«Мемлекеттік саясаттың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы қазіргі жай-күйі: өңірлік даму ерекшеліктері»

Ағымдағы жылдың наурыз айында Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімінің ұйымдастыруымен Шу ауданында «Мемлекеттік саясаттың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы қазіргі жай-күйі: өңірлік даму ерекшеліктері» тақырыбында аймақтық коучинг өткізілді.

Аймақтық коучинг барысында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Әлеуметтік психология» кафедрасының аға оқытушысы, психология ғылымдарының магистрі Абдрахманова Айгүл Тұрсынбайқызы «Қарым-қатынас және конфликт.» және «Жеке адамдар арасындағы қақтығысу. Конфликтілердің алдын алу жолдары» тақырыптарында семинар-тренингтер өткізді.

Аталған семинарға мемлекеттік қызметкерлер, этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, жастар және ауыл тұрғындары қатысты. Жалпы қатысқандар саны – 60 адам.

Жиын соңында қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға спикер мен тренерлер тиісті жауаптарын беріп, іс-шараны қорытындылады.

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі