“Тұңғыш Президент күні”

Баршаңызды “Тұңғыш Президент күні” мемлекеттік мерекесімен құттықтаймын! Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміз үшін көп жұмыс жасады. Оның мемлекеттік саясатының арқасында елімізде бейбітшілік пен тұрақтылық сақталды. Елбасының әсіресе, «Nur Otan»  Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі біздің мемлекет үшін маңызды оқиға болып табылады, онда ол жаңа дәуірдегі қазақстандықтар үшін негізгі бағдар болатын “елдің жеті тұғыры” қағидаттарының жиынтығын ұсынды. Осы қағидаттар арқылы біз мемлекеттілігімізді, еліміздегі бейбітшілік пен тыныштықты одан әрі нығайта беретініміз маңызды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың екінші қағидаты — мемлекеттіліктің мызғымас негізі-бірлік пен келісім ретінде белгіленген. Онда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев этностық әралуандық-біртұтас ұлтқа  халқымыздың басты артықшылығы және отыз жылдан кейін біз этносаралық келісімді сақтау мен нығайту, халық бірлігін қамтамасыз ету бойынша жүргізілген сарабдал саясаттың нақты жемісін көріп отырғандығымызды, Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлтаралық келісім мен түрлі этностардың бір аспан астында бейбіт өмір сүруін қамтамасыз етуде айтарлықтай әлеуетке ие екендігін атап өтті.

 

“Архыз” қарашай-балқар этномәдени

бірлестігінің төрайымы Леля Узденова