ЖОБА МЕРКІ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Меркі ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Лугмар Буларов «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» арнайы жобасы аясында кездесу өткізді. Маңызды басқосуға  ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының сектор меңгерушісі Қайрат Баймульдинов, Меркі ауданының прокуроры Е.Әмірхан, «Днепро» Украин мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Федор Клименко, Республикалық Дүнгендер этномәдени бірлестігінің төрағасы Зайнуддин Махусеев, облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келiсiм» КММ басшысының орынбасары Сәуле Құрманқұлова қатысты. Берері мол жиын қатысушыларына өңірімізде жүзеге асырылып жатқан аталмыш жоба таныстырылды. Айтулы жобаның мақсат-міндеттерін түсіндіру барысында ҚХА Төрағасының орынбасары Лугмар Харкиевич мемлекет пен қоғам арасындағы сенім мәдениетін, ұлттық құндылықтарды, ұлтаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтудың маңыздылығы туралы баяндады. Денсаулық сақтау, мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелердің, жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлеріне арналған семинар-тренингтер мен кездесулерде Әділдік пен Жауапкершілік жалпыұлттық құндылығына негізделген жобаның идеологиясына тоқталып, сындарлы диалогтар, ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Жамбыл облысында пилоттық режимде жүзеге асырылып жатқан жоба таныстырылымы ары қарай Байзақ және Т.Рысқұлов аудандарында жалғасын табады.