Рамазан – айлардың сұлтаны

Рамазан – айлардың сұлтаны, күнәлардың кешірілетін, мың айданда қайырлы Қадір түні бар шоқтығы биік ай.

Осындай берекелі Рамазан айына орай 2023 жылдың 26 наурызында Тараз қаласындағы «Үмид» дәмханасында Рустам Ташметов жетекшілік ететін «Volonter_Group_08_» қайырымдылық бірлестігі 300-ден астам қауымға үлкен ауызашар таратып, Наурыз мерекесін де атап өтті.

Іс- шараны ұйымдастырушылар келген меймандарды жылы жүзбен қарсы алды. Меймандардың қатарында Жамбыл облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, осы қайырымдылық бірлестігінің серіктестері болды.

Ауызашар сәт келгенде ораза ұстаушылар судан алғашқы жұтымдарын ішіп, тамақтануға кірісті. Шараға қатысушыларға мол дастарқан, дәмі тіл үйірер өзбек палауы, дәмді десерттер ұсынылды.

Ифтарға жиналғандарды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, Тараз қаласы Өзбек мәдени орталығының төрағасы Абдурахман Зайнутдинов, ақын Наталья Гончарова ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Шара барысында Н.Гончарова қасиетті Рамазан айына арналған өлеңдерін оқыды.

Көпшілікке арнап берілген ауызашар жағымды эмоция мен рухани азық сыйлады.

“Қоғамдық келісім” КММ

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі