әуежайына дейін жалғасты.

Велошеруге  барлығы 700-ден астам адам қатысты. Олардың ішінде облыс әкімі Кәрім Көкрекбаев, әкімнің орынбасарлары, құқық қорғау және сот органдарының, өңірлік басқармалар мен мекемелердің, облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкелері мен жоғары оқу орындарының студенттері, сонымен қатар тілек білдіруші қала тұрғындары бар. Аталған велошеруге қатысушылардың ішінде  Рио-де-Жанейрода өткен жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елдос Сметов те болды.

Облыс әкімі Кәрім Көкрекбаев өз сөзінде: «Біздің қаламызда тұрғындар үшін  бұқаралық спортпен шұғылдануға барлық мүмкіндіктер жасалған. Өздерінің жоғары көрсеткіштерімен бізді Олимпиадалық ойындардың чемпиондары да қуантуда», – деп атап өтті.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері мен «Әулие-Ата» қазақ, «Айнуры» татар-башқұрт, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестіктерінің өкілдері  Кенжебек Өмірбеков, Ербол Каншимбеков, Темурбек Ходжаев, Риналь Рахматуллин и Алихан Ахметовтер де велошеруге қатысып, жанкүйер әріптестерінің ризашылығына бөленді. «Біз осындай спорттық іс-шараларға қуана-қуана қатысамыз, себебі спорт біздің денсаулығымызға пайдалы. Ең бастысы жеңу емес, қатысу!» деп атап өтті «Қоғамдық келісім» КММ әдіскері Кенжебек Өмірбеков.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі