«Мемлекеттің мәселесін мемлекеттік тілде айтуымыз керек

«Мемлекеттің мәселесін мемлекеттік тілде айтуымыз керек. Тіліміз бізден басқа ешкімге керегі жоқ. Сондықтан, ең алдымен, өзіміз ана тілімізге құрмет көрсетуіміз керек деп ойлаймын», – деді Мемлекет басшысы телеарнаға берген сұқбатында. Расымен-ақ, дәл қазіргі сәтте тіл мәселесі қоғамда қызу талқыда жүр.

Қазақстан көпұлтты мемлекет. Ендігі кезекте, барлық мемлекет тұрғындарын қазақ тілде сөйлетуді мәжбүрлі жүзеге асыру қажет деген пікірлер айтылып жатыр. Дегенмен бұл тезистің күмән-күдігі басым. Өйткені, өз кәсібін дөңгелетіп отырған қандай да бір этнос үшін қазақ тілін меңгеру қазіргі уақытта тиімділігін туындатты. Тіпті, тілді үйренем деушілерге мемлекет тарапынан қолдаулар көрсетіледі. Бұның барлығы мемлекеттік тілдің дәрежесі биіктігін көрсетіп тұрғандай.

Қорытындылай келсек, мемлекет тарапынан жасалған қолдауларды дұрыс пайдаланып, тіл мәртебесін – көтеру Республика азаматтарының әрбірінің азаматтық борышы.

Айгүл Кабиева, Жамбыл облыстық «Әулиеата»

Қазақ мәдени орталығының төраға орынбасары