«КОРЕ» Жамбыл облысы кәрістер қауымдастығы этнос күнін атап өтті

Ағымдағы жылдың қараша айындаөңіріміздегі Достық үйінде Жамбыл облысы әкімі аппаратының  «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Жамбыл облысы бойынша «КОРЕ» корейлер қауымдастығыөзінің 25-жылдығын атап өтті.

Бұл мереке Жамбыл облысы корейлері үшін ерекеше маңызға ие. Себебі, әр жыл сайын күз мезгілінде этнос күнін атап өтетін кәріс халқы осы жылы 25 жылдықтарын тойлады.

Салтанатты кешке құрметті қонақтардан  Жамбыл облысының “КОРЕ” корейлер қауымдастығының Вице-президенті Кан Анатолий Лаврентьевич, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ким Ирина Алексеевна, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының мүшесі Ан Антонина Анатольевна, сондай-ақ «Ноиндан» ақсақалдар кеңесі және кәріс этносының өкілдері мен жастары қатысты.

Концертте «Ариран» өнер мектебінің әртістері корей барабандарында өнер көрсетті. Дәстүрлі стильдегі корей музыкалық қойылымы бірінші секундтан бастап көрермендерге мерекелік атмосфера сыйлады.

Шара барысында «Ноиндан» ақсақалдар кеңесінің төрағасы Хе Илья Николаевич құттықтау сөз сөйледі. Ол барлық қатысушыларды осындай айтулы күнмен шын жүректен құттықтап, 25 жыл бойы алған жетістіктері мен нәтижелерін атап өтті. Өз кезегінде «Ноиндан» ақсақалдарының мүшесі Пак Анатолий Иванович кеңес үкіметі кезіндегі этносаралық қатынастар туралы тарихи деректерді егжей-тегжейлі баяндалып, сөз сөйледі. Қазақ жеріне келген сәттен бастап кәрістер тарих шеңберіне кірмегенін, керісінше, өз мәдениеті мен дәстүрлерін сақтап, байытқанын атап өтті.

Жамбыл облысының «КОРЕ» корейлер қауымдастығының Вице-президенті Кан Анатолий Лаврентьевич қонақтарға алғысын білдіріп, сондай-ақ, осы жылы бірлескен күш-жігерміздің арқасында  көптеген мақсаттарға қол жеткізгендігін ерекше атап өтті. Атап айтар болсақ биылғы жылы кәріс этносы «Сэроун Мирэ» кәріс жастарының қозғалысын және «Ариран» өнер мектебінің құрған.

Құттықтау сөзінен кейін мерекелік концерттің салтанатты бөлімі басталды. Бағдарламаға сай кеш барысында дәстүрлі биден бастап замауи биге дейін түрлі би биленді.Сондай-ақ, кәріс этносының ұлттық аспаптарымен түрлі музыкалық шығармалары орындалды. Кештің көркін қыздырған кәріс халқының талантты жастарының асқан шеберлікпен барабанда ойнауларын айтпай кетуге болмас.

Кеш соңында аталмыш этнос өкілдері  кәріс халқының мәдениетіне қызығушылық танытушы қонақтарға алғыс білдіріліп естелік суреттерге түсті.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз орталығы