Рождество қарсаңында

Католиктік мереке – “Рождество” қарсаңында үстіміздегі жылдың 16-19 желтоқсан аралығында Жамбыл облыстық Немістер қоғамының ұйымдастыруымен, “Возрождение” ҚҚ қаржылық қолдауымен “Рождестволық кафе” жобасы өтті. Бұл жоба несімен ерекше? Төрт күн ішінде жоба қатысушылары Рождестволық атмосфераға бар қызығушылықпен кіріп кетті: түскі асқа дейін олар  қарқынды тіл курсына қатысты,  барлық сабақтар интерактивті тапсырмалармен, викториналармен, жобалық жұмыстармен және тағы басқа шаралармен толықты. Сонымен қатар, жоба аясында сіз өзіңіздің тілдік құзыреттіліктеріңізді жақсартып қана қоймай, “Рождествоны” Германияда қалай атап өтетінін біліп қана қоймай, сонымен бірге бұл мереке этникалық немістерде қалай ерекше өткізілетінін біле аласыз. Бұдан соң түстен кейін қатысушыларды шығармашылық зертханалар күтіп тұрды. “Gesangsstube” музыкалық зертханасында рождестволық әндерді шын жүректен айтуға және тіпті клиптеріңізді де түсіруге болады екен. “Weihnachtswunder” зертханасында жобаға қатысушыларды аталмыш мереке дәстүрлерін білуге арналған ойындар, QR-кодтары бар викториналар, командалық жарыстар және, әрине, тәтті сыйлықтар күтіп тұрды. “Weihnachtsbäckerei” іс- шарасында да жиналған жұрт наубайханада өздерінің асханадағы қабілеттерін сынап көрді: күн сайын жаңа рецепттер, ас мәзірлері,  рождестволық кекстер, печенье мен бәліштердің жаңа түрлерімен танысты.  Ал “Bastelstube” – те қатысушылар рождестволық безендіруді шебер жасады: шәркей, шамдар, шыршаға арналған ойыншықтарды аса қызығушылықпен жасады. Жобаға қосымша “Эльба” кафесінің тәтті де дәмді бәліштері мен тәттілері ерекше көрік берді. Хош иісті кондитерлік өнімдер жалпы жиылған қатысушыларға зор әсер етті. – “Бұл керемет 4 күн қызықты болғандықтан бір деммен өте шықты. Біз көп нәрсені білдік және санамызға бекіттік. Егер мүмкіндік болса, мен бәрін қайта өтер едім бұл зерттеулерден”, – дейді Медведев Алекс жоба туралы. “Менің ойымша, балалар үшін бұл өмір бойы естеліктер болады! Мен ересек адаммын, бірақ мен былтырғы Рождестволық академияны ностальгиямен және күлімсіреп еске аламын  және Германиядағы немістерге желтоқсан мерекелерінің нюанстары мен дәстүрлерін түсіндіремін, бізді осылай жақсы үйретті және өте жақсы әсер қалдырды !”-дейді қатысушылардың ата- анасы Вадим мен Юлия Финко. Бұған қоса,  “Мен барлық мұғалімдерге және осы жобаның негізін қалаушыға үлкен алғысымды білдіргім келеді!”- деп Шилова Валерия да өз пікірін білдірді.

 Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

 «Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы