Миражапова құттықтау

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ядролық сынақтардан азат әлем үшін чемпион» мәртебесіне ие болғаны менің көңілімді аса қуантып отыр. Бастаманы ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шарты ұйымының атқарушы хатшысы Лассина Зербоның келелі мәселені көтеріп, алғашқы заңды тыйым ретінде ғана емес, сонымен бірге Халықаралық күнді белгілеу үшін маңызды негізге алғанына рахмет!!.
Елбасының арқасында еліміз бүкіл әлемге ядролық қарудан бас тартқан бейбіт өмірдің жаршысы ретінде танылып жатыр. 29 жыл бұрын қабылданған шешімнің жемісін жеп отырғанымыз қазақ елі үшін үлкен мәртебе.
Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың жарылыстардың үнін өшірген Семей сынақ алаңын жабу туралы Жарлығы – еліміздің ең басты жетістігі. Талай «тар жол, тайғақ кешуден» өткен қазақ елімнің көрер жарығы әлі де алдыда екен ғой?! «Ядролық сынақтардан азат әлем үшін чемпион» мәртебесіне ие болған Елбасымызды шын жүректен құттықтай отырып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болса екен деген тілек айтамын! Қазақ елінің ендігі жерде акжарылқап заманда өмір сүретініне кәміл сенемін!!

Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы
Аналар кеңесінің төрайымы
Миражапова Мухаббат Сайдуллаевна