Республика күніне орай Достық үйінде биылғы жылдың

Республика күніне орай Достық үйінде биылғы жылдың 30-қазанында Жамбыл облыстық «Манас Ата» атындағы қырғыз этномәдени бірлестігінің өкілдері кездесу өткізді.

Этносаралық қатынастарды нығайту, бейбітшілік пен келісімді сақтау мақсатында өткен іс шарада жиналған қауымға Қазақстан- Қырғыздар қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің құрылуы таныстырылды.

Шарада президентіміз Қ. Тоқаевтың бастамасымен қайта аталып өтіп жатқан 25 қазан Республика күні ұлттық мерекеміздің маңызы жайлы сөз қозғалды. Сонымен қатар өңірімізде тұтастықты, ауызбіршілікті, достықты және татулықты нығайтуға, қазақ тілін жетілдіруге бағытталған пікірлер айтылды.

Жиын соңында Қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Абзалбек Ахметұлы барша қазақстандықтарға зор денсаулық, отбасылық бақыт, амандық, қуаныш, достық және бейбітшілік тілеп, этнос өкілдерін татулыққа шақырды.

 

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі