Сіздерді 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтаймын!

Сіздерді 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтаймын!

Бұл мерекенің терең мағынасы мен мәні бар.Тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударылған түрлі этнос өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзым белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді. Бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.

Наурыз – көктемнің белгісі, ал 1 наурыз – сан ғасырдан бері жалғасып келе жатқан ізгіліктің мерекесі, Наурыз мейрамы аталып өтілетін шуақты айдың басы.

Бұл күн – Қазақстандағы барлық этнос өкілдерінің өзара құрметі мен татуластығы айрықша білінетін күн, сонау саяси қудалау жылдары біздің Отанымызға жер аударылып, қазақ жерінен пана тапқан жандардың риясыз алғыс айту күні.

Көктемнің алғашқы белгісіндей болатын осынау мереке қазақ жеріндегі татулық пен бірлікті, молшылық пен Тәуелсіздікті нығайта берсін!

Баршаңыздың отбасыларыңызға амандық пен саулық тілеймін!

#Алғысайтукүні

Өңірлік ҚХА мүшесі Искандиров

Мұқаш Зұлқарнайұлы