ПАСХА МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ

30 наурыздан 31 наурызға  қараған түні Тараз қаласының Рим-Католик шіркеуінде  «Пасха» мерекелік кеші  ұйымдастырылды.

Бұл мереке – отбасыларды дастарқан басына жинап, жақсылыққа  үміт сыйлайтын жарқын да қуанышты мереке.

Католиктік Пасхада  көпшілікке жұмыртқа, нан, тұз, пісірілген ет, шұжық тағамдарына  толы себеттер  таратылды.

Шарада ұсынылған тағамнан жиналған  жұртшылықтың барлығы да толық дәм тата алды.

Осы күні Жамбыл облыстық «Полонез»  поляк тілі мен мәдениеті қоғамдық бірлестігі «Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау» орталығына барып, балаларға пасха тоқаштары мен жұмыртқаларын ұсынып, сыйлықтар табыстады.

Кештің ерекшелігі – орталықтың түрлі этностардан құралған тәрбиеленушілері келушілерге әсем әннен шашу шашып, қазақ халқының ұлттық аспабы домбырада күй тартып, кештің көркін келтірді.