Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт

Жақында Жамбыл облыстық «Дүнген республикалық этномәдени орталығы» РҚБ Аналар кеңесінің алғашқы отырысы өтті.

Шақырылғандардың арасында аталған бірлестіктің өкілдері, Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ басшылығы болды.

Іс-шара барысында алдағы жалпыхалықтық республикалық референдумға, қайырымдылық қызметіне, балаларды тәрбиелеу мен жұмыспен қамтуға, мемлекеттік тілді үйренуге, әлеуметтік желілерде байланысу және т.б. өзекті мәселелер көтерілді.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ басшысы Парида Мамедова өз сөзін алдағы референдумға, ұсынылған конституциялық түзетулерге арнады. Бұдан әрі “Қоғамдық келісім” КММ басшысының орынбасары Сәуле Құрманқұлова дүнген этносының өкілдері өңірдің, этносаралық қатынастардың дамуына қандай үлес қосатынын айтып, “дүнген республикалық этномәдени орталығы” РҚБ Аналар кеңесіне табыс пен жемісті жұмыс тіледі. Сонымен бірге,  “Дүнгендер этномәдени орталығы” РҚБ Аналар кеңесінің төрайымы Сара Даузова да бірлестіктің құрылымы туралы айтып, қойылған мақсаттар мен міндеттерді түсіндірді, сондай-ақ,  “Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт” республикалық маңызы бар жобамен жақын таныстырды. Ол осы орайда бірлестікте жүргізілетін жұмыстың талабы күшті,  бағдарлама бойынша жүйелі болатынынан хабардар етті. Атқарылатын міндеттердің басым бағыттарының бірі –  отбасылық тәрбие, қыздар мен келіндерді тәрбиелеу, дүнген мәдениетін сақтау екендігін де басып айтты. Бұған қоса,  Дүнген этносында мемлекеттік тілді үйренуге және дамытуға, балаларды жұмыспен қамтуға көп көңіл бөлінетіндігі де сөз болды.  Осы бағыттарда қойылған міндеттерді іске асыру үшін педагогтарды ынтымақтастыққа тарту да жоспарда бар.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы