Шақпақ ата ауылының тұрғындарымен кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 23 қарашасында  Жамбыл облысындағы этнос өкілдері тығыз орналасқан 32 елді мекен этнокартасы негізінде Жуалы ауданы Шақпақ ата ауылының өнер мектебінде ауыл тұрғындарымен кездесу өтті.

Этносаралық жай-күйді зерделеуді мақсат еткен іс-шарада «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мүбәрак Жинақбаева,  Жуалы аудандық «Мехрибан» әзірбайжандар қауымдастығының төрайымы Эсмира Мамедовамен ауыл ақсақалдары, ардагерлер, билер кеңесінің төрағалары, көп балалы батыр аналар, этнос өкілдерінің басшылары мен белсенділері, қандастар, жастар ресурстық орталығының өкілдері кездесті.

Жиын барысында саяси реформалардың, Жаңа Қазақстаннның идеялары мен құндылықтарының маңызы, жалпыелдік «Бірлік даму үшін!» ұранымен этносаралық келісім түсіндіріліп, округ тұрғындарының түйіткілді мәселелері тыңдалды.

Іс-шара барысында  «Қоғамдық келісім» КММ ҒСТ бас сарапшысы Ербол Қаншымбеков пен жастар ісі бойынша маман Рахат Ерханұлы ауыл жастарын жинап тимбилдинг өткізді. Мұндағы мақсат округ жастарына қазақстандық қоғамдық келісім негіздерін түсіндіру еді.

Жиында  округтегі этнос өкілдері арасындағы жағдайларды зерттеу шеңберінде көп балалы аналармен «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Аққу Қаратаева сұқбат жүргізді. Сұқбат барысында этностар жинақы тұратын елдімекендергі әр түрлі мәселелер бойынша кеңес беріліп, аналар тәрбиесі бойынша әңгіме өрбіді. Кездесуде бұдан өзге ерте некеге тұру, ерте жүктілік, қыз балаларды әуелі білім алуға насихаттау және т.б мәселелер көтерілді.

Бұдан өзге «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мүбәрак Жинақбаева, Жуалы аудандық  Жуалы аудандық «Мехрибан» әзірбайжандар қауымдастығының төрайымы Эсмира Мамедова ауылдық округтегі әлеуметтік, мәдени және білім беру нысандарын аралап, еңбек ұжымдарымен кездесті. Жиын соңында өнер мектебіндегі «Шақпақ» би тобы қыздарының биін тамашалады.

«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі орталығы