Облыс әкімі аймақтық ассамблеяның бірқатар белсенділерін марапаттады

Жамбыл облысының  әкімі, облыстық  Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Мырзахметов Асқар Исабекұлы аймақтағы этномәдени бірлестік төрағаларымен кездесіп, қоғамдағы белсенділіктері үшін түрлі марапаттармен  марапаттады.

Кездесу барысында бірінші болып Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасары Минаков Юрий Васильевичтің облыстық ҚХА мүшелері мен этномәдени бірлестіктерінің қызметі туралы есебі тыңдалды.

Юрий Васильевич биылғы жылы атқарылған жұмыстардың есебіне тоқталып, қайырымдылық жасаған жандардың қайырлы істерін ерекше атап өте келе: «Біздің облыста 87 этнос пен этностық топтардың өкілдері тұрады. Биылғы жылы «Рождество», «Масленица», «Алғыс айту күні», «Наурыз», «Бірлік» мерекесі сияқты 1000-нан астам іс-шаралар өткізілді.

   Өңірде 75 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Биылғы жылы 34 этномәдени бірлестік аккредиттеуден өтті және Қазақстан халқы Ассамблеясының тізіміне енгізілді.     Сонымен қатар үстіміздегі жылы этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенділері қайырымдылық бойынша үлкен жұмыстар атқарды. Олардың арқасында 6 мыңнан астам адам қажетті көмек алды. Түрік, күрд, дүнген, өзбек, ұйғыр, орыс, шешен, поляк және грек этномәдени бірлестіктері Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына көмек қолын созды. Сонымен қатар этномәдени бірлестіктердің меценаттары аз қамтылған және көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етті. Олар-Ким Никон Маркович – «Компания Марк» ЖШС директоры Айсауле Ибадуллаевнаға (7 бала) көп балалы отбасына үй сыйлады, Лоу Әбдікәрім Абдуллаұлы-«Вынхуа» Жамбыл облысы дүнген мәдени орталықтарының этномәдени бірлестігінің мүшесі Батыр және Сортөбе ауылдарында  аз қамтылған жеті отбасы үшін үй құрылысын қаржыландырды, Шаюнусов Шамухтар Қарабайұлы –«ТаразКожОбувь» ЖШС директорының орынбасары аз қамтылған отбасылар үшін 4 пәтер сатып алды»-деді, қоғамдық орынбасар өз сөзінде.

Кездесу барысында аймақтағы ассамблеяның Аналар кеңесінің атқарған жұмыстарының есебі туралы Облыстық ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Миражапова Мухаббат Сайдуллаевна өз баяндамасын жасады.

Мухаббат Сайдуллаевна «Жамбыл облысы ҚХА жанындағы Аналар кеңесі 10 мыңнан астам адамның қатысуымен 169 іс-шара ұйымдастырды.  Облыстық полиция департаментімен бірлесіп оқу орындарында балалардың беймезгіл уақытта жүруін анықтау бойынша ағымдағы жылы 18 рейд өткізіп, 11 мектепте 14 панасыз баланы анықтап, одан әрі тиісті құжаттарды рәсімдеу әрекеттерін жүргізді. Аналар кеңесінің мүшелері Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Отбасылық сот» пилоттық жобасының құрамына кірді. Облыс әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясаты жөніндегі комиссиямен бірлесіп «Бастау» жұмыс тобының 18-ші отырысына қатысты. Аналар кеңесі 28 отбасылық сот отырысына қатысып, нәтижесінде 19 некенің сақталуына мүмкіндік жасап отыр. Сонымен қатар аталған кеңес оқу орындарында «Төзімділік», «Ұлттық тәрбие және ұрпақтар сабақтастығы», «Мектептегі зорлық-зомбылық» тақырыптарында дәрістер өткізеді»-деді өз есебінде. Кеңес төрайымы алдағы жылы да отбасы және ана мен балаға қатысты мәселелерді шешуде көптеген тың идеялардың жүзеге асуын қамтамасыз ететіндерін тілге тиек етті.

Жиын барысында бұдан өзге «Әулие ата» қазақ мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің және облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы, Облыстық ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшесі Трегубова Виктория Вячеславовна және «Айнуры» татар – башқұрт этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Халиков Амир Шавкатович  аймақ басшысы алдында атқарылған жұмыстарына есеп беріп, өз ұсыныстары мен тілектерін білдірді.

Баяндамашылардың есеп беруі аяқталғаннан кейін кезек марапаттау салтанатына да келіп жетті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалі» қоғамдық медалімен Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесі төрағасының орынбасары – Дауызова Сара Манкизқызы және «Жамбыл облыстық өзбек этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Умаров Гулам Мухтарұлы марапатталды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жомарт жан» төсбелгісімен Жамбыл облысы «Немістер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі – Соколовская Ирина Самуилқызы және «Жамбыл облыстық өзбек этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы – Муминов Бахром Тохтасынович  марапатталды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасына Қазақстан  халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жетекшісі – Турдыева Хамида Кахарджанқызы мен «Еңбекші» республикалық салалық кәсіподақ газетінің тілшісі – Перфильева Наталья Николайқызы ие болды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хаты Жамбыл облыстық «Шиват Цион» этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі – Бунин Михаил Вениаминұлы мен «Вайнах» Жамбыл шешен-ингуш мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы – Магомадов Рамзан Сапиұлына бұйырды.

Облыс әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен Қазақстан Республикасы «Барбанг» күрділер ассоциациясының қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары – Айдаров Латиф Амзеұлы, «Жамбыл облысының немістер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті – Гибнер Александр Абрамұлы, «Хазар» әзербайджан этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы – ПойлиевАсабали Ахметұлы, Тараз қаласы өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы – Зайнутдинов Абдурахман Юлдашұлы және Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Ардагерлер кеңесінің төрағасы – Джанабаев Рахмеджан Ергешұлы марапатталды.

Қоғамда белсенділік танытып ел ынтымағына ерекше үлес қосып келе жатқан этнос жетекшілерін марапаттау  салтанатының соңы пікір алмасып естелік суреттерге түсумен аяқталды.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы