Маңызды мемлекеттік құжатты түсіндіру сәттерінен

Біздің өңірде Қазақстан Республикасы президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы” атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және этникалық келісімді нығайту бойынша жұмыстар ұдайы жүргізілуде. Бұл іс-шараға ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен төрайымдары, Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ басшылығы белсенді қатысуда.

Осыған орай, бүгін  2022 жылдың 5 сәуірінде  қалалық № 31 орта мектепте Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ басшысы Парида Мамедованың қатысуымен мектептің педагогтік құрамымен кездесу өтті.

Мектеп қызметкерлеріне Президентіміз Қ.Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған негізгі мәселелер түсіндірілді. Мемлекет басшысының дәстүрлі Жолдауларында, әдетте, басым мақсаттар мен міндеттер қойылады. Бұл жолы саяси реформаларға баса назар аударылды. Кездесу барысында мектеп тағылымын беруші қала педагогтеріне құқықтық тәрбие және көп этностық ортада түсіндіру жұмыстарын жүргізу құқығы, саяси сауаттылық, ұжымдағы және оқушылар арасындағы өзара мызғымас бірлік пен ынтымаққа шақыратын қарым-қатынас мәселелері қозғалды.

Іс-шара соңында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, Мемлекет басшысы қойған міндеттерді талқылады.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

Қоғамдық келісім “КММ

Баспасөз қызметі орталығы