Рухани келісім күні – Қазақстанымыздағы тұтастықтың, татулықтың кепілі, ұлттардың өзара түсіністігі, достығы, бейбітшілігі.
Рухани келісім күні – Қазақстанымыздағы тұтастықтың, татулықтың кепілі, ұлттардың өзара түсіністігі, достығы, бейбітшілігі. Статистика деректері бойынша, елде 140 этнос пен 46 діни қауымдастық бар екені белгілі. Этностар мен діни қауымдастықтардың осыншама көп екеніне қарамастан, елімізде ешқандай келіспеушілік, дүрдараздық белең алмаған. Барлық ұлт, барлық дін өкілі Мәңгілік Қазақстанымызды ортақ Отаны санайды. Қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтардың екіншісі қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім екенін Президентіміз Н.Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты биылғы халыққа жолдаған Жолдауында да айтып өтті. Бұл бәріміздің жадымызда мәңгілік сақталып қалғаны сөзсіз.
Дінге ешкімді күштеп апаруға болмайды. Оның кері әсерін, дін лидерлерінің ынтымақтастық рухын және бір-біріне деген құрметі болуы жайында талай рет сөз қозғалған. Діни үйлесімділік, діни еркіндік пен оларға деген құрмет дұрыс білім беруден басталады. Оның мәні – тек діни кітаптарды бірлесіп оқу емес, діндердің шығу тарихын дұрыс түсіне білу, тарихты да терең талдау. Әлемдік діндер бір-бірімен ынтымақтастықта болып, діни құндылықтарды пайдалана отырып, тарихтағы рухани күйзелісті болдырмау үшін күресе алады. Адамзатқа ортақ мәселелерді көтеру арқылы дінді саясаттан ажыратып алуға болады. Сол үшін де осындай, тек Қазақстанда ғана өткізіліп аталып жүрген Рухани келісім күнінің еліміз үшін маңызы зор.
Болашақ жастарымыз үшін облыстық Қазақстан халқы ассамблеясында да, басқа да облыстық діни бағыттағы іс-шараларда бүгінде діни экстремизм мәселелері қайта қаралып жүр. Қазақстанның бейбітшілік пен келісім жолында ойластырып, келістіріп, ұйқастырып істеп жатқан жұмыстары баршылық. Нәтижесінде, дін өкілдерінің үлкен күшке ие болуына мүмкіндік беріліп, ұлттардың, діндердің т.б. саясаттың құрбаны болуына жол берілмеуде. Бұл ретте, біздің Президентіміз – Қасым-Жомарт Тоқаевтың, еліміз Қазақстанның беделі әлем жұртшылығы алдында өсе түсті.
Аспанымыз ашық боп, еліміз әлемдегі бейбітшілік пен келісімде тұрақты жағдайды сақтап, рухани келісімінің туын биікте ұстағай!